Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет56/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   187
Өзара тәрбиелеу 
- өзара ықпалдастыққа қатысушы адамдардың 
адамгершілік, әлеуметтік, эмоционалдық дамуға, өзара бірін-
бірі байытуға, жеке тәжірибелерімен алмасуға бағытталған өзара 
ықпалдастық процесінде пайда болатын адамдар арасындағы 
қатынастардың бір түрі. 
Өзін-өзі тәрбиелеу - 
адам өзін-өзі жөнге келтіру тетіктерін 
белсенділендіру арқылы өзін тұлға ретінде толыққанды түрде көрсетуге 
бағытталған саналы іс-әрекет. Мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі 
тәрбиелеуінің қозғаушы күші оның ісін үлкен адамдардың мақұлдауын, 
жұмысы мен тәртібін оң бағалауын қажет ететіндігі болып табылады. 
Бұл процесс жағдаятты сипатта болады және үлкен адамдар тарапынан 
қолдауды талап етеді.
Қайта тәрбиелеу
процесінің өзін-өзі және өзара тәрбиелеуден 
айырмашылығы бұл баланың жағымсыз істері мен тұлғалық қасиеттерін 
өзгертуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу көзі - баланың жағымсыз 
жақтарына мақсатты түрде әсер етіп өзгерте алатын үлкен адам-
дар. Қайта тәрбиелеу – неғұрлым күрделі процесс, өйткені тұлғаның 
қалыптасып қалған мінезі мен қатынастарында берік шартты рефлек-
стер жатыр, оларды бұзу қиынға соғады. Бұл процесс әрқашан нәтижелі 
бола бермейтіндігі түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет