5
КІРІСПЕ
Қазақстан
Республикасының
1997
жылдың
11
шілдесінде қабылданған «Тілдер туралы»
заңы негізінде іс
қағаздарын
мемлекеттік
тілде
жүргізуге
көшіру
және
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
барлық мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолданыс
аясын кеңейту міндетін қойып отыр. Осыған орай мемлекеттік
тілді оқытуға арналған оқулықтардың
жасалуын және оның
бүгінгі заман ағымына сай болуын талап етеді.
Ұсынылып отырған оқу құралы жоғарыда аталған ҚР
«Тілдер туралы» заңы мен 2011-2020
жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында ҚР
БҒМ жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жүргізілетін
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздері»
пәнін
оқытуға арналған.
Оқу құралы болашақ мамандардың мемлекеттік тілде іс
қағаздарын жүргізуді үйрену
барысында көмегі көп құрал
болады деген мақсатта ұсынылып отыр. Оқу құралының басты
мақсаты:
-
студенттерге мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді
жүйелі ұйымдастыру;
-
қолданыста көп кездесетін іс қағаздары туралы теориялық
мәліметтер беру;
-
түрлі тапсырмалар мен жаттығулар беру арқылы өз
беттерімен ізденуге үйрету;
-
қазақ тілінен өткен материалдарын
сауатты қолдануға
үйрету;
-
жаттығу-тапсырмалар орындау арқылы ұғыну, түсіну,
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру барысында
қойылатын
міндеттер:
Студент білуі қажет:
-
қазақ тілінің грамматикасын;
6
-
іс қағаздары туралы теориялық мәліметтерді.
Студент істей алуы қажет:
-
мәтінді сауатты оқу;
-
мазмұндау;
-
тапсырмаларды орындау;
-
үлгімен жұмыс жасау;
-
хабарлама жасау.
Оқу құралында практикалық сабақтар мен оқытушы
жетекшілігімен студенттердің
өзіндік жұмыстары бөлімдері
жеке беріліп отыр. Іс қағаздары туралы теориялық
мәліметтермен
қоса,
әр
тақырып
бойынша
берілген
жаттығулар мен тапсырмалардың түрлері де жүйелі,
нақты
сұрыпталған, ол студенттің жұмыс жасау барысында біршама
жеңілдік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: