оптиматтар
және
популярлар
деп аталатын екі саяси партияның
пайда болуына жағдай жасайды. Оптиматтар сенат өкілдері
мен ірі жер иеленушілердің мүдделерін, популярлар болса, қала
мен ауылдағы демократтық топтардың мүдделерін қорғайды.
Демократтық қозғалыстың жетекшілері ағайынды
Тиберий
мен
Гай
Грахттар
ірі байлардың жерлерін тартып алып, кедей шаруаларға
беру үшін жалынды күрес жүргізеді. Бірақ, олардың бұл тілегі
сәтсіздікке ұшырайды, өздері оптиматтардың қастандығынан мерт
болады.
Римнің дүниежүзілік маңызға ие құдіретті мемлекетке айнала
бастауының нәтижесінде, оның ескі билік әдісі, яғни полистік
басқаруға негізделген ақсүйектік республика құрылысы енді
жарамсыз еді. Бұл жағдай өкіметті өз қолына алу үшін ұмтылған
кейбір қолбасшылар ортасында азаматтық соғыстың басталуына
себеп болады. Ендігі соғыстарға бұрынғыдай Рим шаруалары емес,
ал халықтың түрлі тобынан, тіпті әр түрлі ұлт өкілдерінен ақшаға
жалданған әскерлер қатынасады. Билікке ұмтылған қолбасшылар
мұндай әскерлерді ұрыстан түскен олжалармен сыйлап, ақша мен
жер беріп қызықтырады. Осындай жолмен б.з.б. 82-жылы Сулла
өкіметін қолбасшылар өз қолына алады, сөйтіп демократтарға
қарсы бағытталған қанды диктатура орнайды. Сулланың өлімінен
соң б.з.б. 78-жылы оны қолдаушылар билік басына келіп, тағы да
бірнеше жыл мемлекетті тонайды, демократияны жақтаушыларды
аяусыз жазалайды, елді ойрандайды. Б.з.б. 60-жылы ғана Сулла
орнатқан билік құлап, сол дәуірдің ірі қолбасшылары Помпей,
Юлий Цезарь және Красс ортасында алғашқы үштік одақ –
Достарыңызбен бөлісу: |