117
адамзаттың айтулы ақыл дәрежесіне биіктетті. Ол тек жазушы ғана емес,
біздің
заманымыздың зор дәрежеге лайық бірден бір азамат тұлға деп санаймын. Оның азаматтық
тұлғасы туралы сөз қозғасақ, оның біздің заманымыздың терең ойшыл, кемеңгер азаматы дер
едім. Ол болшаққа есімі танылған қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, Еліміздің
тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сенімді сарбазы болып өте жауапты
қызметтер атқарды. Оларды әділ, еліне деген шынайы жанашырлықпен қызмет етті. Осында
да Әбіштей алыптың қолына ұстаған туы әділ болды. Ол-әділдікті сүйді. «Адамды шын
бақытты ететін өзгелерге деген адал қызмет пен абзал мейірім» [1, 735], деген қанатты сөзі,
өзінің ұраны болса керек.
Әбіш Кекілбаев әдебиетке келгелі оқырманның да, ортасын да ойландырып келеді.
Оның әр кітабы, әр сөзі өнеге, құнды мұра. Оның ғұлама ақыл-ойы, шығармалары
шетелдіктерді де таңғалдырды. Немістің «Фольк унд Вельт» кітап баспасы жүргізген
сауалнама хаттамасында Әбіш Кекілбаевтың есімі «20-шы ғасырдың таңдаулы жазушысы»
тізіміне енгізілген.
Талай халықты мойындата білген жазушының шығармашылығымен өзге де ұлт
өкілдерінің танысуы аударма арқылы жүзеге асты. Себебі, аударма халық пен халықты,
әдебиет пен әдебиетті таныстыратын рухани құрал. Әбіштің аудармашы болуы да елең
еткізеді.
Белгілі қоғам қайраткері Қ. Сұлтанов: «Әбекең түпсіз терең ойшыл еді. Төгілсе
төңірегіне білімнің
нұрын шашар теңдесі жоқ білгір, сөйлесе сөздің құның, саф алтынға
айналдырар дүлдүл шешен, зердесі жердің түпсіз қатпарындай қат-қат жатқан сарқылмас
қазына еді» [2, 65], - деген еді.
Ұлы тұлғаға тек қазақ халқының емес өзге елдің азаматтары да пікір қалдырған . Соның
бірі Герольд Бельгер: «Әбіш Кекілбаев өз халқының ежелгі әдет-ғұрып дәстүр
тағылымдарын егжей-тегжейлі философиялық мән-мағынасына үңіліп халық өмірін, адам
жаның ішкі иірімдерін алуға тырысады» деген еді. Біз осыдан патриоттық сезімді байқаймыз.
Ата-дәстүріміз бен салт-санамызды басты орынға қоятыны сөзсіз. Әр қазақты жалғызындай
көретін Әбіштей ел қамқоршысының ел жадында сақталатыны мәлім.
Ана-Жері Үстірттен нәр алған жас Әбіштің бойына Әуезовтің рухани тағылымы құт-
береке болып дарыған. Ол қазақтың жас суреткері болып, әлем әдебиетінен өз орнын тапқан
санаулы қазақтың бірі. Қазақтың көркем прозасын Әуезовтен соң әлемдік деңгейге көтеруге
жанын салған еді. Ұстазының үлгісін 20-шы ғасырдың соңына дейін жеткізді. Қорықпаған,
қорғанбаған, даңққа кеуде салмаған, ақиқатты жанындай қорғап, ұзақ азапқа бойұсынған еді.
Тағдырға бой алдырған Әбіш Кекілбаев таза суреткер
ретінде де қазақтың көркем
прозасының адамгершілікке толтырылған туын қадап кетті. Ұлы жазушымыз ұлы ойшыл
болуы міндет емес, алайда ол кең ойлана алатын, кеңістікті кең піше алатын аса зерек, аса
ақылды суреткер болғаны бізге мәлім.
Осы орайда «Әбіш ой –титаны» [ 3, 69], – деген Б. Гафуровтың пікірі еріксіз ойға
оралады. Әдебиетте, яки мәдениет пен өнерде болсын ардақты да аяулы азаматтың ерекше
орны бар. Қазақ сөзінің қасиет қонғандардың бірегейі деп толық сеніммен айта аламын. Ұлт
перзентінің
аталы сөзі ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берері анық.
«Мен сарылып жазғанды емес, сағынып жазғанды ұнатамын. Ботасын сағынған ару-
анадаймын кейде мен» - деп жазушының өзі айтқандай, сағыныштың арқасында талай
дүниелер өмірге келді. Жазушы қаламынын ой түйіп, тәлім-тәрбие алатындай тұстары
қаншама. «Ол шындықты айтатын. Дәлелді болатын. Ол-ой айтатын. Білімді болатын. Ол-сөз
айтатын. Сөзі алмас қылыштай өткір еді осып түсетін»[4, 75] деп, замандастары еске алады.
Ол 60-шы жылдары бір сәтте сын айдынына көтеріліп, әдебиетіне әділдік әкелді. Міне оның
ұлттық мысы осында жатыр. Әбіштің рухани әлемі енді туған ел-жұртының көгілдір көгіне
еркін талмай самғауға жазсын. Әбіш Кекілбаев әлемдік өнерге де, қазақ өнеріне де ауадай
қажет тұлға деп есептеймін.
Тіршілік жетелеген алыс күнге,
Мәңгілік берер дейсің қоныс кімге?
118
Бұл қазақ жасар болса жер үстінде,
Қашанда халқыменен Әбіш бірге! [5, 78]
дегендей, Әбіш әрқашан бізбен бірге - деп,
Несіпбек Айтұлы еске алады.
«Рухы жанымызда, келбеті жанарымызда, сөзі құлағымызда, айтқаны санамызда,
жазғаны сөремізде тұрған Әбекеңді біз қанша айтсақ да жарасады» [5, 87], деген еді бір
сұхбатында Ақұштап Бақтыгереева. Ия, Әбіштей-абызға, абыздан-аңызға
жалғасқан ұлы
тұлғаны қанша айтсақ та жарасады. Ол өте биязы мінезімен бөлектенген.Талай ойлы
кітаптарды тудырған адам асқан сабыр иесі десек те қате емес. Кекілбаевтың
шығармашылығы қазақ ортасынан, түркі әлемінен, ғасыр шеңберінен озып шығып
болашаққа ұмтылған рухты құбылыс. Жазушының рухани тағылым-аманаты елінің жадында
болуға міндетті. Ол халқының трагедияға толы тағдырын айқын жазған ұлы талант. Енді
оның рухани әлемі бізге аманат болып ортамызда өмір сүрмек. Қазақтардан тағылым
дарыған соңғы көштің соңғы көш басшысы.
«Әбекең мінезге бай, өте байсалды,
қарапайым, кішіпейіл, терең ойланып сөйлейтін,
сөзге шешен, топ бастайтын көсем еді. Маған Әбіш ағамыз қазақтың атақты өкілі сияқты
көрінетін» - дейді Қуаныш Аттаханова. Қорытындылайтын болсақ, «Өлді деуге болама,
айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған», - деп Абай айтқандай бүкіл саналы ғұмырын туған
халқының елінің игілігі жолында жан аямай еңбек етіп, артында өшпес із қалдырған, ғұлама
ойшыл, атақты жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері-
Әбекең атамыздың есімі жадымызда мәңгі сақталмақ.
«Таланттарды еске алатын еңбектер, талантқа танылу үшін емес,
кейінгіге тағылым беру
үшін өтуі керек», деп Әбіш Кекілбаевтың өзі айтқандай, жас ұрпақтың санасынан ойып
тұрып орын алатындай, қазақтың біртуар азаматтарының өмірі мен мұрасын зерттеу
болашақта ұрпақ еншісінде болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: