Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Оқыту процесінің мазмұндық компоненті



Pdf көрінісі
бет101/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   187
Оқыту процесінің мазмұндық компоненті 
– білім беру 
мазмұны. И. Я. Лернер бойынша, бұл білімнің, біліктің, дағдылардың, 
шығармашылық әрекет тәжірибесінің және дүниеге эмоционалдық-


97
біртұтас қарым-қатынастың педагогикалық бейімделген жүйесі. 
Бұларды меңгеру мәдениетті жаңғыртуға және дамытуға дайын жан-
жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Білім беру мазмұнының
анықтамасында 
әлеуметтік тәжірибе 
компоненттеріне
сәйкес келетін оның құрылымдық компоненттері 
көрініс табатындығын атап көрсетеміз. Сонымен, білім беру мазмұны 
өзі де дидактикалық тұрғыда бейімделген жүйе. Әлеуметтік тәжірибе 
компоненттерінің мазмұнынан білім берудің белгілі бір кезеңінде 
адамның дамуы үшін қолжетімді және қажетті білім, тәжірибе негіздері 
таңдалып алынады. 
Мектепке дейін білім беру процесінде балалар әлеуметтік 
тәжірибенің өздерінің толыққанды дамуы үшін қажетті құрамын 
меңгереді. Мектепке дейінгі білім мазмұнын меңгеру процесінде бала-
лар бұл жас кезеңінде:
- балалар айналасындағы дүние, өзі, басқа адамдар жөнінде
жүйеленген түсінік алады;
- іс-әрекет тәсілдерін меңгереді (қарым-қатынас білігі мен 
дағдылары, өзіне-өзі қызмет көрсету, ойын, танымдық, еңбек, қозғалыс 
және т.б.);
- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін алады – өмірдің әртүрлі 
қалыпсыз жағдайларында бар білімін, білігін, дағдыларын қолдана білу 
тәжірибесі;
- өзіне, айналасындағыларға, алғашқы құндылық қарым-
қатынастар, тұлғалық қасиеттер, мінез-құлық негіздері, өзін-өзі көрсету 
тәжірибесі қалыптасады.
Мектепке дейінгі білім мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпы 
міндетті стандартымен реттеледі және мектеп жасына дейінгі балалар-
ды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларында көрініс табады.
Сонымен, оқыту процесінің мазмұндық компонентінің мағынасы 
- балалардың физиологиялық, психологиялық және жеке ерекшеліктері 
тұрғысынан меңгеру үшін қолжетімді әлеуметтік тәжірибе мазмұнын 
меңгеруінде.
Оқытудың амалдық-әрекеттік компоненттері - бұл балаларды 
оқытудың әр кезеңінде мектепке дейінгі мекеме педагогының пайда-
ланатын формаларының, әдістерінің және құралдарының жүйесі. Осы 
ішкі құрылымдар ғана оқытудың динамикасын, процессуалдығын, 
ықпалдылығын қамтамасыз етеді. Қысқаша осы құраушыларды 
сипаттайық.
Форма - іс-әрекеттің сыртқы көрінісі. Ол педагог пен баланың 
7–7463


98
өзара әрекеттестік ерекшеліктерін сипаттайды, дидактикалық 
қарым-қатынастар жүйесін анықтайды. Педагогикада оқытуды 
ұйымдастырудың формалары жалпы және нақты болып бөлінеді.
Оқытудың жалпы түріне даралап, топтық, ұжымдық түрлері жата-
ды. Бұл түрлер оқыту процесіне бір мезгілде қатыстырылған балалардың 
санымен анықталады. Даралап оқыту түрі көне дәуірлерден бері келе 
жатыр және бірқатар Европа елдерінде 18 ғасырға дейін сақталды. 
Оның мәні бала қандай да бір тапсырманы өздігінен немесе үлкендердің 
көмегімен орындайтындығында. Оқытудың мұндай түрінде барын-
ша сенімдік қарым-қатынас іске асады; баланың жеке ерекшеліктерін 
ары қарай зерттеу мүмкіндігі мен оны есепке алуға қол жеткізіледі; 
оқытудың мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, қарқыны даралана-
ды. Баланың жетістіктері мен кемшіліктері үлкендердің көз алдында 
болады, ол оқыту процесіне тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. 
Бұл түрдің кемшін жағы сол, мұнда құрбыларымен өзара әрекеттестік 
және серіктестік болмайды, бұл баланың әлеуметтенуіне кері әсер 
етеді; топпен жұмыс істеу білігі қалыптаспайды. Оқытудың топтық 
түрі бір дидактикалық мақсатқа біріктірілген бір педагог пен бірнеше 
оқушының өзара әрекеті түрінде ұйымдастырылады. Ал бұл түрдің 
пайдалы жақтары: дамуы әртүрлі және бірдей деңгейдегі балаларды бір 
немесе әртүрлі жастағы балалардан топ ұйымдастыру мүмкіншілігінің 
болуы; даралап оқытуды осы сәттегі педагог үшін маңызды белгілеріне 
қарай (оқу материалын меңгергендік дәрежесі, темперамент типі, жасы 
және т.б.) саралау арқылы ұйымдастыру.
Оқытудың ұжымдық түрі педагогтың бір мезгілде барлық 
балалардың тобымен жұмыс ұйымдастыруы және сабақта оқытудың 
жалпы білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары көзделеді. 
Сонымен бірге біріккен ұжымдық іс-әрекет барысында оқытуды дара-
ландыру тәсілдері қарастырылады.
Мектепке дейінгі оқытудың нақты түрлеріне сабақ, экскурсия-
лар, дидактикалық ойындар, баламен жеке жұмыс істеу жатады. Сол 
сияқты біз бала іс-әрекетінің барлық түрі оның күнделікті өмірі оларды 
оқытудың табиғи түрі, олардың әлеуметтік тәжірибе жинауы екендігін 
атап көрсетуіміз керек. Мектепке дейінгі мекеменің уақытпен шектел-
ген оқу-таным іс-әрекетінің жетекші түрі - сабақ, оның барысында білім, 
білік, дағды, шығармашылдық, қарым-қатынас жүйелері қалыптасады, 
балалардың күнделікті өмірінен және өзіндік іс-әрекетінен басқа түрде 
толықтырылады.
Оқыту әдістері – 
педагог пен балалардың өзара байланысты іс-


99
әрекет тәсілдері, оның барысында бала қажетті әлеуметтік тәжірибе 
мазмұнын меңгереді. Әдістердің өзіндік түрі мен нұсқалылығы әдістің 
элементі ретінде оны жүзеге асыруға жеке қадам жасауды қамтамасыз 
етеді. Г. М. Коджаспирова және А. Ю. Коджаспиров оқыту әдістерін 
педагог пен балалардың бірізді, өзара байланысты, білім мазмұнын 
меңгеруді, ақыл-ой мен қабілетті дамытуды, өздігінен оқу және білім 
алуды қамтамасыз ететін әрекеттер жүйесі деп қарастырады.
Оқыту әдістері оқытудың мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту 
субъектілерінің өзара әрекетінің сипатын белгілейді. 
Оқыту әдістері іс-әрекет құрылымына қарай жіктеледі, олар:
- балалардың оқу-таным іс-әрекетін ұйымдастыру және жүзеге 
асыру әдістері (сөздік, көрнекі, практикалық, индуктивтік және 
дедуктивтік, репродуктивтік, продуктивтік және проблемалық-ізденіс, 
балалардың өздігінен жұмыс істеу әдістері);
- балалардың оқу-таным іс-әрекетін мотивациялау және ынталылық 
тудыру әдістері (танымдық ойындар, ойын жаттығулары, өмірде кез-
дескен жағдайларды талдау, баланың тәжірибесіне сүйену, жетістікке 
жету жағдайын жасау, педагогикалық талап, мадақтау, ұялту, бетіне 
басу);
- балалардың оқу-таным іс-әрекетінің нәтижелерін бақылау және 
бағалау әдістері (заттармен жұмыс істеу, сөз сөйлеу тапсырмалары, 
диагностикалық тестілер, балалардың жұмыс өнімдерін талдау, байқау).
Оқыту құралдары 
- педагог пен балалардың арасында орналасқан 
және білім алу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін 
қалыптастыру үшін пайдаланылатын материалдық немесе идеялық 
объектілер.
Оқытудың материалдық құралдарына 
оқу құралдары, модельдер, 
кестелер, макеттер, заттар, техникалық құралдар, мебель, балалармен 
сабақ өткізетін орын, микроклимат, тамақтану ережесі және т.б. жата-
ды.
Идеялық құралдарды 
ақыл-ой жұмысы мен оның жемісі, баланың 
бұрын алған білімі мен білігі. Л. С. Выготский лингвистикалық (ау-
ызша және жазбаша сөз сөйлеу), семиотикалық (таңбалар, символ-
дар, шартты белгілер, кестелер, схемалар), паралингвистикалық (дене 
қимылы, бет әлпет қимылы) құралдар деп бөледі. Жалпы алғанда бұл 
құралдарды коммуникация құралдары деп атауға болады.
Мектепке дейінгі мекемеде оқыту құралдары ретінде сол сияқты 
бала іс-әрекетінің негізгі түрлерін де айтуға болады - ойын, еңбек, 
танып білу, қарым-қатынас жасау және т.б. сонымен қатар, барлық 


100
көріністерімен қоршаған орта. Мектепке дейінгі кезеңде оқытудың
ерекше құралы ретінде педагогты – балаларға әлеуметтік тәжірибені 
жеткізуші және үйретуші қажетті үлкен адам ретінде бөліп көрсетеді.
Оқыту процесінің нәтижелілік компоненті –
мектеп жасына дейінгі 
балаларды оқыту нәтижелері ретінде осы жас кезеңінде баланы оңтайлы 
дамытуға олар меңгерген педагогикалық тұрғыда бейімделген қажетті
қоғамдық-тарихи тәжірибенің үзігі алынады. Оқыту нәтижелеріне 
қол жеткізгендік дәрежесі мектепке дейінгі білім беру сапасын 
көрсетеді. Бұл процестің нәтижелілігін байқау бақылаудың ағымдық, 
кезеңмен, қорытынды және озық түрлері арқылы жүргізіледі. Соның 
нәтижелерінің негізінде мектепке дейінгі балаларды оқыту процесінің 
барлық компоненттеріне уақтылы түзетулер енгізіліп отырады.
Сонымен, біз мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды оқыту 
процесін тұтастай қарастырдық, оқыту процесіне түсінік бердік, оның 
функцияларын, құрылымын, қозғаушы күштерін ашып бердік, мектеп-
ке дейінгі кезеңде балаларды оқыту ерекшеліктерін айырып көрсеттік. 
Ары қарай тақырып бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар 
мен өзіндік жұмыстар оқу материалының ауқымын кеңейтуге және 
тақырыпты меңгеру кәсіби біліктілік деңгейіне көтеруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет