6.5 Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту процесінің мазмұны, түрлері, құралдары Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің мәнін тұтастай
аша отырып, біз оқыту процесінің мазмұнын, түрлерін, әдістерін,
құралдарын, нәтижелерін ашпауымызға болмайды, себебі олар оның
мазмұндық, амалдық-әрекеттік, бақылаушылық-реттеушілік және
бағалау-нәтижелілік компоненттері. Бұл компоненттердің ауқымдылығы
мен маңыздылығы, мектепке дейін білім беру ісінің болашақ
педагогтарының терең ойлануының қажеттілігі бұл проблематикаға
лекциялық және практикалық сабақтарда арнайы тақырыптар арнауға
себеп болды. Бұл лекцияда біз оқыту процесінің барлық құрылымын
жүйелі және толық түрде қамту үшін компоненттерді тезис түрінде
береміз.