120
осы ат тергеудің біреуі қалса, біреуі жоғалып кетті. Ат
тергеу салты әуелде осындай
мифологиялық түсінікке байланысты пайда болған, бертін келе ондай мазмұннан арылып,
этникалық мәнге көшкен.
Көркем әдебиеттен алынған мына үзінді ел ішінде кездесетін осындай дәстүрлі әдет-
ғұрыптың жарқын бір мысалы бола алады: «Манадан ешкімді кездестіре алмай тұрған әйел,
асығыс болса да, аз кідіріп қарап қалған Байшегірге алыстан айғайлап: –Үлкен кісі, жүзден
жиырмасы кем ауылының жігіттері қайда жатады екен? Білсеңіз, жол сілтеп жеберіңізші?» -
дейді.
Әйелден сұрап сексен ауылының жігіттері екенін аңғармай қалған Байшегір:
Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім: Пайғамбардың ауылы болса да атын аташы! – деді.
Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айналасына бір қарап алды да: - Тәңірі
деген жүзге жиырма жетпесе, сексен болмаймайтын ба еді. Сексен ауылының жігіттерін
сұрамаймын – деді енді турасынан тартып» [2, 296].
Ат тергеу салты, бір жағынан ат басындағы, ағайын-туыс
арасындағы қарым-
қатынасты реттеп отырса, екінші жағынан мұндай салт адресаттың сезім-күйін де
көтеретіндей қызметтер жұмсаған.
Дәстүрлі тіл білімінде әртүрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүр
т.б. негізінде қалыптасқан этнографиялық ұғымдарды этнографиялық табу деп, тыйым
салынған атауларды алмастыратын сөздерді лингвистикалық табу деп атаған [3, 22].
Этнографиялық табудың мағыналық ауқымы кең болса, лингвистикалық табудың өрісі тар,
ол – этнографиялық табудың бір бөлігі ғана. Кеңестік тіл білімінде табу және эвфемизмге
деген терминдер болады. Табуды ауыстыратын, тыйым
салынған ұғымдардың орнына
жүретін рұқсат етілетін сөздер эвфемизм деп аталады. Қате қолданыстан бұл термин екі
түрлі лексикалық мағынада ие болады: Біреуі тыйым салынған сөздердің орнына жүретін
жасанды сөздер, екіншісі сөздің ұғымын дөрекі қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген
жағдайда оны жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер.
Профессор Ш.Ш. Сарыбаев окказионал сөздерді «тосын сөз» деп атауды ұсынды. Біз
осы ізбен оларды тосын эвфемизмдер деп атауды жөн көреміз. Әртүрлі тілдік деректерді
туыстас, туыстас емес тілдер деректерін салыстыра қарау мәселеге тереңірек көз жіберу
эфемия құбылысы туралы ұғымның шеңберін кеңейте түседі. Әсіресе мифологиялық
санамен байланысты айтуға тыйым салынған іс-әрекет, зат құбылыс «табу» деп, қарым-
қатынастың белгілі бір экстралингвистикалық жағдайында сөйлеушінің көзқарасы бойынша
айтуға дөрекілеу көрінетін сөздерді бейтарап атауларымен немесе эмоционалдық жағымды
атаулармен ауыстыруымен «эвфемизм» деп атала бастады [4].
Осы айтылғандарды ескере отырып профессор Б.Сағындықұлы жаңа термин ұсынды:
этнографиялық табуды ділік табу деп, лингивистикалық табуды тілдік табу деуге болады.
Академик Ә.Марғұланның айтуынша, «Қорқыт» жырында Ұланға бірінші ерлік қадам
жасағанша ат қойылмайды, оғыз бен қыпшақтарда, т.б. түрлі тайпаларында Ұлан белгісі
сыннан өткенше, бірінші ерлік ісін өзі көрсетпейінше оған ат қойылмаған, ол 12-14
жасқа
дейін шартты атпен (Боқмұрын, Итбай) жүрген. Көрнекті этнограф Х.Арғынбаев өзінің
этнографиялық зерттеулерінде ат тергеу салтына байланысты былай деп пікір түйеді: «Қазақ
дәстүрінде үлкеннің атын атамай, оған арнайы ат қойып, оны өле-өлгенше есіне сақтауы
үлкен әдептілік, көргенділік деп есептейтіні де ондай адамдарға барынша жұртшылық дән
ризашылықпен қарайтын. Өйткені кіші-үлкенді сыйласа, үлкен өз тарапынан кішілігін
сыйлау – халқымыздың қанына сінген әдеп» [5].
Қорыта айтқанда, қазақ қанына сінген салт-дәстүр,
әдет-ғұрыптар әлі де ізін
жоғалтқан жоқ. Біздің мақсатымыз келер ұрпаққа дәріптеп, дұрыс бағыт-бағдар беру.
Қолданыстан қалып бара жатқан табу сөздерді енгізіп жаңғырту біздің міндетіміз болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: