197
жылдарынан еуропалық елдерде бір ЖОО-нан екіншісіне білім
алушының ауысуы кезінде сынақ бірліктерін белгілеу мен
салыстыруға қолданды. Одан кейінгі кредиттік жүйенің дамуы
әлемдегі жетекші елдердің министрлерінің Сарбон мен Балон
декларациясын үлкен масштабтағы студенттер мобильдігін қолдау
құралы ретінде қабылдауымен жүзеге асты.
Кредит (сredit, credit-hour) - латын тілінен аударғанда «сену»,
«сенім» дегенді білдіреді. Кредиттік технологияда оқыту
жүйесіндегі кредит -тындаушының, оқытушының оқу жұмысы
кӛлемінің ӛлшем бірлігі. Бұл кредит академиялық кезең
ағымындағы тыңдаушының апталық аудиториялық жұмысының
бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциялық, практикалық
(семинарлық) және студиялық сабақтың академиялық сағаты
міндетті түрде студенттің ӛзіндік жұмысының (СӚЖ) 2 байланыс
сағатымен (100 минут) толықтырылады
Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз - жеке оқу жоспарын
студенттің тікелей араласуымен, жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр
студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін
таңдауына, әр студенттің және оқытушының кредит бойынша
еңбек шығынын есептеуге негізделген білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары базалық білім
стандартында «кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттердің
оқытушының басшылығымен жүргізетін ӛз бетінше жұмысы -
аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізетін оқытудың түрі», -
деп атап кӛрсетілген.
Кредиттік оқыту жүйесі бірізді емес оқыту жүйесіне жатады.
Бірізді емес оқыту жүйесіне - оқу үрдісін жекелей жоспарлау
арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі кіреді. Ал, бірізді оқыту
жүйесі деп (линейная система обучения) - оқытудың логикасына
сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы пәндерді
жүйелі түрде берілген сағаттық кӛлем негізінде белгілі уақытта
оқытуды айтады.
Достарыңызбен бөлісу: