Сабақ:Банк құқығы
Тақырып:1. Банк және банктік қызмет ұғымы.
Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты: Студенттердің банк құқығына байланысты білім деңгейлерін көтеру. Банктік құқық ұғымын, пәнін, жүйесін, қайнар көздерін оқыту. Құқықтық, патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.
Қарастырылатын мәселелер Теориялық сабақ: 2 Банк және банктік қызмет ұғымы.
Банктік қызметті реттейтін құқықаралық актілер.
Коммерциялық банктің базалық функциялары: депозиттік, несиелік, төлем мен есеп айырысуларды жүзеге асыру, несиедегі делдалдық.
Коммерциялық банктер қызметінің қағидалары.
Банкті ұйымдастыру қағидалары.
ҚР екінші деңгейдегі банктердің жалпы сипаты.
ҚР банк қызметінің заңдылық негіздері.
Әлемдік қаржылық джағдарыс және ҚР банктердің дамуы.
Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
• Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
• Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
• Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
• Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО – ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,
оған облыстық басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты болып келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты -олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;
талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;
қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру;
Несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы – оның мәні емес, тек осы мәнінің көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрініс оның функциясы ретінде ерекше.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден, бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір «жұмыстың» көрінісін сипаттайды. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір кезенде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция – бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдiк ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегi қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерiнiң кемшiлiктерiн көрсеттi. Әлсiз жақтары мемлекеттiк реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерiнiң қызметiнде анықталды.
Дағдарыстан бұрын 2010 және 2008 жылдары Қазақстанның қаржы-банктік жүйесі ТМД елдерінің басқаларымен салыстырғанда жақсы нәтижелер көрсеткен болатын, бірақ «домино» қағидасы бойынша АҚШ та бастау алған қаржылық дағдарыс еуропа елдерін қозғап өтіп 2008 жылдың күзінде Қазақстанға да келіп жетті. Нәтижесінде қазақстандық банктердің негізгі мәселелері белгілі бола бастады: несиелердің қайтарылмауы, өтімділіктің төмендеуі, салымдар мен депозиттердің кетуі және т.б. [1]
Ғылыми жұмыстың мақсаты – дағдарыс кезіндегі Қазақстанның банк секторы мен дағдарысқа қарсы жүргізілген іс шараларға тоқтала отырып, бүгінгі таңдағы, яғни, дағдарыстан кейінгі банк секторының жағдай мен мәселелеріне теориялық және статистикалық талдау жасау.
Ғылыми жұмысының өзектілігі - Қазақстанның банктік секторының даму тарихында соңғы екі жыл ең ауыр және қалыпты жағдайдың бұзылған жылдарына айналды. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында халықаралық қаржылық рыноктардың тұрақсыздығына қарамастан, банктік сектор тұтастай алғанда негізгі көрсеткіштердің барынша жоғары қарқынмен өсуін көрсетті. Қыркүйек айынан бастап шиеленісе түскен ғаламдық дағдарыстың, қалыптасқан рыноктардан түскен капитал ағымының күшеюінің және экспорттық тауардың бағасының төмендеуінің әсерімен қазақстандық банктік рыноктың жағдайы сенім дағдарысын анықтай бастады. Сол уақытта ҚР қаржы рыногы елдегі басқа да рыноктар сияқты баға кесудің едәуір төмендеуін бастан кешірді, көптеген коммерциялық банктерде өтімділікпен және ағымдағы міндеттемелерді орындаумен байланысты проблемалар туындады, банкаралық рынокта барынша шиеленіскен жағдай орын алды. Салымшылардың абыржушылығы халықтың банкке салым салуының жылыстауының жағымсыз тендецияларын қалыптастыра бастады. Қалыптасқан тендецияның заңды салдары Қазақстанның банктік жүйесінің беріктілігін жоғалту қаупіне айналды.
Банктік сектордағы дағдарыстың асқынған белесі негізінен еңсерілді, дегенмен, экономикалық белсенділіктің төмендеуі банктерді қабылданған тәуекелдерді қайта бағалауға бағыттайды, осыған байланысты банктік тәуекелдерді басқару проблемалары ерекше маңыздылыққа ие болады.
Әлемдік дағдарыстан кейін көптеген коммерциялық банктер өткен ғасырдың 80-90 жылдары жасалған тәуекелдерді басқару технологиясын (тәуекел-менеджмент) енгізу қажеттігі жайлы енді ғана ойлана бастады.
Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Аталмыш ғылыми жұмыс дағдарыс жағдайындағы қазақстандық қаржы банк секторының проблемаларына арналады.
Қазақстан Республикасының Банктік заңнамасымен бекітілгендей, Ұлттық Банктің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі және бөлінбеген таза табыстан аудару жолымен 20 миллиард қазақстандық теңге көлемінде қалыптастырылады.
Қазақстанның банктік заңнамасында позитивті ағымдармен қатар кемшіліктер де бар, олар банктік тәжірибедегібанктік заңнамамен анықталған проблемаларымен, банктік қызметті жүзеге асыратын, реттеуші мемлекеттік органдардың және тұлғалардың қазіргі жағдайдағы жүйесі кемшіліктер бар екендігін көрсетеді. Бастапқыда банктік қызмет субъектілерінің (қатысушыларының) құқықтық мәртебесімен байланысты проблемаларды көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасы заңнамасымен банкті құру және кейін қызметін жүргізу барысында ерекше ауқымды диапазон қатары қарастырылады. Айталық, «Қазақстан Республикасында банктер және банктік қызмет туралы» Заңында құрылатын банк түрі бөлігінде шектеулер келтірілген.
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында құрылтайшылар және акционерлер құрамына қатысты белгілі бір лимиттер кездеседі. Мысалы, бекітілгендей, жарғылық капиталының елу пайыздан көп бөлігі мемлекетке жататын, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банкке қатыса алмайды, яғни банк ұлттық басқарушы холдингты қоспағанда, құрылтайшылары мен акционерлері ретінде шыға алмайды. Бұдан басқа, айталық мынадай тұлғалар категориялары, оффшорлы аймақта тіркелген немесе оффшорлы аймақта тіркелген аффилирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе оффшорлы аймақтарды тіркелген заңды тұлғалар қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар тура және қосалқы түрде Қазақстан Республикасы резидент-банктерінің құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Алайда аталған шектеулер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бекітілетін тізбедегі рейтингілік агенттіктің бірінің «А» рейтингісінен төмен емес жеке несиелік рейтингі бар банктерге таратылмайды.
Мемлекеттік реттеуді және қаржылық ұйымдарды қадағалауды жүзеге асырумен байланысты, оның бірі болып банк табылатын қоғамдық қарым-қатынастар, Қазақстан Республикасының «Қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңымен реттеледі. Оның ережелері қаржылық жүйенің тұрақтылығын көтеруге және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
«Банктер және банк қызметі туралы» Заңыменқатар банктердің еркін жойылуымен қатар мәжбүрлі түрі де қарастырылған, ол сотпен мыналарға байланысты жүргізіледі: банк банкроттығы; банк заңнамасымен қарастырылған негіздер бойынша банктік операцияларды жүргізуге банк лицензиясын алып алумен; уәкілетті мемлекеттік органдар өтінішімен (қуыныммен), заңды және жеке тұлғалардың заңнамалық актілермен қарастырылған басқа негіздемелер бойынша банк қызметінің аяқталуы жөнінде заңды және жеке тұлғалардың.
Алайда, банктің төлемгеқабылетсіздігі және дәрменсіздігі (банкроттығы) сотқа берілетін, пруденциалды нормативтер есептеуі әдістемесі есебімен құрастырылған, банк капиталы көлемімен уәкілетті органның қорытындысымен бекітіледі (және өзге де қадағалауға міндетті нормалар мен лимиттер). Банк тек бекітілген тәртіпте сот шешімі бойынша ғана танылатын болады. Дәрменсіз банкті жою бойынша соттан тыс рәсім оның несиегерлерінің және банктің өзінің шешімі бойынша жол берілмейді. Бейбіт келісім жасасу мүмкіндігі банктің банкроттығы жөніндегі іс болмайды.
Бақылаушы органдардың қарастыруы бойынша пайда болған банктерді жою тәжірибесі, ерекшелікті банк заңнамасымен қарастырылған екінші деңгейдегі банктердің уәкілетті мемлекеттік органдарымен акцияларын мәжбүрлі сатып алу рәсімі жете аяқталмаған болып табылады және көптеген сұрақтарды туындатады.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңы Қазақстан Республикасы территориясында резидент емес тұлғалардың қатысуымен банк құруға қосымша талаптар анықталды.
Ерекше назар Қазақстан Республикасы резидент-банктері акционерлік капиталында резидент емес тұлғалардың қатысуына аударылады. Заңды тұлғаларға қатысты– Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларына Қазақстан Республикасының резидент-банктері акцияларын иелену құқығына сандық шектеулер әрекет етеді. Айталық, заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары Қазақстан Республикасының резидент-банкінің он және одан да көп акциялары пайызын иеленуге құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының резидент-банкінің он және одан да көп акцияларын иелену құқығын іскерлік репутациясы мойындалған банктерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының резидент емес банктері- заңды тұлғалары иелене алады. Бұндай заңды тұлғаларға– Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бекітілетін тізбе бойынша, негізгі рейтингілік агенттіктің бір минималды талап етілетін рейтингі бар тұлғалар жатқызылады.
Қазақстан Республикасындағы Банктік реттеу банктердің қаржылық тұрақтылығын, депозиторлар мүддесін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақшалай-кредиттік жүйесі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Уәкілетті орган банк қызметтерін реттеуді жүзеге асырады, соның ішінде мына жолдармен: банктердің нормалар мен лимиттерді қадағалауына пруденциалды нормативтер және басқа міндетті қадағалауға жататын нормативтер, күмәнді және сенімсіз активтерге қарсы провизиялар; банктердің міндетті орындауы қажет нормативтік құқықтық актілерді шығару; банк қызметін тексеру; банктің қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша ұсынымдар беру; банктерге әрекет етудің шектеулі шараларын қолдану; банктерге немесе олардың лауазымдық тұлғаларына санкциялар салу.
Уәкілетті органдармен бекітілетін, пруденциалды нормативтер құрамына Қазақстан банктерінің олардың міндетті қадағалауы үшін мыналар енеді:
·банктің жарғылық капиталының минималды көлемі;
·меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
·бір қарыз алушыға қатердің максималды көлемі;
·өтімділік коэффициенті;
·ашық валюталық позиция лимиттері.
Уәкілетті органмен бекітілетін пруденциалды нормативтер құрамына олардың конгломерат банктердің міндетті қадағалауы үшін мыналар енеді: жарғылық капиталдың минималды көлемі; меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті; бір қарыз алушыға қатердің максималды көлемі.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР екінші деңгейдегі банктер активтері 13 870,3 млрд. теңгені құрады, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда 1 052,4 млрд. теңгеге немесе 8,2% 1 167,6 млрд.тенгеге банктік заимдар баптары мен "Обратное РЕПО" операциясы есебіненнемесе 11,2%, қолма-қол ақшаға, тазартылған бағалы металлдар және корреспонденттік есепшоттар 82,8 млрд. теңгеге немесе 5,9%, сондай-ақ басқа активтер 185,2 млрд. теңге немесе 9,1% өскен.
2012 жылдың желтоқсан ішінде ҚР екінші деңгейдегі банктердің активтерінің ұлғаюы 161,4 млрд. теңгеге ұлғайды.
Екінші деңгейдегі банктер активі құрылымында жыл басымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Активтер құрылымында негізгі үлесті банктік займдар және «Обратное РЕПО» операциялары алады - 64,3%, қолма-қол ақшаға, тазартылған бағалы металлдар, корреспонденттік есепшоттарға 8,2% келеді, ал портфельдегі құнды қағаздарға 10,5% келеді. Жыл басында, банкілік займдарға және «Обратное РЕПО» операцияларына келеді - 62,5%, қолма-қол ақшаға, тазартылған бағалы металлдар, корреспонденттік есепшоттар - 8,3%, ал портфельдегі құнды қағаздарға - 11,1% сәйкесінше.
Шетелдік банктер қатысуына қарамастан, Қазақстанның банктік секторы концентрацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді. 2013 жылғы 1 қаңтарға елімізде ірі төрт банк басымдылық көрсетті: «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстанның ХалықБанкі» АҚ,«БТА Банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, оларға шамамен 54% активтерге келеді. Активтер бойынша көшбасышылық ондықты"Евразиялық Банк" АҚ шектейді.
Айта кететін жайт, қазақстандық банктердің бәсекеқабылеттілікті айтарлықтай әсері шетелдік қатысумен банктің болуы әсерін тигізеді, айталық олардың басымдылығы ретінде бизнес-үрдістерді автоматтандыру және реинжиниринг саласында аналық банктерден инновациялық технологияларды табыстаудың басымдылығы табылады. Бұдан басқа, аталған банктер қорландырудың анағұрлым арзан көздеріне қолжетімділікте болады (аналық банктер капиталы) және, сәйкесінше, қазақстандық нарықтағы кредиттік өнімдердің бағасына қысым көрсетеді.