Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет102/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Тірек сөздер:
тіл білімі, синергетика, онтология, әдіснама, лингвосинергетика, когнитивтік 
тіл білімі, түпсана. 
Annotation:
In the present article discusses becoming and determines properties of the synergetic 
linguistics and considers formation of the synergetic linguisticsas direction of research in science. 
Key words:
linguistics, synergetic, ontology, methodology, synergetic linguistics, cognitive 
linguistics, subconscious. 
Заман ағымына сай ғылымның әр саласы даму үстінде. Мәселелерді шешудің жаңа 
амалдары пайда болып, ғылымның жаңа бағыттары өрістеуде. Мұндай өзгерістер мен 
жаңашылдықтан тіл білімі де артта қалмады. Қазіргі тіл білімінде мәселелерді талқылаудың 
жаңа қырлары пайда болды. Тілде анализ жасауға синергетикалық жағынан келу дұрыс назар 
аударуды талап етеді.


109 
Синергетика (грек тілінен аударғанда synergia - серіктестік, серіктестік, кооперация) 
30 жылдан астам уақыт білімнің түрлі салаларында процестерді, күрделі жүйелердің өздік 
ұйымдасуын оқыту әдестемесі ретінде қолданылып келеді [1,1]. Тіл де күрделі, 
динамикалық, өздік ұйымдасушы жүйе болып табылады. 
Синергетика - жүйелік тәсілдеменің ерекше әртүрлілігі, күрделі жүйелердің өздік 
ұйымдасуының жалпы теориясы. Синергетика "хаостан" пайда болған ұжымдық 
құрылымның кенеттен туындау және динамикалық даму процестерін зерттейді. 
Синергетиканың негізі - анықталған хаос пен диссипативтік құрылымдардың ашық
сызықсыз жүйелері мен процестері түсінігі. Синергетиканың негізін Г.Хакен, И.Пригожин 
сынды атақты ғалымдар қалаған. Синергетика қазіргі заманғы ғылымда жаңа 
трансдисциплинарлы әдіснама болып табылады. Синергетика – түрлі жаратылыс 
жүйелеріндегі өзара ұйымдасу процесі негізіндегі заңдылықтар мен принциптерді зерттейтін 
пәнаралық бағыт [2,3]. 
Синергетикалық онтологияда тіл мен ойлаудың арақатынасы басқаша көрініс табады. 
Бірлесе әрекет ету теориясының - синергетиканың негізінде өзара әрекеттесу принципі, яғни 
синергия жатыр. Синергия грек тілінен аударғанда 
"син"
- бірге, "эргос" - әрекет деген 
мағынаны білдіреді[3,1]. 
70-жылдардан бері қарай синергетика ғылымы туралы көптеген зерттеулер, 
монографиялар жарияланып, кітаптар мен оны әр қырынан қарастырған мақалалар жарық 
көрді. Батыс Еуропада синергетика мәселелерімен айналысатын мектептер бар: бірі – химия 
бойынша 1977 жылғы Нобель сыйлығының иегері И.Р.Пригожин негізін қалаған Брюссель 
мектебі, екіншісі – Штутгарттағы Синергетика және теориялық физика институтын 
басқарған неміс физигі Г.Хакеннің мектебі. 1996 жылы Мәскеуде гуманитарлық және нақты 
ғылымдар саласын жақындастыру мақсат етілген «Синергетикалық форум» өткізілді. 
Кванттық физика аумағында пайда болып, синергетика концепция және әдіснама 
ретінде өзге ғылым салаларына да әсер ете бастады. Ең алдымен жаратылыстану бағытының 
ғылым салаларына, одан кейін гуманитарлық ғылым салаларына әсерін тигізді. 
Синергетиканың концепция және әдіснама ретінде кең таралуы оның ұстанымдарының 
әмбебаптығына байланысты болды. Себебі оның ұстанымдары ірі жүйелердің өздік 
ұйымдасу заңдылықтарын ашады. 
Жалпы 
синергетика 
ғылымы 
мен 
тіл 
білімінің 
тоғысынан 
туындаған 
лингвосинергетика ұғымына ойыссақ, тіл білімінде дискурстың өздік ұйымдасу процестерін 
зерттеу қажеттігінен және тіл мен синергетиканың байланысынан лингвосинергетика 
ғылымы пайда болды. Лингвосинергетика - қазіргі заманғы тіл білімінің өзекті бағыты. 
Лингвосинергетика соңғы жылдары пайда болған және қарқынды дамып келе жатқан ғылым 
саласы болып табылады. Тіл білімінде синергетикалық бағыттың пайда болуы В.Вилдген, 
Р.Килер, Г.Альтман сынды синергетикалық лингвистиканың неміс мектебі ғалымдары 
есімдерімен байланысты. 
Синергетикалық әдіснаманың таралуы тіл білімінің жаңа бағыттарын қамтиды: 
метафораның синергетикалық теориясы жасалуда, поэтикалық тіл мен мәтіннің әсері және 
аударма, дискурс, риторикалық әрекеттің синергетикалық заңдылықтары зерттелуде, тіл мен 
сөйлеуге қарай жүйелілік түсінігін қайта ұғындыру, диахронияда тілдің даму механизмі 
қайта қаралуда. Осы әрекеттердің барлығы тіл мен сөйлеудің түрлі ерекшелігінің болмысын 
емес, 
қалыптасуын, 
оқшаулануын 
емес, 
өзара 
әрекетін, 
идеалдандырылған 
қарапайымдылығын емес, шынайы күрделілігін таныту мен түсіндіруге деген ұмтылыстарды 
біріктіреді. Синергетика трансдисциплинарлы әдіснама ретінде осы және өзге де өлшемдерді 
лингвистикалық зерттеулерге қосуға мүмкіндік береді. 
Соңғы он жылдықта қарым-қатынастың, ғылымның әмбебап тілін табу және ғылым 
салаларының заңдылықтарын жақындастыру, байланыстыру өзекті мәселеге айналып отыр. 
Әр уақытта әмбебеп тіл рөліне әр түрлі ғылым дисциплиналары үміткер болды. Математика, 
кибернетика, лингвистика, психология осы рөлге ұсынылды. Ғалым С.В.Моташкова бұл 
рөлге мультимодальділік пен синергетиканы лайықты деп есептейді [4,2]. Себебі олар 


110 
антропоцентристік парадигманың операциялық жүйелері болып табылады. Белгілі бір 
декларациялар қабылданып, сайыстар өткізілмесе де, ағылшын тілі халықаралық 
қатынастағы тіл дәрежесіне ие болды. Сол секілді әмбебап ғылым тілі бірте-бірте пайда 
болады және ғылым салаларын бір-бірімен тоғыстырып, біріктіруге ықпал жасайды. Сол 
себептен де пәнаралық ғылым саласы болып табылатын синергетиканы тілмен, тіл білімімен 
байланыста қарастырып зерттеу тіл мамандары үшін өзекті мәселе болып келеді.
Физикадан 
бастап, 
психология 
мен 
философияға 
дейін 
қамтитын 
трансдисциплинарлы бағыт болып табылатын синергетиканың Еуропа мен Ресейде 
қарқынды дамып, ғалымдардың қызу талқылауына түскенін айтып өттік. Ал біздің елімізде 
бұл салада А.К.Қайыржанов еңбек етті. Ғалымның 2007 жылы жарық көрген «Тіл 
синергиясы» атты монографиясы ертедегі грек және славян халықтарының тілдік жүйесін 
синергетикалық тұрғыда ұғынуға арналған. 
Тілдің синергетикалық анализі коммуникативтік процестерді ұйымдастыру туралы, 
сонымен қатар, тілге үйретудің әдістемесі туралы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік береді. 
Тілдегі өздік ұйымдасу процестерімен коммуникативтік жүйе ретінде байланыста болатын 
лингвосинергетика бағытының қалыптасқаны туралы нақты айтуға болады. 
Тоғыспалы ғылым саласы болып келетін синергетиканың тілмен, тіл білімі саласымен 
байланысы өзге қырларынан қарастырып зерттеуді талап етеді. Лингвосинергетиканың 
когнитивтік, диахрондық түрлерінен басқа да жаңа сипаттарын ашуға болады. Тіл 
синергетикасын тереңірек қарастыру тілді де өзге қырынан танытуға мүмкіндік береді. Және 
осы бағыттағы зерттеулердің зәрулігене орай оны қазақ тіл білімінде арнайы қарастыру 
қажеттіліктердің бірі боп саналмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет