Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Ысырапкершілік ету және кісі ақысы



Pdf көрінісі
бет127/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

2. Ысырапкершілік ету және кісі ақысы
Аллаһ тағала адамзаттың еншісіне жер бетіндегі бар байлықты сыйлаған. Адам баласы
берілген нығметтерді мақсатты əрі ұқсатып пайдалануда ұқыпты болғаны жөн. Мал-мүлікті
ысырап ету Аллаһ тағаланың нығметін аяқ асты ету, қадірін білмеу, яғни жақсылықты бағаламау
болып саналады. Құран кəрім: 
«Күдіксіз Аллаһ ысырап етушілерді ұнатпайды»
деген
(«Əнғам» сүресі, 141-аят). Жалпылай алғанда, Ислам адам баласын ішіп-жеуден, дүние қызығын
көруден тыймайды, бірақ, күнделікті тұрмыста орынсыз бекер мал шашуды құп көрмейді.
Ысырап деп əдетте мал-мүлікті, өзге де игіліктерді есепсіз қолданып, тиімсіз жұмсауды
айтамыз. Адамның алтын уақытын босқа өткізгені ысырап, тойып жеген соң тамақтан
тыйылмауы да ысырап. Адамның уақытты тиімсіз өткізуі өзіне ғана зиянын тигізсе, басқалардың
уақытын шығын қылуы олардың ақысын бұзғандыққа жатады.
Түгесілмейтін дүние жоқ, техникалық өркениеттің қарқынды дамуы жер бетіндегі барлық
нəрселердің шегі барына, табиғат байлықтарының қалпына келтірілуі мүмкін емес екеніне
көзімізді жеткізді. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
ысырап мəселесін сөз еткенде ағып
жатқан қара судың өзін де қажетті ғана мөлшерде қолдануды бұйырғаны ойландырмай
қоймайды. Расында, əз елші
суды өзен жағасында дəрет алған жағдайда да мөлшерден көп
қолдануды мəкрүһ деп түсіндірген. Олай болса, Пайғамбарымыздың көркем мінез-құлқынан
үлгі алған саналы мұсылман қолда барды ұқсатуға, қомағайланып ішіп-жеуден тыйылуға,
ысырап етпеуге машықтануы тиіс.
Дүниенің бір бұрышында аста төк ішіп-жеуден, яғни ысырапшылдықтан туындайтын
семіздікпен күресуге қыруар қаржы жұмсайтын ел барын, екінші бұрышында арып-ашып,
кедейліктің шегінде өмір сүретін қараша халықтың да барын жадымыздан шығармағанымыз
абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет