1. Философия дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде



бет1/11
Дата19.10.2023
өлшемі4,24 Mb.
#186604
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 рк философия 209


1. Философия – дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде.


2. Философияның негізгі мәселесі және оның екі жағы.
3. Философиядағы дүниетаным мәселесі және оның шешілу жолдары.
4. Философиядағы бастама проблемасы және оның шешілу жолдары.
5. Адамзат дүниетанымының даму кезеңдері және оның философияға дейінгі формалары.
6. «Адам – дүние» қатынасы – философияның басты проблемасы ретінде.
7. Философияның объектісі және пәні, олардың көп түрлілігі.
8. Философиялық білімнің бастаулары және негізгі бағыттары.
9. Мифология (әфсана) – дүниеге көзқарастың бастапқы формасы ретінде.
10. Дүниеге діни көзқарас және оның мәні мен сипаты.
11. Философияның негізгі әдістері және олардың ерекшеліктері.
12. Философияның атқаратын қызметтері
13. Философиялық білімнің құрылымы және оның синкретикалық сипаты
14. Сана, оның пайда болуы және мәні: Аристотель, Ибн Сина, Дж. Локк, Шәкәрім.
15. Сана философиялық проблема ретіндегі негізгі әдістері: физикализм, солипсизм, объективті идеализм, байсалды материализм
16. Адам санасының негізгі қасиеттері
17. Бейнелеу және оның түрлері.
18. Сананың детерминанттылығы: саналылық пен бейсаналықтың арақатынасы
19. Сана, ойлау және тіл.
20. Философиядағы бейсаналықтың негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг)
21. Қоғамдық сананың деңгейлері
22. Қоғамдық сананың құрылымы
23. Қоғамдық идеология және қоғамдық психология
24. Саяси сана
25. Құқықтық сана
26. Адамгершіліктік сана
27. Діни сана
28. Эстетикалық сана
29. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыру аясындағы ұлттық сана.
30. Онтология - болмыс туралы ілім ретінде.
31. Философия тарихындағы болмыс мәселесінің зерттелу тарихы мен ерекшеліктері: Платон, Аристотель, Ибн Рушд, Р.Декарт, М. Хайдеггер
32. Болмыс және оның негізгі формалары.
33. Материя туралы ғылыми-философиялық ұғымның қалыптасуы.
34. Материя және қозғалыс. Қозғалыстың түрлері.
35. Материяның негізгі формалары (бейорганикалық, органикалық, әлеуметтік)
36. Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүру формалары ретінде.
37. Диалектика - байланыс пен даму туралы теория ретінде. Диалектика туралы идеялардың дамуының негізгі кезеңдері.
38. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.
39. Диалектиканың категориялары және олардың қолданылуы.
40. Эпистемология - таным теориясы ретінде.
41. Таным философиялық талдаудың пәні ретінде
42. Сезімдік таным және оның формалары.
43. Рационалдық таным және оның формалары.
44. Дүниені тану мәселесі : гностицизм, скептицизм және агностицизм. Танымның мәнісі мен мағынасы.
45. Таным теориясындағы ақиқат мәселесі.
46. Практика - танымның негізі, ақиқаттың өлшемі.
47. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.
48. Эмпирикалық зерттеу әдістері.
49. Теоретикалық зерттеу әдістері.
50. Ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері.
51. Ғылым әлеуметтік институт ретінде
52. Қазіргі заман ғылымының даму перспективалары.
53. Ғылымдардың жіктелуі. Сциентизм және антисциентизм.
54. Философиялық антропологияның жалпы сипаттамасы (М. Шеллер, Х. Плесснер, А. Гелен).
55. Адам философиялық талдаудың объектісі ретінде: Шығыс дәуірінен қазіргі заманға дейін.
56. Философия тарихындағы адам проблемасы: космоцентризм, теоцентризм, индивидуализм, антропосоциогенез.
57. Адам - индивид, индивидуалдылық, жеке тұлға ретінде.
58. Адамның дүниеге келу мәселесі (антропогенез).
59. Адам табиғатындағы биологиялық пен әлеуметтілік. Панбиологизм және пансоциологизм концепциялары.
60. Адамның шығу тегі: негізгі концепциялар.
1.Философия дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде
Философия- ол қоғамдық сананың формасы адамның дүниеге қатынасы туралы,болмыс пен танымның жалпы заңдары туралы ғылым.Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау — эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi.Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады. Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дк-сезiмнен,нанымнан,танымнан тұрады. Оның құрамына бiлiм;сенiмдер мен нанымдар, құндылықтар мен ережелер; эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi.
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.[1]
Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады.
2.Философияның негізгі мәселесі және оның екі жағы
Философияның негізгі сұрағы – ойдың болмысқа, болмыстың ойға қатысы туралы сұрақ. Негізгі сұрақтың екі жағын айқындауға болады:
1 жағы – онтологиялық (болмыстық) жағы – ненің алғашқы екендігін шешу: материя ма, әлде сана ма?
2 жағы – гносеологиялық (танымдық) жағы төменгі сұрақты шешуге байланысты туындаған – дүниені танып білуге бола ма, әлде болмай ма?
Негізгі сұрақтардың жауабына байланысты философияның бағыттары анықталады: материализм, идеализм, дуализм.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет