Татуласу.
Кӛптеген заңгерлер ҥшін «делдалдық» және
«татуласу» синоним тҥсініктер болып табылады. Шындығында,
татуласу делдалдыққа ӛте ҧқсас, алайда, оның бір айырмашылығы
бар, татуластырушы тиісті дауды шешуге оңтайлы болатын, екі
жаққа да тимдірек болып табылатын, яғни «дауды әділ шешуге»
бастау болатын талаптарды анықтайды. Татуластырушының дау
бойынша шешімі тараптарға ҧсыныс ретінде беріледі, ол ҧсыныс
олармен қабылдануы мҥмкін немесе олардың арасындағы келесі
келіссӛздердің жҥруіне негіз болуы мҥмкін. Татуластырушымен
берілген ҧсыныс тараптар ҥшін міндетті болып табылмайды.
Осыған байланысты, делдал тараптармен келіссӛздер жҥргізуге,
тарапардың ӛзара келіссӛздерінде қатысуға және сол қатысу
арқылы дауды шешу нҧсқаларын таңдауға және оларды
тараптардың талқылауын байқауға міндетті болса, татуластырушы
тек дауда ӛзінің нақты кӛзқарасын ойластыруы және дауды шешу
бойынша ӛз кӛріністерін ҧсыныс ретінде тараптарға ҧсынуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |