Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі кезеңде баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен



Pdf көрінісі
бет58/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   187
4.2 Мектепке дейінгі кезеңде баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен 
міндеттері
Тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелеу процесінің 
көзделген нәтижелері мен сапасын бағалау критерийлерін анықтайды. 
Олар процеске динамика мен бағдар береді.
Педагогикада тәрбиелеудің мақсаттары 
тұлғаны тәрбиелеудің 
соңғы нәтижелерінің моделі түрінде ашылады. Сонымен бірге тұлғаны 
тәрбиелеудің аяқталғандығы шартты жағдай, өйткені, адам өмір бойы 
өзгереді, дамиды. Тәрбиеленгендіктің, білімділіктің, дамығандықтың
нәтижесі әрбір жас кезеңімен және бұл процестің нәтижелілігінің жас 
ерекшелік критерийлерімен байланысты болуы мүмкін. Тәрбиелеу 
мақсаты оның мазмұнына, түрлеріне, әдістеріне, құралдарына 
бағдарлық әсер береді, тәрбиелеу бағдарламаларының бағытын 
анықтайды, процестің қажетті нәтижесін көрсетеді.
Тәрбиелеу мақсаттары, О. П. Морозова көрсеткендей, әртүрлі негіз 
бойынша жіктелуі мүмкін:
• 
мақсаттың масштабына қарай - стратегиялық (глобалдық), 
тактикалық, стратегиялық, локалдық түрде;
• 
нақтылық дәрежесіне қарай – нақтылы, жақын, тікелей;


53
• 
уақытша негізіне қарай – қашық, жақын, тікелей;
• 
мазмұнына қарай – физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік-
адамгершілік, эстетикалық тәрбие мақсаттары;
• 
тұлғаға ықпал ету сипатына қарай – дидактикалық 
(оқытушылық), тәрбиелік, дамытушылық, түзетушілік.
Тәрбиелеу мақсаттары мемлекеттік заңнамамен заңдастырылған 
мемлекеттік жалпыға білім беру міндетті стандарттарымен тығыз бай-
ланысты. Педагогикалық мақсаттар ҚР «Білім туралы» Заңы арқылы 
өтеді, бала құқығы туралы Конвенциямен, бала құқығы туралы Заңмен 
анықталады. Мектепке дейін білім беру мақсаттары мектепке дейінгі 
Тұжырымдамада көрсетілген. Бұл нормативтік құжаттарда мектепке 
дейін тәрбие берудің жалпыланған (глобалды, идеалды) мақсаттары 
белгіленген және диагностикалау көрінісін береді.
«Білім туралы» Заңда мектепке дейінгі білім берудің мақсаты мек-
теп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу, денсаулығын сақтау және нығайту, 
олардың жеке қабілеттерін дамыту, дамуындағы кемшіліктерін түзету.
Мектепке дейін тәрбие беру Тұжырымдамасы заңнамалармен 
үндес. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаты 
мына төмендегілерді көздейтін баланы жан-жақты үйлесімді дамыту 
деп қарастырады:
• 
денсаулығын сақтау және нығайту;
• 
толыққанды дене дамуын қамтамасыз ету;
• 
жан-жақты психикалық дамыту және бала тұлғасын 
қалыптастыру.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мақсаты 
тұлғаның, оның әрекетінің жан-жақты үйлесімді дамуына негізделеді. 
Өз кезегінде «жан-жақты тәрбиелеу және дамыту» термині көптеген
диагностикалауға жататын ішкі мақсаттарды көздейді. Тәрбиелеу 
процесі басқару процесі ретінде физикалық, интеллектуалдық, 
психикалық, адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік дамытуды, еңбекке 
дайындықты, білім беру субъектісінің экологиялық, жыныстық, 
құқықтық, экономикалық мәдениетін дамытуды біріктіреді. «Үйлесімді» 
ұғымы тұлғаның жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келісілген, 
сабақтас, бірқалыпты дамуын білдіреді.
Шын мәнінде осылай қойылған мақсат адамның табиғи 
мүмкіндіктерін құрайтын тұқымқуалау белгілерінің барынша толық 
ашылуын көздейді.
Тәрбиедегі үйлесімділік және жан-жақтылық идеясы тарихи 
тұрғыда жаңа емес. Шығыста ол VIII-IX ғғ. (Аль-Фараби, Ибн-Сина 


54
және т.б.), қайта өрлеу дәуірінде пайда болды, кейін ХVIII ғ. фран-
цуз ағартушылары өз еңбектерінде қарастырған. Ресейде мұндай 
мақсат қою революционер-демократтардың аттарымен байланы-
сты, кейіннен оны заңдастырылған негізде КСРО (Қазақ кеңестік 
социалистік Республикасы) енгізді. Бұл мақсат ЮНЕСКО-ның көптеген 
халықаралық декларацияларына енді.
Тәрбиенің мақсаты әлеуметтік сұраныспен анықталады және 
мемлекеттік құжаттарда көрсетіледі. Ол жалпылама сипатта бола-
ды және нақтылауға жатады. Бұл мақсаттар диагностикалық сипат-
та болады, олар бойынша нағыз жетістікке жетудің анық және нақты 
критерийлері мен көрсеткіштері жасалуы мүмкін.
Көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің 
жалпыланған мақсаты оның жүзеге аспайтындығынан, жүзеге асырудың 
қандай да бір құқықтық, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға байла-
нысты педагогикалық практикада жетіспегендігінен сынға ұшырап жа-
тады, соның салдарынан бұл мақсатқа жету қиынға соғады. Дегенмен, 
мақсат-идеал бола тұрып, педагогикалық ақиқатқа қол жеткізуге 
ұмтылу аса маңызды. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсаты мақсатқа 
жету траекториясын көрсететін міндеттерде нақтыланады. Метепке 
дейінгі тәрбие беру міндеттері мазмұнына қарай – физикалық тәрбие, 
ақыл-ой, әлеуметтік-адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық, 
жыныстық тәрбие болып жіктеледі. Осы міндеттерді ашып көрсетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет