59
ламивудин (зеффикс) күніне 100мг немесе адефовир күніне 10мг немесе
энтекавир күніне 0,5мг, телбивудин 600 мг/тәул.
HBe-позитивті пациенттерді емдеу сероконверсияға жеткен (anti-
Hbe) және DNA HBV жойылғанға дейін созылады, HBe-негативті
пациенттерді емдеу DNA HBV жойылғанға дейін, 24 аптадан кем емес
уақытқа созылады. Сероконверсия болмаған жағдайда және оң сапалы
ПТР жағдайында терапия тиімділігін вирустық жүктеменің азаюы арқылы
(10
4
астам) бағалайды, ал бұл кезде терапия ӛте ұзақ болуы мүмкін.
Нуклеотидтер/нуклеозидтер аналогтарымен емдеу салдарынан
резистенттілік (жиі ламивудинге) пайда болуы мүмкін, ол ауру ағымының
нашарлауына, АлАТ жоғарылауына, вирустық жүктеменің артуы арқылы
байқалады. Мұндай жағдайда ламвудинмен бірге адефовирді қоса береді.
Созылмалы вирустық гепатит С вирусқа қарсы терапиясы
Созылмалы вирусты гепатит С емдегенде интерферондар және
рибавириндмен комбинацияланған терапияны қолданады.
α2а пегелирленген интерферонның стандартты мӛлшері 180мкг
аптасына бір рет, α2в пегелирленген интерферондікі -1,5 мкг/кг аптасына
1 рет. 1,4,5 және 6 генотиптері бар науқастарды емдеу кезінде
рибавириннің дозасы 1200мг/тәулік, 2 және 3 генотите 1000мг/тәулігіне.
1,4,5 және 6 генотипі бар науқастардың терапия ұзақтығы 48 апта, ал 2,3
генотиптіде – 24 апта.
Созылмалы вирусты гепатит Д вирусқа қарсы терапиясы
Созылмалы вирусты гепатит Д пегелирленген интерферондардың
стандартты дозасын қолданады.Терапия ұзақтығы - 48-96 аптаға дейін.
Күрделі, реттеуге келмейтін жағымсыз әсерлері (лейкопения 18∙ 10
9
/л атӛмен болғанда, тромбоцитопения 80∙ 10
9
/л тӛмен болғанда, ауыр
дәрежелі анемия, терең депрессия, аутоиммунды аурулар) болған кезде
емді қолданбау керек. СВГС бар пациенттерде 12 аптадан соң
вирусологиялық жауап болмаса, терапияны алып тастайды.
Вирусқа қарсы терапияны қолданғанда науқастарда айына бір рет
шеткері қанын, қабынудың белсенділік кӛрсеткіштерін бақылау қажет.
Алты айдан соң, емдеу аяқталған кейін АлАТ, HCV RNA, HBV DNA
деңгейлерін зерттейді. Егер АлАТ деңгейі қалыпты болса, HCV RNA, HBV
DNA теріс болса, онда нәтижесі тұрақты оң деп бағаланады. Вирусқа
қарсы терапияны қолданылмайтын пациенттерге базистік терапия
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: