55
сана (талдау және бағалау) қалыптастыру;
әлеуметтік тұрғыда
негізделген адамгершілік нормаларын меңгеру, басқа адамдарға, өмірге
оң эмоционалдық қатынас орнату.
Эстетикалық тәрбие
– әдемілікті сезіну, әлемге эстетикалық
тұрғыда қарау, көркемдік жағынан дамыту, өмірде,
өнерде әдемілікті
бағалай білу және өзі де соны жасай алу білігін қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері
– қызмет көрсету білігі мен
дағдыларын қалыптастыру, айналасындағы
жақын адамдарына
қамқорлық жасай білу, қарапайым еңбек амалдарын орындай алу, бірігіп
еңбек ету білігі, басқалардың еңбегіне оң эмоционалдық көзқараспен
қарау, кәсіби еңбек мамандықтары туралы білімді меңгеру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
экологиялық мәдениетінің
міндеттері
– адамның ақылына байланысты болатын табиғатқа
ұқыпты
көзқарас қалыптастыру; табиғат субъектілеріне көмек беруге
дайындық (қоректендіру, отырғызу және т.б.), табиғатқа оң көзқарас
қалыптастыру, экологиялық дүниетаным негіздерін білу.
Мектеп жасына дейінгі баланы
жыныстық тәрбиелеудің
міндеттері
– жыныстық тәртіп негіздерін қалау, дұрыс жыныстық
идентификацияға ықпал ететіндей орта ұйымдастыру; баланың өзінің
жынысымен байланысты тәрбие түрін қалыптастыру; басқа жынысқа
оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Балаларды
мектепте оқуға дайындаудың міндеттері
– метептегі
оқуға балалардың жалпы және арнайы дайындығын қалыптастыру.
Ол үшін жоғарыда аталған міндеттерді шешу және балаларды мектеп
пәндерін оқып меңгеруге және мектепке мотивациялық,
әлеуметтік,
тұлғалық, интеллектуалдық, физикалық тұрғыда дайындау арнайы
педагогикалық жұмыстар жүргізу.
Жоғарыда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі
міндеттері қарастырылды. Оларды іске асыру педагогикалық практи-
када мақсатты орындауға - мектеп жасына дейінгі баланы үйлесімді
дамытуға бағытталады. Мектепке дейінгі
мекемеде тәрбие берудің
мазмұнына сол сияқты құқықтық сана негіздерімен, экономикалық
тәрбие бастамаларымен таныстыру да кіреді. Бала өмірінің әртүрлі аясы
(отбасында және білім беру мекемелерінде, әлеуметтік орталықтарда,
бір-бірімен өзара қарым-қатынаста) оның жан-жақты дамуына
стихиялық және бағытты мақсатты түрде әсер етеді.