1-тапсырма
. «ҚҰРЛЫҚТЫҢ АУДАНЫ»
Төменде Антарктиданың картасы бейнеленген.
39
«ҚҰРЛЫҚТЫҢ АУДАНЫ».
Сұрақ:
Осы картаның масштабын пайдалана отырып, Антарктиданың ауданы
жобамен неге тең екенін анықтаңдар.
Құрлықтың ауданын есептеуді сіз қандай жолмен тапқаныңызды
түсіндіріңіз және өз есептеулеріңізді келтіріңіз. (Жауапты табу үшін осы
картаны пайдалануға болады, мысалы, өзіңізге қажетті сызықтар мен
салуларды жасауыңызға болады).
Тапсырманың орындалуын бағалау.
Іс-әрекет: құзыреттіліктің екінші деңгейі (есепті шығару үшін
байланыстар орнату және ақпараттарды біріктіру)
Мазмұны: кеңістік және пішін
Ахуал: дербес
(Төменде келтірілген бағалаулар дұрыс шығару әдісі мен дұрыс жауапқа
есептеп берілген. Кодтың екінші цифры түрлі шығару әдістерін белгілейді).
2(1) коды: Бағалау осы құрлыққа сырттай сызылған шаршы немесе тік
төртбұрыштың бейнелеу арқылы жасалған. Ауданның мәні 12 000 000 кв. км.-
ден 18 000 000 кв. км.-ге дейінгі аралықта көрсетілген (өлшем бірліктерін
көрсету міндетті емес).
2(2) коды: Бағалау осы құрлыққа сырттай сызылыған дөңгелекті бейнелеу
арқылы жасалған. Ауданның мәні 12 000 000 кв. км.-ден 18 000 000 кв. км.-ге
дейінгі аралықта көрсетілген.
2(3) коды: Бағалау осы құрлықтың ауданы бөлінген бірнеше стандартты
геометриялық фигуралардың аудандарын қосу арқылы жасалған. Ауданның
мәні 12 000 000 кв. км.-ден 18 000 000 кв. км.-ге дейінгі аралықта көрсетілген.
2(4) коды: Бағалау (12 000 000 кв. км.-ден 18 000 000 кв. км.-ге дейін) басқа
дұрыс әдіс арқылы жасалған.
40
Жауаптар:
-
Құрлыққа сырттай сызылған үлкен тік төртбұрыш бейнеленген және
оның ауданынан құрлықтың өзімен толықтырылмаған бөліктерінің аудандары
шегеріледі.
2(5) коды: Дұрыс жауабы (12 000 000 кв. км.-ден 18 000 000 кв. км.-ге
дейін) берілген, бірақ шығарылу жолы келтірілмеген.
(Бұл кодтар дұрыс әдіс пайдаланылған, брақ дұрыс емес немесе толық емес
жауабы берілген жауаптарға арналған. Кодтың екінші цифры шығарудың
әртүрлі әдістерін білдіреді).
1(1) коды: Бағалау бір шаршыны немесе тік төртбұрышты бейнелеу
арқылы жасалған. Дұрыс әдіс пайдаланылған, бірақ дұрыс емес немесе толық
емес жауап берілген.
Жауаптар:
-
тік төртбұрыш бейнеленген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,
бірақ бұл арада жоғарыда келтірілген мүмкін болатын жауаптарға жатпайтын
жауап көрсетілген (мысалы, 18 200 000).
-
тік төртбұрыш бейнеленген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,
бірақ бұл арада жауабында нөлдер саны дұрыс көрсетілмеген (мысалы, 400·350
= 140 000).
-
тік төртбұрыш бейнеленген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,
бірақ бұл арада оқушы сантиметрді квадрат километрге аудару үшін масштабты
пайдалануды ұмытып кеткен жауабы көрсетілген (мысалы, 12см·15 см = 180).
-
тік төртбұрыш бейнеленген және ауданы 4000 км·3500 км-ге тең деп
көрсетілген. Бірақ одан әрі шығарылуы көрсетілмеген.
1(2) коды: Бағалау бір дөңгелекті бейнелеу арқылы жасалған. Дұрыс әдіс
пайдаланылған, бірақ дұрыс емес немесе толық емес жауап берілген.
1(3) коды): Бағалау бірнеше стандартты геометриялық фигуралардың
аудандарын қосу арқылы жасалған. Дұрыс әдіс пайдаланылған, бірақ дұрыс
емес немесе толық емес жауап берілген.
1(4) коды: Бағалау басқа дұрыс әдіс арқылы жасалған, бірақ бірақ дұрыс
емес немесе толық емес жауап берілген.
Жауаптар:
-
құрлыққа сырттай сызылған үлкен тік төртбұрыш бейнеленген және оның
ауданынан құрлықтың өзімен толықтырылмаған бөліктерінің аудандары
шегеріледі.
0(1) коды: Ауданның орнына периметрі есептелген.
Жауаптары:
-
«масштабы 1000 км-ге тең болғандықтан 16000 км, онда картаны айнала
16 рет айналып шығуға тура келеді».
0(2) коды: Басқа дұрыс жауап.
Жауаптары:
-
«16000 км (ауданды есептеу тәсілі келтірілмеген және жауаптың өзі
дұрыс емес)».
Жауаптарды бағалаудың қорытынды кестесі.
41
Төменде келтірілген кесте кодтардың арасындағы арақатынасты
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |