61
Тақырып
№5
Шешім
ҚР Азаматтық кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне
сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық
құжаттар
шығарады:
Премьер-министр
және
оның
орынбасарлары – жарлықтар; министрліктер – министрлердің
бұйрықтарын, алқа шешімдерін; комитеттер мен комиссиялар
- қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар –
шешімдер; қоғамдық ұйымдар – қаулылар, жарлықтар.
Шешім өндірістік мәселелер бойынша жасалған алқалық
органдардың (директорлар кеңесі, акционерлердің жалпы
жиналысы)
құжаттарын
білдіреді.
Шешім
«ШЕШТІ»,
«ШЕШІЛДІ» деген сөздерді пайдалана отырып, басқа басқару
құжаттары сияқты ресімделеді. Шешімге алқалық органның
Төрағасы және оның мүшелері немесе Төраға мен хатшы қол
қояды.
Шешімдер келесі деректемелері бар жалпы бланкіде
ресімделеді: басқару органының атауы, құжаттың түрі
(шешім), құжаттың мерзімі мен индексі, оның шығарылған
жері, мәтіннің тақырыбы. Шешімнің мәтіні екі бөліктен
тұрады: белгілеуші және жарлық.
Белгілеу бөлігінде құжаттың мақсаттары мен шығару
себептері көрсетіледі, жоғары органның құжатының негізінде
даярланса, оған сілтеме жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: