б) Спекулятивті іс-шараларға бару
Жоғарыда тоқталғанымыздай, тауар бағасын əдейі аспандататын спекулятивті амалдарды
дініміз мүлдем құптамайды. Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи
уə сəллəм)
қалалықтың ауыл адамына комиссионер болуына, тауарды алуға ойы жоқ бола тұра, сатып
алушымен бəсекелесіп бағаны көтеруге, басқаның саудасына килігіп өз тауарын өткізуге тыйым
салған
[237]
.
«Ешкім мұсылман бауырының сауда-саттығына килігіп, алыс-беріс жасамауға тиіс, оның
саудаласқанының үстінен саудаласпайды»
[238]
.
«Тауарын сатып алмайтын болсаңдар, сатып алушыны арандату үшін бағаны
көтермеңдер»
[239]
дейтін хадистер бұл мəселелерде кісі ақысының мейлінше сақталуын басты
мұрат тұтады.
Қазіргі таңда экономика саласында бүкілəлемдік нарыққа едəуір ықпалын тигізетін
оқиғалар легінен құлағдармыз. Нарық өз шеңберінде миллиондаған ақшаны қызу
айналдырғанымен, бəрібір саясатқа тəуелді. Жаратылыстану ғылымдарының хаос жүйесі
теориясында «көбелек эффекті» деген ұғым бар. Бұл жүйеге болмашы əсер етудің салдарынан
орасан қиындықтар туындауы мүмкін. Ендеше, бір ауыз сөзімен, оқыс қылығы нарықты
шоршытуға жететін лауазым иелері бұған сақ болуы тиіс. Өйткені, іргесі шайқалған нарықтағы
тұрақсыздық реттеліп, бағаның бағамы бір ізге түсіп ырықталғанша, спекулятивті бизнес
жасаушылардың дəурені жүреді. Олар төтенше жағдайда өздерінен басқа ешкімге пайда
əкелмейтін қадамдарға барып, нарықтың қорғансыз қатысушыларына орасан зор шығын
келтіреді. Бұл жағдайда, бұзылған құқық оңай қалпына келе қоймайды. Себебі, кімге, қандай
шығын келтірілгенін болжап білу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |