Қонақ күту дәстүрі
Мақсаты: Балаларға білім бере отырып,ұлттық тәрбие дәстүріне тәрбиелеу. Қазақ халқының қонақжай, меймандостық дарқандығы ғана емес,жаны жайсаң адамдық рухына биіктігін көрсетеді. Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін,олардың тәрбиелік мәнін бүлдіршіндер бойына дарыту,инабаттылыққа,еңбекке,жақсы мінез–құлыққа тәрбиелеу,ана тілін ардақтап,асыл сөздерді бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: «Қош келдіңіздер» деп жазылған плакат,ұлттық бұйымдар,ұлттық тағам түрлері,үнтаспа.
Сабақтың барысы :Балалар тірбиешімен бірге киіз үйдің ішіне келіп,айнала отырады.
Тәрбиеші: Балалар,бүгін біз халқымыздың ең бір жарқын дәстүр-қонақ күту жөнінде,оған сый-сияпат көрсету туралы әңгімелесеміз. Өзіміз де көп қонақтарды қарсы аламыз,құрмет көрсетеміз. Біздің халқымыз қонақжай,кішкентай болсаңыздар да байқап жүрген шығарсыздар,үйге келген адамнан ата-аналарыңыз ештемесін аямай,барын дастарқанға қояды. Тіпті ерте кезде қонағы риза болсын деп,ештеңесі болмаған кезде,астындағы жалғыз атын да сойып береді екен. Міне,біз осындай жомарт жанды бабаның ұрпағымыз. Қазақ халқының қонақжайлылығы,оның берекелі дастарқаны туралы аңыздар,пікірлер әлемге әйгілі десек те артық айтқанымаз емес. « Қырықтың бірі - Қызыр» деп,ата – бабамыз уйіне келген қонаққа ерекше мән беріп,танымаса да одан бәрін аямаған.
- Кәне,балалар жақын күндері кімнің уйлеріне қонақ келді?
- Қандай құрмет көрсеттіңіздер? Бәрі орындарынан тұрып,қонақтарды отырғызады.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер. Бүгін мен балаларыма қонақ күту,сыйластық,қазақтың жомарттығы туралы айтып отыр едім. Енді осы қазақтың қонақжайлығын,кішіпейілдігін,жомарт,кеңпейілдігін балаларымыз қалай үйреніп,көңіл тоқып жүр,соны байқайық. Сіздер өз білгендеріңізді ортаға салып отырыңыздар.
Тәрбиеші: Кәне,балалар қонақжайлық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
« Қонақ келсе,құт келер», « Қонағын сыйлаған,төрге шығарар», « Асыңа тойғызбасан да,ақ ниетіңе тойғыз», « Қонағыңның алтынын алма,алғысын ал», « Болар бала-қонаққа үйір», «Сыйларға асың болса,сыйларға тілің болсын». Балалар,осы мақалдардан-ақ қазақ халқының қонақжайлылығы көрініп тұр. Кәне мына сұрақтарға ойланып көріңдерші.
- Үйге келген қонақ қайда отырады?
- Дастарқанға қандай тағамдар қоямыз?
Балалар жауап береді.
Балалар орындарынан тұрып, «Қазақтың дастарқаны» әнін орындайды.
Әні: Ж.Боранбаевтікі, сөзі: М. Ілясовтікі.
Бұрын аталарымыз қандай тамақтар қойған екен,мен сіздерге айтып берейін. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеден пайдаланылған тамақтардың негізгі түрлері: ет,сүт,қымыз,сары май,құрт,ірімшік. Кейін дақылдар да енді. Олар: тары,арпа,бидай,күріш,жүгері.
Тақтада «Қазақтың ұлттық тағамдары» деп аталатын буклет ілініп тұрады.Ортаға әжеге шығып,олардың атын атайды.
Әже: Балалар,мен сендерге арнап құрт-ірімшік жасп әкелдім,ауыз тиіңдер.
Балаларға әженің базарлығы таратылады.
Тәрбиеші: Қане,қайсымыз қазақтың қонақжайлығы туралы жыр-тақпақтар білеміз?
1 бала: Қонақжай халқымыз
Қонақты қарсы алып,сыйлайды.
Қонақты сүйген салтымыз
Дастарқаның жимайды.
2 бала: Қонақ құмар балалар,
Бір-бірін ымдап жинайды.
Тәттіге тойса,тек олар,
Өзгеге иттік қылмайды.
Тәрбиеші: Балалар,қазақша етпен табақ тартқанда оның ереже дәрежесін білдіретін табақ аттары бар екенін де біліп жүрелік.Үлкендерге біз бүгін бас табақ,орта табақ тартамыз.Құрметті қонаққа бас тарту-ұлттық дәстүр.
Қонақтарға бас тартылып,үлкендер қызмет көрсетеді.
Басты алған ата: -Мына құлақты,балам,саған қырағы,сақшы болсын деп беремін.Мына таңдайды кішкене қызым,сен ал.Жез таңтай әнші болсын деп беремін.(Бәріне үлес кезегі тиеді.) Дастарқанға құрт езілген сорпа әкелініп,ет салынған табаққа тұздық құйылады. Тамақ ішіп болған соң төрдегі ақсақалдан балалар бата сұрап,ас қайырылады.
Тәрбиеші: Дастарқан-біздің халқымыздың қадірлі,қасиетті бұйымдарының бірі. Дастарқан бәріміздің үйімізде күніне бірнеше рет жайылады. Отбасының берекесін,бірлігін сақтайды.Қонағын дастарқан жайып,оған түрлі тағамдар қойып қарсы алады.Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан дәстүріміз-осы қонақжайлық.Қонағына кішіпейілдік пен жомарттығыңды көрсетсең,алғысын естіп,көңілін өседі.
Бәрі қолдан жаяды.
Ата: Ардақтадың атаңды,
Мен берейін батамды,
Сыйлап ата-ананы,
Азамат бол саналы.
Білімің де мол болсын,
Денсаулығың зор болсын.
Сәтті боп әр қадамың.
Бақытқа жет қарағым,
Әумин!
Бәрі орындарынан тұрып,қонақұтарды шығарып салады.
Тәрбиеші: Ал,балалар,бүгінгі сабағымыздан қазақтың қонақжайлығы туралы біраз нәрсе үйренген шығарсыздар?
Қарағанды қаласының білім бөлімі
КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасы
Туған жер-алтын бесік.
Тақырыбы: «Қонақ күту дәстүрі »
№3 «Балдырған» ортанғы тобы
.04.14ж
Өткізгендер: Тюлембекова М.Ж
Анарбекова Н.Т
Қарағанды-2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |