Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекеттерінің ерекшелігі Мектепке дейінгі жаста балалар біртіндеп оқу жұмысын жоспар-
лауды үйрене бастайды: жұмысты орындауға қажетті құралдарды және
тәсілдерді таңдау, амалдарды орындау ретін анықтау сияқты. Балалар
жұмыс орнын дайындайды, оқу тапсырмаларын орындау барысында
тыңдауды, жауап беруді, сөйлеуді, өзара қарым-қатынас жасауды, тал-
дауды үйренеді.
Мектепке дейінгі кіші және орта жаста әрекетін жоспарлау және
басқа көптеген оқу жұмыстары тәрбиешінің көрсетуімен жасалады.
Кейін педагог балаларды жоспарлауға қатыстырады.
Мектепке дейінгі ересек жаста балалар іс-әрекетінің өнімді түрлерін
жақсы меңгереді (сурет салу, жабыстыру, құрастыру). Олар күрделі
емес қарапайым әңгімелерге жоспар құра алатын болады. Сабақта жо-
спар жасауды үйренгеннен кейін бұл білігін күнделікті жұмыстарында
қолдануға үйренеді.