Танымдық процестер және тұлға психологиясы



бет1/3
Дата08.06.2018
өлшемі0,53 Mb.
#42124
  1   2   3

ТК ОБ 042 – 18.1.114 / 01-2016

№1 басылым

беттің - шісі



Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ТК ОБ


042 – 18.1.114 / 01-2016

Таңдау компоненті

пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар


Басылым № 1

08.09. 2016ж




Танымдық процестер және тұлға психологиясы

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

(5В050300 «Психология» мамандықтарына )





Семей-2016


Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәріс сабақтары

  3. Тәжірибелік сабақтары

  4. Студенттердің өздік жұмыстары

1 ГЛОССАРИЙ


  1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.

  2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

  3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.

  4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.

  5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.

  6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

  7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.

  8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.

  9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.

  10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.

  11. Жеке тұлға - әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.

  12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  14. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.

  17. Экстриоризация - әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.

  18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.

  19. Символ – белгі.

  20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.

  21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

  22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.

  23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.

  24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.

  25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

  26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.

  27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.

  28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.

  29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

  30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.

  31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.

  32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.

  33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.

  34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

  35. Интероверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.

  36. Экстраверт – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.


2. ДӘРІСТЕР КУРСЫ

Тақырып. Түйсік және таным

  1. Түйсік, түйсіктің физиологиялық негізі.

  2. Түйсіктердің негізгі түрлері.

  3. Түйсіктердің заңдылықтары.

  4. Түйсіктің қасиеттері..

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын т б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Сөйтіп, қабылдау – бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.

И.П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Анализатор уш бөліктен құралады:



    • рецептор сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырап отыратын жер;

    • миға баратын жүйке талшықтары, олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады;

    • мидағы түрлі жүйке орталықтары, олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.

Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды.

Түйсіктердің түрлерін үш топқа бөлуге болады.



  1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстерорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.

  2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интерорецептор деп айтады.

  3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұнын рецепторы проприорецептор деп аталынады.


Тақырып 2. Түйсіктің негізгі қасиеттері мен түрлерінің адам өміріндегі мәні. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары:

    • Сезгіштік және табалдырық.

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті абсолюттік, айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік сезгіштік түйсік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Мысалы, біреу алақанындағы салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу салмақты алты грамнан бастап сезеді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек.

    • Адаптация.

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді. Адаптация құбылысы сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қаранғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын тұғызады.

    • Сенсибилизация.

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының, төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылыды. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мысалы, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады.

    • Синестезия.

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін.

    • Бір ізді бейнелер.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Мысалы, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады.
Тақырып. Қабылдау және түрлерінің қызметі.

  1. Қабылдау туралы түсінік

  2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

  3. Кеңістік пен уақытты қабвлдау

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері:

- Қабылдаудың тұтастығы.

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

- Қабылдаудың мағыналығы.

Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. Қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады.

- Қабылдаудың таңдамалығы.

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамалығы делінеді. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның фоны болады.

- Қабылдаудың константылығы.

Қабылдаудың константылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдауын айтады. Мысалы, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді.

- Қабылдаудағы иллюзия.

Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында жиі кездеседі. Көру иллюзияларына контраст, перспектива, заттың жоғары жағын артық бағалау т. б. иллюзиясы жатады. Мысалы, перспектива иллюзиясы: айталық үш бағананың биіктігі бірдей, ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегесі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен , нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса – үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса – кішірейіп көрінеді. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет.

- Апперцепция.

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы салдарынан жаңсақ пікірлер туғызады.

Кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары.

Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін қабылдау деген сөз. Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлумат бере алмайды. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше.

Уақытты қабылдау сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа келіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады: уақыттың ритмі – құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір ізділігі; уақыт темпі – құбылыстардың бір ізділігінің, тездігінің не баяулығының көрсеткіші.



Тақырып. Қабылдаудың қасиеттерінің ерекшеліктері.

Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары.

Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін қабылдау деген сөз. Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлумат бере алмайды. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше.

Уақытты қабылдау сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа келіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады: уақыттың ритмі – құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір ізділігі; уақыт темпі – құбылыстардың бір ізділігінің, тездігінің не баяулығының көрсеткіші.



Қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндег1 сөздерге жаксы, толык түсінетіндіктен ғана оларды толық кабылдай алады. Заттар мен құбыдыстардьң мағынасын түсінудің карапайым түрі — тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай жэне даралап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық, қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Толып жаткан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудыц таңдамалылығы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқьш кете береміз. Егер кітапта "университет" деген сөз "унверситет" деп қате жазылса да, біз оны "университет" деп дұрыс оқимыз. Кітап окығанда оның мазмұнына ерекше кеңіл бөлінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей калады. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шұқшия көз салған жағдайда (мэселен, корректорлар) текстің мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып коятын кездері болады.

Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін қасиеттерін, керек жақтарын ғана кабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, казірде істеп жатқан әрекетімізге қажет қызықтыратын, кажетімізге жарайтын нэрселер больш табылады.

Қабылдаудың таңдамалылығы әр түрлі объективті жэне субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық көңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.

Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады да, қалғандарының жауабы жөнді еленбейді. Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның фоны болады. Сөйтіп, аса зейін қойған зат әр кезде фигура болады да, оның айналасындағы қоршау фон болып есептелінеді. Осылайша түрлі жағдайда әркімнің өзінше қабылдауы көбінесе адамның мамандығына да байланысты. Мәселен, суретші алдымен екі профильге назар аударса, мұражай қызметкері бірден вазаны көреді.

Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір - біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып кабылдана береді. Жарықтың түрлі әсерінен көмір: бірде қара, бірде сұрғылт болып кабылданады. Мұның бәрі көру анализаторында турліше бейнеленеді. Осы заңдылық тұрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастьң арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол калпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция — сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге енгізеді.

Қабылдаудағы иллюзия.

Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.

Иллюзия — латып сөзі казакша алдану деген магынаны білдіреді

Турлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай кұйылған стаканға салынған қасыктың "сынған" құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жансақ пікірлер адамның. әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты.

Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген. Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі. Бұл көбінесе заттардьң кеңістікте орналасу жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады. Көру (оптика) иллюзияларына: контраст, перспектива, кашыктык, заттын, жоғары жағын артық бағалау, түзу кесіндінің ығысу иллюзиясы т. б. жатады. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайык,-Айталык, үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның, себебі — нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса кішірейіп көрінеді. Тәжірибе арқылы тексеріп көру – қабылдаудың дұрыстығының бірден бір өлшемі.

Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардын жалған, теріс бейнелері – галлюцианациялардан ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қаблеті кемиді де, есі кіресілі шығасылы болады.

Бұл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл аурулардан психиатр – дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай (бұл жүйкенің патологиясы) галлюцинациялық бейнелер пайда болады.



Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен “түбір” деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін.

Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты. Білім адамның ойын терендетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан – жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білімі, тәжірбиесі молая түседі, дүние танымы қалыптасады. Бұл оның апперцепциясының өзгеруіне әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет