Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы Әдістемелік көмекші құрал


- рефлексивтік қабілеттерді дамытушы коммуникативтік тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#83543
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
бастауыш

 
-
рефлексивтік қабілеттерді дамытушы коммуникативтік тапсырмалар
 
-
өзіндік даму қажетілігін өзектендіретін коммуникативтік тапсырмалар. 
 
Біздің пікірімізше бастауыш сынып оқушыларын коммуникативтік 
тапсырмаларды шешуге баулу сол тапсырмалардың пайда болуы мен 
құрылуын қамтамасыз етуде, оқыту үдерісінің жүйесін жобалауға мүмкіндік 
береді.
Л.М.Дороганов педагогикалық жағдаяттағы қарым-қатынаста үнемі 
коммуникативтік тапсырмаларды шешу үдерісі болады деген пікірімен 
келісуге болады. Автор бұл үдерісте келесідей кезеңдерді бөліп көрсетеді:
1) бағдарлау; 
2) жоспарлау;
3) өзіндік қарым-қатынас;
4) нәтижені талдау.
Біздің көзқарасымыз бойынша педагогтың бағдары оқушылардың 
тұлғалық дамуын, субъектілік өзара әрекет пен коммуникативтік жағдаятта 
көрінетін педагогикалық қарым-қатынас мақсатына бағытталуы керек. 


24 
Аудиторияның қарым-қатынас жағдаятын, коммуникация мақсатын
оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жөніндегі 
білімдерінің болуы, мұғалімге оқушылармен коммуникативтік өзара 
әрекеттестікті жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сол қарым-қатынасқа сәйкес мұғалімнен коммуникативтік біліктілікті 
қолдана білу, этикет ережелерін сақтай білу, сезімталдық, ұқыптылық, 
әдептілік, тілектестік, кері байланысты ескеру, оқушылардың жеке және жас 
ерекшеліктерін секілді талаптарды жағдайдың ерекшеліктеріне қарай 
қолдануды қажет етеді.
Коммуникативтік тапсырмаларды шешу нәтижесі педагогикалық қарым-
қатынас үдерісіне лайықты түзету енгізуге мүмкіндік береді.
Қарым-қатынастың коммуникативтік қыры белсенді субъект ретіндегі 
адамдар арасындағы ақпараттық үдерісті анықтаумен, яғни ақпараттың жай 
ғана «қозғалысына» емес, серіктестер арасындағы қатынасты есепке алу, 
оларды құру, мақсаттары, ниеттері, сондай-ақ, адамдар алмасатын сол 
жөніндегі білімдерді, мәліметтерді, пікірлерді, нақтылау мен толықтырумен 
байланысты (Г.М. Андреева). Білім беру үдерісінде және одан тыс 
уақыттарда жолдастарымен қарым-қатынас жасай білуге, сол жағдаятқа 
бағдарлану, этикет ережелерін қолдана отырып, өзінің көзқарасын дәлелдей 
білу, өзінің толғанысын, сезімін, қатынасын көрсете білу, сонымен бірге 
өзіндік бақылаудың қарапайым амалдарын қолдану, қарым-қатынас 
үдерісінде оқушылардан коммуникативтік біліктерді меңгеруді талап етіп, 
таныс немесе таныс емес жағдаяттарда өз білімін қолдана білуге 
қабілеттілікті білдіреді. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік 
біліктіліктерді меңгеруі үшін, педагогикалық үдерісті қамтитын мақсатқа 
бағдарланған жұмысты талап етеді. Мұнда коммуникативтік тапсырма 
педагогикалық құрал ретінде қызмет етеді.
Коммуникативтік 
тапсырмалардың 
аспектілеріне психологиялық-
педагогикалық талдау нәтижесінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет