Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Тұжырымдаманың ғылыми психологиялық-педагогикалық



Pdf көрінісі
бет161/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   187
Тұжырымдаманың ғылыми психологиялық-педагогикалық 
негіздері
Тұжырымдама әрекеттік-жас ерекшелікке негізделеді және 
іс-әрекетінің заттық сипатының заманауи түсініктеріне, баланың 
психикалық және тұлғалық дамуы үшін маңыздылығына сүйенеді. 
С. Л. Новоселова іс-әрекет өзінің іс-әрекет тәжірибесі субъектісінің 
қорытындысына байланысты өзінің психологиялық мазмұнын 
үнемі өзгертіп тұратындығын пайымдаған. Іс-әрекеттің бала әлемін 
қалыптастыратын қорытынды тәжірибесі қандай да бір іс-әрекетте 
нақты істің мақсаттарына жету жағдайында бағдарды анықтап қана 
қоймайды, оның келесі мазмұнын байытады (А. В. Запорожец, П. Я. 
Гальперин, Д. Б. Эльконин, М. И. Лисина). Іс-әрекет психиканы құрады, 
әрекетсіздік тұлғаны депривацияға, оның мүмкіндігін шектеуге әкеліп 
соғады.
Бала дамуының күшті байытушы факторы – әлеуметтік-мәдени 
айналасы және оның заттық ортасы. Әрбір бала өзінің дамуында 
сөзсіз жанұяның, оның тұрмысының, мәдени артықшылықтарын және 
үлкендердің іспен шұғылданатындығын, бос уақыт мазмұнын көреді. 
Мектепке дейінгі мекеме білім беру орталығы ретінде «бағдарланған» 
мәдениет зарядын алып қана қоймайды, балалардың өмірін түрлі 
жағдайларда байытып жүрген мөлтек ауданның, қаланың, ауылдың 
мәдени ахуалын да, олардың іс-әрекет және эмоционалдық-құндылық 
қатынастарындағы тәжірибесін де көреді. Әр жас сырттан өзі үшін 
керектіні алады.
Іс-әрекетті құраушы фактор болып оның пәні есептеледі. Іс-әрекет 
пәні (оның мотиві, А. Н. Леонтьев бойынша) әжептәуір материалдық 
және идеалдық нәрсе болуы мүмкін. Сәбилік кезде мотив пен пән 
бірге болады. Ары қарай пән қоғамдық-берілген мәнді айқындайды
және іс-әрекет мотиві заттың өзі емес, оның атқаратын қызметі бола-
ды, кейіннен оның түрлену маңызы, мүмкіндігі болады. Бір мезгілде 
пәннің функциясы өзгереді. Баланың өсу процесінде іс-әрекет мотиві 
мен пәннің функциясының бұл ауысуы, С. Л. Новоселованың пікірінше, 
балабақшада дамытушы ортаны құру негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет