Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектеп жасына дейінгі бала педагогикалық зерттеулер



Pdf көрінісі
бет51/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   187
3.6 Мектеп жасына дейінгі бала педагогикалық зерттеулер 
объектісі ретінде
Баланы таным және қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастыру 
арқылы, біз, әрбір адамға қарағанда бұл ұстаным тұрақсыз екендігін 
атап көрсетуіміз керек, ол «адам-адам» қатынас жүйесінде ауысып 
отырады. Біздің әрқайсысымыз әртүрлі ұстанымда болуымыз мүмкін. 
«Объект» ұғымын біз абстрактылы мектеп жасына дейінгі балаға 
қолдандық, олардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық 
және басқа ерекшеліктері әртүрлі ғылымдардың (психология, анато-
мия, физиология, педагогика және т.б.) зерттеу пәні болады.
Балаға субъект ретінде қарау мүмкіндігі, оның қасиеттері мен са-
паларын, қабілеттерін мақсатты және бағытты түрде қалыптастырудың 
тиімділігі педагогтар мен ата-аналардың олардың ерекшеліктерін 
білуімен, осы жастың мүмкіндіктерімен анықталады. 
К. Д. Ушинский: баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін оны барлық 
жағынан білу керек деп атап көрсетті. 
Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесін оңтайландыру, 
жаңа жүйелер мен технологияларды іздестіру ғылыми-педагогикалық, 
психологиялық және басқа зерттеулердің үйлестірілуімен анықталады. 


47
Баланы ерте жастан және мектепке дейінгі жастан әртүрлі іс-әрекетте 
тәрбиелеу, оқыту дамыту проблемаларын зерттегенде зерттеу әдістерінің 
тұтас бір жүйесі пайдаланылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін естеріңізге түсіріңіздер 
және атаңыздар.
Мынадай сұрақ туындайды: мектеп жасына дейінгі баланы зерттеу 
мақсатында зерттеу барысында, педагогтың әртүрлі әдістерді қолдану 
процесінде бала қандай орын алады? Осы және тақырыпқа байланы-
сты басқа да сұрақтарға «Мектепке дейінгі педагогика» курсын оқу 
барысында жауап береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет