149
Екі адам оқитын дәріс
– бұл екі оқытушының диалогы
барысында материалды проблемалық жолмен ұсынудың түрі.
Теориялық және практикалық сұрақтарды талқылаудың шынайы
кӛрінісін екі оқытушы (мысалы, түрлі ғылыми мектептердің
ӛкілдері, теоретик және практик, қорғаушы немесе қарсы шығушы)
модельдейді. Оқытушылардың диалогы пікірталас жүргізу
мәдениетін кӛрсететіндей болуы керек, пікірталасқа студенттерді
қатысуға, ӛз пікірін дәлелдеуге, сұрақ қоюға итермелейтіндей
болуы керек. Артықшылықтары:
1.
диалогты түсініп, оған қатысу үшін студенттерде бар білім
ӛзектілікке иеленеді;
2.
проблемалық ситуация туындайды, дәлелдер жүйесі
белгіленеді және т.б.;
3.
екі ақпарат кӛзінің болуы түрлі пікірлерді салыстыруға,
таңдау жасауға, ӛз кӛзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
4.
пікірталасты жүргізу мәдениеті жайында кӛрнекі түсінігі
қалыптасады;
5.
педагогтың кәсібилігі айқындалады түседі, оның тұлғасы
танылады.
Достарыңызбен бөлісу: