126
1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған
немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, мәтіннің
мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны
жөн.
2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл
аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе
жазып ал, тыңда, зейін аудар, т.б.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді.
Мектепте грамматиканы
оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым
жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық
құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда
ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн [3].
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға
сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруға тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз
немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы
түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені
саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып
тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып
шығады да, ол білгендірінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады.
Сондықтан
балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап,
талдауға, оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен
жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті [4].
Жазу жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша)
түрінде де кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау
мақсатында қолданылады.
Балалардың орфографммаға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау
мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтінді, сөйлемдерді немесе жеке
сөздерді оқиды, оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде ұстайды, жазады [5].
Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері:
1. Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді оқып шығады. Балалар жақсылап
тыңдап отырады. Сонан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мұғалім әрбір
сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен
талданады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің
жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді,
ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса, түзетіледі. Осындай
жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әрбір сөйлем
оқылып, талданып барып жазылады. Кейін балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған
кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен
жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал онан әрі мәтін тұтас оқылады да,
сөздер іріктеліп алып талданады, сонан соң мұғалім әр сөйлемді оқып,
балалар
жазады. Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын
сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда ескерту диктантының тиімді болғаны.
2. Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар
мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір
ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл
түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең
бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.
3. Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады,
қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске
түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін
жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да
жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтіне емес, жеке сөздер айтылады.
Бұған
127
оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережеге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік
диктант ұзақ болмайды, 5 – 10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі.
Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді,
үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр,
жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн, т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті
әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10 – 15 сөзден
аспауға тиіс.
4. Шығармашылық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде
сурет немесе бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпқа сөйлемдер құрайды.
Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі
сөздердің дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді.
Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері
құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге де болады.
Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы,
өйткені
оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.
5.
Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп те аталады. Бірақ мазмұндамадан сәл
оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз –
балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе –сөз емес,
естерінде қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ержелер еске
түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5 – 6 жолын оқиды. Әрбір
оқылған үзінді оқушылар жаттап алатындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар
оқылған үзіндінің естерінде қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл түрі де тіл дамыту
жұмысымен ұштасады.
Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру
мақсатын көздейді.
6.
Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен
қалыптасқан дағдыларын тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін
ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім
қандай да болмасын бір
орфографиялық ережені оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады.
Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды. Егер
диктанттың нәтижесі бүкіл сынып бойынша нашар болса, қайталау диктанты
жүргізіледі. Мұндай жағдайда сол мәтіндің өзі қайтадан алынады немесе соған ұқсас
мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады [2,8].
Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты ескерілуге
және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс.
Жалпы сауат ашу тарихында түрлі тәсілдер қолданылған. Олар мыналар:
1.
Әріп теріп оқыту.
2.
Буынға бөліп оқыту.
3.
Сөзді оқыту.
4.
Дыбысты талдай оқыту.
5.
Дыбыстық жинақтау
6.
Талдау-жинақтау әдістері.
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің негізін қалаған - орыстың ұлы педагогі
К.Д.Ушинский. Бұл әдіс – сауат ашу жұмысының негізгі мақсатын көздей жасалған.
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісін жетілдірудегі басшылыққа алынған жағдайлар-
педагогика, психология ғылымдарының, тіл ғылымының жетістіктері мен уақыт
талабы [7].
Достарыңызбен бөлісу: