№ 15 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Тышқандар.
Мақсаты: табиғи материалдардан түрлі заттар жасай білу, үлгі
бойынша табиғи материалдарды дұрыс әрі тиімді пайдалануға
үйрету, бөліктерді ермексазбен біріктіру.
Міндеттері: - тышқанның дене бөліктерін құрастыруда табиғи материалдарды
көлемі мен пішініне қарай дұрыс пайдалана білуді үйрету;
- табиғи материалдармен құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру,
шығармашылық қиялды дамыту;
ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды: тышқанның дене бөліктерін құрастыруда табиғи
материалдарды көлемі мен пішініне қарай дұрыс қолданады;
түсінеді: тышқанды табиғи материалдардан құрастырудың әдіс-
тәсілдерін;
қолданады: қарастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай
білу іскерліктеріне дағдыланады.