200
Баланы толыққанды дамытуды қамтамасыз ету үшін дамытушы заттық
орта мен үлкен адамдардың балалармен мазмұнды қарым-қатынасы
қажет.
Дамытушы заттық орта, С. Л. Новоселова көрсеткендей, - бұл бала
іс-әрекетінің, рухани және физикалық бейнесін дамытудың мазмұнын
функционалды түрде модельдейтін материалдық объектілерінің жүйесі.
Байытылған орта дегеніміз - баланың сан алуан іс-әрекетін қамтамасыз
ететін әлеуметтік және табиғи құралдардың бірлігі. Бұл ортаның негізгі
элементтеріне архитектуралық-ландшафтық және табиғи-экологиялық
объектілер; көркемдік студиялары, ойын, спорттық алаңдар және
олардың жабдықтары; ірі габаритті, баланың бойына мөлшерлес мас-
штабты (бойына шақ) конструкторлар; ойыншықтардың, құралдардың
тақырыптық жинақтары; оқыту мен тәрбиелеудің аудиовизуалды және
ақпараттық құралдары жатады.
Дамытушы орта білім беру мекемелерінің әртүрлі типтерінде:
яслиде, балабақшасында, балалардың бос уақыттарын өткізу
орталықтарында және т.с.с., сол сияқты дамуында ауытқуы бар
балалардың реабилитациялық мекемелерінде өзіндік ерекшеліктерге
ие болады.
Балалар мекемелерінің құрылысын салуды жобалағанда студиялар,
шеберханалар, тірі бұрыш, компьютерлік кешендер және т.с.с. орынды
қарастыру қажет. Олар ғимараттың ішінде де, даладағы алаңдарда да
бала іс-әрекетіне қажетті барлық жабдықтармен, ойын және спорттық
алаңдармен, көгалдандырылған аулалармен толық қамтамасыз етілген
болуы тиіс.
Халыққа білім беру мекемелерінің қызметі балалар алаңдарын,
аулалардағы ойын алаңдарын, саябақтарды салуға, оларда штаттағы
мамандарды ұстауға арналуы тиіс.
Тұжырымдама нұсқалы дамытушы ортаның дизайн-жобаларын
және балалар үшін арнайы орындар жасауды қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: