1. Философия дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде



бет3/11
Дата19.10.2023
өлшемі4,24 Mb.
#186604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 рк философия 209

Интернет.:
11.ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЕКІ ӘДІСІ БАР:
ДИАЛЕКТИКА
МЕТАФИЗИКА
Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-біріне айналады. Демек диалетикалық әдіс жалпы байланыс, даму салаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.
Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.

Диалектика мен метафизика әдістері XVII-XVIII ғасырларда пайда болған механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғасырдың ортасында пайда болған диалектикалық материализмде нақты көрініс тапты.


12. Философияның атқаратын қызметтері.


Жалпы, кезкелген ғылымның қоғамда атқаратын қызметтері, функциялары болады. Егер ол қоғамда ешқандай қызмет атқармайтын болса, онда ол ғылым дамымайды. Сондықтан , философияның негізгі қызметтерін білген жөн. Оларға ең бірінші –
Көзқарастың
Гносеологиялық, яғни танымдық деп те айтады
Методологиялық, яғни әдістемелік
Теориялық
Әлеуметтік
Идеологиялық
Тәрбиелік
Аксиологиялық, құндылықтық қызмет
Сыни функция.

13. Философиялық білімнің құрылымы және оның синкретикалық сипаты


Жалпы, біз білеміз философия бөлімдерін 4 ке бөліп қарастырамыз. Онкология, гносеология, қоғам және адам. Мына қоғамға қатысті мәселемен әлеуметтік философия, адамға қатысты мәселемен философиялық антропология айналысады. Сондай-ақ, қай ғылымның өзінің философиясы болады. Яғни, ғылым бір күнде пайда болмайды, бір күнде жойылып кетпейді сол сияқты бір күнде толықпайды. Яғни, ғылымның бастауы бар, бүгіні бар,болашағы бар. Осылардың бәрін сол ғылымдардың тарихы деп есептейді. ОСыдан келіп тарих философиясы, философия тарихы дегендер шығады, сондай-ақ кезкелген ғылымның философиясы ол ғылымнын дамуы бар, танылуы, танытуы бар осылардың барлығы философия құрылымын құрайды, Сонымен қоса философиялық білімі құрылымын тарих философиясы, философия және ғылым метологиясы, логика, этика, эстетика, аксиология, мәдениет философиясы, құқық философиясы сияқты ғылымдар құрайды.
Интернет; 13.Философиялық білімнің құрылымы – 1) онтология, 2) гносеология, 3) логика, 4) методология, 5) этика, 6) эстетика, 7) психология, 8) әлеуметтану, 9) философия тарихы.
1,Онтология (грекше ontos – болмыс) жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім. Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.
2.Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай деген сияқты мәселелерді зерттейді. Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик – И.Кант.
3.Логика (Қисын) – (грекше logis – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар – диалектикалық, математикалық, формальді.
4, Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.
5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адагершілік жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.
6) Эстетика (грекше aisthetikos– сезіну) – адамның дүниені эстетикалық немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары – әсемдік пен ұсқынсыздық.
7) Психология (грекше psyho – жан) – адам жаны мен психикасы туралы ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-әрекет, энергопотенциал, т.б.
8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.
9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста аяқталады».

14. Сана, оның пайда болуы және мәні: Аристотель, Ибн Сина, Дж.Локк, Шәкәрім.


Негізінен сана осы философия ғылымында баста қарастырылатын мәселе болып табылады. Және оның шығу тегі туралы да мәлеметтер көп, соларды жинактай келе философия ғылымында сананың шығу тегінің 3 түсінікті қарастырамыз:
1. Ғарыштық немесе Құдайдан
2. Сана барлық тіршілік иелеріне тән,
3. Сана тек адамға ғана тән
Бұл жерде сана барлық тіршілік иелеріне тән деген біздің ғылыми түсінікке де, өмірдегі тәжірибелерімізгеде сәйкес келе бермейді.Егер сана барлық тіршілік иелеріне тән болатын болса, онда мына біз көріп жүрген жан жануарлардың, тіршілік иелерінің бәріне сана тән деуге болмайды,себебі саналы адамдар олардың жасап жүрген істерін жасамайды. Ал сана тек қана адамға тән деген ұғым қазіргі таңда философияда басым болып келеді. Санаға анықтама берер кезде көптеген анықтамалар шығады. Ұзында, қысқа да анықтамалар беріліп жатады, бірақ санаға берілген ең нақты, әрі қысқа анықтама
«сана – объективті дүниенің субъективті образы» ал оны толықтырып жеткізетін болсақ, Сана – объективтік шындықты бейнелейтін жоғарғы ұйымдасқан материя – адам миының функциясы, қасиеті. Ол – объективтік дүниені психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Содықтан сана адамға ғана тән, ол қоршаған дүниені жоғары формада бейнелейді; жоғары ұйымдасқан материяның функциясы(материя дегеніміз адам миы); қоғамдық-экономикалық дамудың нәтижесі.
Интернет: Философиядағы сана мәселесінде сананың қалыптасуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Солардың бірі сананың космостан (не құдайдың ақылынан) пайда болды деген көзқарас. Сана барлық тірі организмдерге тән немесе сана тек адамның қасиеті. Сана космостан (құдайдың ақылынан) пайда болғаны туралы көзқарас: монадалар теориясы (монадология) - Лейбниц негізін салды, Даниил Андреев оны ары қарай дамытты. Дүниеде бөлінбейтін және мәңгілік монадалар бар — алғашқы рухани бастамалар,олар сананың негізі; Шарден теориясы, бұл теория бойынша сана— адамнан тыс мән, материяның "ішкі түрі", "миы"; Толбет теориясы, бұл теория бойынша Әлем— гиганттық ақыл, сана—материяны жасайтын өзара өрістердің нәтижесі; Гилозоизм теориясы, бұл теория бойынша барлық материяның (тірі, өлі табиғат) жаны бар, табиғаттың жаны бар болуы — материяның қасиеті.

15. Сана философиялық проблема ретіндегі әдістері: физикализм, солипсизм, объективті идеализм, байсалды материализм.


Жалпы сананың мәнін тарихи тұрғыда түсіндірудің 4 жолы бар.
Физикализм - сананың барлық негізі, қасиеттері мен ерекшеліктері физикалық дене ретінде миға байланысты, Бұл шектен тыс шыққан материалистік түсінік. Бір сөзбен айтқанда сананы материалды деп қарайды
Солипсизм – сана объективті дүниедегі бір ғана реальдылық, басқалары оның туындысы. Бұны философия тарихында субъективті идеализм дейді. Ол сол идеядан санадан барлық әлемді туындатады.
ОБъективті идеализм – сананың да, материяның да бар екенін мойындайды, бірақ адам санасынан тыс әлемдік сана, абсолюттік идея бар , сол бәрін басқарады , сол барін қозғалысқа келтіреді деген ұғым.
Байсалды немесе ұстанымды материализм – жоғары ұйымдасқан материяның ерекшек функциясы, өзін-өзі бейнелеу. Мыне казіргі ғылымда осы материализмді басшылыққа алады. Өйткені, бұл жерде сананы материалды дегеннен көрі ол материяның ерекше формасы мидың функциясы, оның өлімі емес функциясы деп карастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет