Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет14/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Байланысты:
МТҚ

Бақылау сұрақтары: 
1. Хаттама дегеніміз не? 
2. Хаттаманы толтыру тәртібі туралы айтыңыз. 
 
Тақырып №5 
Қаулы 
Қаулы
– алқалық негізде жұмыс істейтін мекемелерде 
шешімдерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы 
мәжілістерде, 
жиналыстарда 
талқыланатын 
мәселелер 
бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың 
орындалуы міндеттелінеді. Қаулы хаттаманың негізгі бір 
бөлігі болып табылады. Ірі мекемелерде, министрліктерде 
қаралатын мәселе бойынша алдын ала анықтама және 
анықтама негізінде қаулының жобасы әзірленеді. Қаулы мен 
шешім тілдік құрылысы жағынан ұқсас. 
Тақырып бойынша жаттығулар:
1. Мәтін мазмұнын баяндаңыз. 
2.
 
Төмендегі қаралған мәселелер бойынша қабылданған 
қаулыларды табыңыз. 
Күн тәртібі 
1. ЖШС жарғысын бекіту туралы 
2. Төраға өкілдігін талқылау туралы 
3. Қызметкерлер жалақысын көтеру туралы 
4. Еңбек келісімшартын қайта қарау туралы. 
Қаулы етеді: 
а) еңбек өнімі және жұмыс уақытының көлеміне қарай 
қызметкерлердің еңбекақысы тарифке сай көтерілсін. 
ә) «Еңбек туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке 
еңбек келісімшарттарының 9,10-баптары өзгертілсін; 


20 
б) Төраға өкілдігі ЖШС Жарғысына сай төмендегідей сипатта 
бекітілсін; 
в) ЖШС Жарғысының жобасы бекітілсін. 
3. Хаттаманы оқыңыз, құрылымы мен мазмұнына көңіл 
аударыңыз. 
Хаттаманы 
жүргізу 
барысында 
жіберілген 
қателіктерді табыңыз. 
ХАТТАМА ПРОТОКОЛ 
«АТФБанк» АҚ акционерлерінің
кезектен тыс жалпы жиналысының
хаттамасы
17.07.2010ж. №1 Алматы қ. 
Жиналыс төрағасы: А.Төреханов 
Хатшы: Б.Ибраев 
КҮН ТӘРТІБІ: 
1. «АТФБанк» АҚ-ның жарияланған акциялар санының 
көбеюі туралы. 
2. Мәлімдеме жасауға мүдделі болып отырған «АТФБанк» 
АҚ-ның шешімін бекіту туралы. 
1. ТЫҢДАЛДЫ. «АТФБанк» АҚ төрағасы акциялардың 
жалпы санын хабарлады. Осыған байланысты банктік жарғы 
қоры ұлғайған. Төраға банк акционерлерінің ірі компаниялар 
екенін хабарлады. 
2. ТЫҢДАЛДЫ. Банк төрағасы «АТФБанк» АҚ бірнеше 
ұйымдармен келісім жасайтыны, бұның банктің қызмет ету 
саласын кеңейтуге мүмкіндік беретіндігін мәлімдеді. 
Қаулы: 
1. «АТФБанк» акциялары санын көбейтіп, сату туралы 
басқарма бастығының айтқандарының барлығы шешім ретінде 
мақұлдансын. 


21 
2. Келісім жасауға «АТФБанк» төрағасына рұқсат берейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет