169
Бақылау жұмысы титульдық беттен, жоспардан, сұрақтар тізімі
мен тапсырмалардан құралады. Сұрақтар берілген жауаптар ӛте
нақты,
қисынды,
тақырыпқа
сәйкес,
қорытындылармен,
жалпылаумен, ӛзіндік бағамен берілуі тиіс. Бақылау жұмысының
соңында әдебиеттер тізімі кӛрсетіледі.
Реферат.
Реферат (лат. тілінің «refero» – хабарлаймын) –
ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама ретінде немесе жазбаша
түрде беру. Бұл студенттердің ӛзіндік ғылыми зерттеу жұмысы.
Мұнда студенттердің қарастырған мәселелерінің мән-мағынасы
ашылады, материал проблемалық сипатта баяндалады, әртүрлі
кӛзқарастар келтіріледі, сондықтан ол мәселеге ӛзінің жеке
кӛзқарасын білдіреді. Реферат кӛлемі 1,5 интервал арқылы
жазылған 5-15 бетті қамтиды.
Реферат тақырыбын таңдамас бұрын ӛзіңізді қандай мәселе
қызықтыратынын анықтап алу керек. Реферат жұмысын бастамас
бұрын жоспар құрып, әдебиеттерді таңдап алған жӛн. әуелі оқу
бағдарламасында ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, сонан соң
ақпараттың қайнар кӛзін кеңейтуге болады, жаңа ғылыми
ақпараттар беретін арнайы журналдар пайдаланылады.
Реферат құрылымы және безендірілуі:
титулдық бет;
жоспар;
кіріспе;
негізгі бӛлім;
қорытынды;
әдебиеттер тізімі.
Рефератты ӛңдеуде 8-10-нан кем емес әр түрлі әдебиеттер
пайдаланылады. Кесте, график, сызба енгізуге болады.
Рефератты бағалау:
тақырыпқа мазмұнның сай келуі;
материалдың ӛзектілігі;
әдебиеттерді дұрыс және толық пайдалану;
рефераттың безендірілуі.
Оқытушының шешіміне байланысты реферат семинарда
қарастырылуы мүмкін немесе оқытушы мен студенттердің
арасында жеке талданады.
Достарыңызбен бөлісу: