112
тұрады, олар белбеуді басынан буады, біз әлемнің ортасында тұрамыз, ал жер астында
тұратындар белбеуді аяғынан буады деген ұғым қалыптасқан. Сол себепті де үш саны киелі
де қасиетті мағынаға ие болған». [2.47] Сөздің әсер етуі, сендіру ықпалына қарай арнайы
ғылыми тұрғыдан пікір келтірген, зерттеу объектісіне жол ашқан зерттеу еңбектері
баршылық. Профессор Г. Смағұлова тіл білімінде сөзбен адамды сендіру, иландыру, ұйытып
тастау сияқты тілдік қасиеттерді суггестиялық лингвистикада қалыптастырады. Мұндай
тілдік фактілер қазақ ауыз әдебиетінде біршама жиналып, әдеби жанрлық жағынан
зерттелген.
Суггестияның өзіндік формалары болады. Олар, Алла суггестиясы, Қыдыр ата
суггестиясы, әулие-әнбиелер суггестиясы, түсте аян беру суггестиясы, бақсылық
суггестиясы, құмалақ ашу суггестиясы, ырым-тиым сөздер суггестиясы.
Жалпы тілдік суггестияның табиғаты мен оған қатысты бағытталған пікірлерге назар
аудара отырып, суггестиялық формаларды ғалымдар шығу тегіне қарай екі негізгі топқа
бөліп жүр:
Олар қарапайым
тілдік суггестия
және
халықтық суггестия.
Қарапайым тілдік суггестия дегеніміз – адамдардың қарым-қатынасынан туған түрі.
Олардың жүзеге асу барысы:
-
Күнделікті қарым-қатынастағы суггесторлардың суггестиялық әрекеті
-
Суггестордың өзіндік мақсатына жетуі
-
Тыңдаушыны сендіре алу қабілеті
Ал халықтық суггестия дегеніміз – адамдардың дүниеге деген көзқарасының
қалыптасуынан бастау алуы. Жүзеге асу барысы:
-
Халықтың мифтік түсінігі
-
Діни күштерге сенуі
Соның ішінде халықтық суггестияны тудырушы ұғымдар өз ішінен үш топқа бөлінеді.
Олар: белгісіз күшке сену, емшілік, бата-тілек[2.39]
Ерте заманда өмір сүрген адамдардың ойынша, адам тілінің орасан зор күші
бар деп түсінген. Сонымен қатар адамдардың көзі де орасан зор күшке ие деп ұққан.
Мәселен, жақындарының қаза табуы, жақсы заттарының жоғалуының барлығын көз тигеннің
әсері деп түсінген. Тіл мен көз тимесін деп дұға жаздырып, бойтұмар жасап тағып жүрген.
«Тіл көзің тасқа» деген секілді тілектер осыған дәйек. Сол себепті де халық арасында сөздің
сиқырлы құдіреті бар деп түсінгендіктен «көз тиеді», «сөз тиеді», «тіл табады», «сұқ өтеді»
деген ұғымдар қалыптасқан. Көзбенен тіл жақсы адамға, затқа, жас балаға, жүйрік атқа тиеді
деп иланады. Сондықтан да әдетте әйелдер жақсы адамды немесе жақсы затты көргенде «көз
тимесін», «тфәй-тфәй», «тіл аузым тасқа» деген секілді тілектер айтып, жаман қасиеттерден
арылтуға тырысатындығы осыдан. Сонымен қатар бала өмірге келген кезінде оны қырқынан
шығарғаннан кейін, бесікке бөлейді. Содан соң сіріңке жағып, бесікті отпен аластайды.
Аластаушы әйел «Ә, құдай, пәле-жаладан сақта, тіл – көзден сақта» деп сиыну арқылы
тілегін айтады және де «Тіл көзім тасқа» деген қарғыс-тілек мәні жоғарыда келтірілген
мысалдармен ашыла түседі. Бұл жерде айтылған сөздің ағашқа немесе басқада бір затқа
емес, тасқа сіңуі тастың күшті қасиеті бар дегенге меңзесе керек. Тілдік суггестия сенім
көздерін сөз арқылы бейнелеп, адамның өзін-өзі сендіруін, сөз құдіретіне табынуын
білдіреді. Суггестиялық лингвистика адам сенімін тілдің түрлі мағыналық қабаттары арқылы
бейнелейтін, сенімге ие болудың, сенім қалыптастырудың жолдарын сөйлеу арқылы
танытатын тіл білімінің саласы. Ол тілдегі сөйлеу түрлері арқылы халықтың дүниеге
көзқарасын, ұлттық ерекшелігін сенім тұрғысынан жан-жақты талдап, суггестия атрибутына
таным тұрғысынан мән үстейді.
Достарыңызбен бөлісу: