Стратегиялық жоспарлаудың маңызды



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#89698
Байланысты:
Сөж 1



Стратегиялық
жоспарлаудың маңызды
белгілері


Стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған əрекеттер
мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі
үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті
құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан
енгізілгендерді жеткілікті дəрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды:
ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру жəне
ұйымдық стратегиялық болжамдау


Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік
белгілері.
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар
тұжырымдайды, жəне жасайды, алайда оны жүзеге
асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы
көзделеді.
2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл
корпорацияның болашағы үшін жасалады.
3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен жəне
нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі əлемдегі
бизнесмен тиімді бəсекелесу үшін, фирма сапа, рынок,
бəсеке жəне басқадай факторлар туралы толып жатқан
ақпаратты ұдайы жинауы, əрі талдауы тиіс.
4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын,
дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір
жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы
тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда
жетілдіруді жəне қайта бағыттауды жүзеге
асыратындай икемді болуы тиіс.


Стратегиялық жоспар мəні – белгісіз
болашақ жəне ішкі, сыртқы тұрақты
өзгерістер жағдайында, ұтымды
мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз
құбылыстарын жеңе отырып нақты
қойылған мақсатқа жетудің магистралды
(басты) даму жолын, қызметтерін жəне
іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл
жоспарлау үкімет басқару, атқару
органдарының экономиканы реттеу,
оның макроэкономикалық,
микроэкономикалық тұрақты дамуын
қамтамасыз етудегі басты
құралдарының бірі десек қателеспейміз.


Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар ағымдағы
əлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауына, даму
тенденцияларының эксперттік бағалануына, болжамдық
есептеулерге негізделіне отырып төмендегідей
жағдайларды анықтауға міндетті:
· Болашақ даму мақсаттар мен міндеттер жүйесін;
· Халық шаруашылығының маңызды басым бағыттары мен
олардың іске асырылу кезеңдерін;
· Экономика өсуінің мүмкін қарқынын жəне негізгі
макроэкономикалық пропорцияларды;
· Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;
· Ресурстық күштерді жəне олардың тиімділігін, пайдалану
бағыттарын;
· Сыртқы жəне ішкі экономикалық саясаттың негізгі
бағыттарын;
· Шаруашылық жүйесіндегі негізгі институционалдық
өзгерістерді;


Стратегиялық жоспарлау процесінде
басқарушылық қызметтің 4 түрі
көрініс алады
1) ресурстарды бөлу, олар үнемі
шектеулі;
2) ресурстарды пайдалануды
бағалау;
3) сыртқы ортаға бейімделу;
4) кəсіпорын қызметтері мен
құрылымдық бөлімшелерін үйлестіру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет