10. Бәсекелестік талаптарын сақтамау
Бəсекелестік – тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің өз өнімдері үшін неғұрлым
ауқымды нарықты жеңіп алу мақсатында тайталасқа түсуі, барынша жоғары пайда алу
жолындағы күрес. Бəсекелестіктің екі түрі бар:
а) Таза (әділ) бәсекелестік
Ұқсас тауар өндірушілер мен ұқсас қызмет түрлерін ұсынушылардың нарықтағы
бəсекелестігі, бақталастығы тұтынушылар үшін тиімді. Таза бəсекелестер күшіне мінгенде,
нарықтың қатысушылары пайданы неғұрлым көбейту, сату көлемін ұлғайту үшін тауар мен
қызмет сапасын жақсартуға, бағаны төмендетуге мүдделі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |