Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің логикасы



Pdf көрінісі
бет27/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   187
2.2 Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің логикасы
Тақырыптың бірінші сұрағын ашу үшін біз педагогикалық зерттеу 
деген не екендігін анықтадық, зерттеу бағытына қарай олар фундамен-
талды және қолданбалы болатындығын көрсеттік. Шартты түрде В. А. 
Сластенин 
зерттеу бағдарламасын екі бөлімге бөледі: 
әдіснамалық 
және процедуралық. 
Әдіснамалық 
зерттеудің әдіснамалық аппаратын 
құруды (өзектілігін, тақырыптың толыққанды ашылғандық дәрежесін, 


25
проблеманың қойылуын, қарама-қайшылықтарды, нысанын, пәнін, 
мақсатын, міндеттерін, болжамын, зерттеудің әдіснамалық негіздерін, 
негізгі ұғымдардың берілуі, зерттеу нысанын алдын ала талдау) 
қарастырады.
Екінші бөлімінде - 
процедуралық 
- зерттеудің стратегиялық жо-
спары жасалады, сол сияқты эксперименттік деректерді жинау мен 
талдаудың негізгі процедуралары, зерттеу әдістері анықталады.
Педагогикалық зерттеу белгілі бір логикамен ұйымдастырылады. 
Зерттеу амалдарының ретін толығырақ қарастырайық. Бұл логикаға 
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (курстық, бітіру, дипломдық 
жұмыстары) орындағанда да сүйенетінімізді есте ұстауымыз керек. 
Ғылыми зерттеу
 проблемалық өрісті
анықтаудан басталады, одан 
бір проблема бөлініп алынады да, соған байланысты зерттеу 
тақырыбы 
анықталады. Тақырыпты анықтағанда оның өзектілігін, ғылымда 
және практикада қаншалықты зерттелінгендігін, қазіргі кезеңде оның 
қаншалықты маңыздылығын ескерген аса маңызды. Зерттеу тақырыбы 
теория мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізудің бастауы бо-
лады.
Таңдалып алынған тақырыптың
 өзектілігін
негіздеу үшін зерттеуші 
дәлелді түрде бірқатар сұрақтарға жауап беруі қажет.
• 
Тақырып неліктен маңызды және дер кезінде қарастырылып 
отыр?
• 
Неліктен оны қазіргі кезеңде қарастыру қажет?
• 
Бұл тақырыпты ашу кәсіптік немесе мектепке дейін білім 
берудің (мамандыққа байланысты) теориясы мен практикасына қандай 
үлес қосады? 
• 
Тақырыптың философияда, психологияда, педагогикада, дербес 
әдістемеде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет