Сабақ Пәні: Мәнерлеп оқу (факультатив) Тақырыбы



Дата10.06.2017
өлшемі2,51 Mb.
#18978
Есет батыр атындағы мектеп-бақша

Ашық сабақ
Пәні: Мәнерлеп оқу (факультатив)

Тақырыбы: Мақал – мәтел жаттайық.

Өткізген: Есетова А. С.

3 «А» класс.


2011-2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел жаттайық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Ана тілін ардақтап бағалай білуге, шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, таным белсенділіктерін арттыруға баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін, сөйлеу мәдениетін, түрлі амал-тәсілдер арқылы ізденуін дамыту.

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, суреттер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.

  • Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің жақсы ма?

  • Жақсы.

  • Балалар, интерактивті тақтаға ненің суреті шықты ?

1-слайд - Күннің


  • Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

  • Көңілің көтеріледі.

  • Күнге қуанамыз.

  • Күн бізге жылу береді.

  • Сәулесін төгеді.

  • Күн шыққан кезде жарық болады.

  • Дұрыс, балалар.

  • Ендеше бәрің бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, тақтада жазылып тұрған тілектерді оқып шығыңдар.

2-слайд.

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн, болсын!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын!


  • Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіпті.

1.

«Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді.

  • Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары».

  • Балалар, Ы. Алтынсарин дегеніміз кім?

3- слайд.


Ұстаз



1841-1889ж.ж

ақын



«Кел, балалар, оқылық»



«Қазақ хрестоматиясын» жазды

1864ж. мектеп ашты


- Балалар, енді тақтаға қарайық. Тақтада «Бақша ағаштарының» суреті.



4-слайд

.

- Жеміс –жидектердің адам ағзасына пайдасы көп. Құрамында көптеген витаминдер бар. Алмада – темір, қызылшада – қант т.б. Лимон – тұмауға жақсы көмектеседі. Тек жемістерді жер алдында жуып жеуді ұмытпайық.


5-слайд. «Жеміс – жидекті сипатта» ойыны.

IV. Жаңа сабақ.

6-слайд. Тақтадағы мақал-мәтелді оқушыларға оқыту.
«Білім қымбат, білу қиын»
- Балалар, бұл мақалды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы.....

Мақал – мәтелдер.

- Дұрыс, балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя, мұқият түсініп алыңдар.Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.
2.

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мақал-мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. «Сөздің көркі – мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанмен, олар бір-біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.

7
Аяқталған сөйлем

Ой тиянақты, дәлелді
-слайд




Екі бөлімді

Салыстыру

8- слайд


Сөйлем немесе сөз тіркесі




Мағына тұспалды

топшалау

Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ

VI. Сергіту сәті.

Балалар, раушан гүлін шапшаңдатып бір-біріне жалғастырып бере отырып, сөздің соңғы дыбысына сөз ойлау. Мысалы: (мектеп, парта, анар, раушан т.б.).



VII. «Жалғасын тап» ойыны. 9-слайд.

Оқушыларға дауыстап мәнерлеп оқыту, әр оқыған мәтелдерін талдап, мағынасын ашу.

1. Оқусыз білім жоқ,

................................(Білімсіз күнің жоқ)

2. Көз қорқақ,

....................(қол батыр)

3.

3. Әдептілік белгісі,

..............................(Иіліп сәлем бергені)

4. Досы көпті жау алмайды,

..............................................(Ақылы көпті дау алмайды)

5. Еріншектің ..................(ертеңі бітпес)

6. Бастаған істі.................(аяқта)

VIII.Келесі тапсырма кестені толтыру. 10-слайд




Мақал – мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.................................

2

..................................

Өнер-білім

3

Досы көпті жау алмайды,.............................

..............................

4

......................................................

Еңбек

5

Отансыз адам, ...................................

.............................

6

.........................................................................

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,.....................................

..................................


IX. «Бір сөзбен айту» ойыны.(Гүлдер суреттері)
12 – 28 слайдтар.

  1. Бетінен оты шықты.

  2. Қоян жүрек.

  3. Көз ілмеді.

  4. Қас қарайды.

  5. Тістен шығармау.

  6. Су тегін.

  7. Көз ұшында.

  8. Төбе шашы тік тұрды.

Х. Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап. 29-слайд.

1. Мақал деген не?

2.Мәтел деген не?

3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?



ХІ. Бағалау. 30 – слайд.

ХІІ. Үйге тапсырма.

Мақал-мәтел жаттау. «Кітап», «Білім», «Отан», «Еңбек», т.б. туралы.



4.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет