128
әдісі аралығында ғана қолданылуы мүмкін. Тек осы
екі әдісті ұштастыру арқылы
ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болатынын мектептер тәжірибесі
көрсетуде.
Талдау әдісі.
Сауат ашу кезеңінде оқушыларға жеке дыбыстар таныстырылады
да, әріптер сол дыбыстардың шартты белгісі ретінде дыбыстан кейін көрсетіледі.
Жинақтау әдісі.
Жоғарыда біз сөз ішінен жеке
дыбыстарды ажыратып алу
жолдарына тоқталдық. Бұл мақсат жүзеге асып, жеке дыбыс сөз ішінен бөлініп
алынғаннан кейін, сол дыбыстың таңбасы -
әріп
көрсетіледі.
Қазақ тілінде оқушылар
екі әріпті танығаннан кейін-ақ, білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту мүмкіндігі
туады. Яғни, екі әріптің өзінен-ақ сөз құрай алады. Бұл арада талдау процесі
жинақтау процессіне ауысады. Талдау
әдісінің өзінше қиындығы болса,
жинақтаудың да өзіне тән қиындығы бар. Мұнда бұрын жеке дыбыстап оқып,
үйренген әріптерден сөз құрап, ол сөзді тұтас әріптерін бір-бірімен үзбей оқу
үшін арнаулы машықтану қажет. Түрлі
әдістер арқылы, біртіндеп машықтанатын
болады [7].
Достарыңызбен бөлісу: