Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет124/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Ключевые слова: 
образ, жизнь, лирика, пейзаж, идея, герой, наставление, сатира. 


138 
Abstract: 
Characteristic of his works is that he almost never falls to rectilinear, purely logical 
didacticism, to a naked moral and guidance, and all the conclusions and arguments are given really 
in art shapes. The artistic image, both in Akmulla's creativity, and in literature belongs to spiritual 
human activity. The image of verses of M. Akmulla lives and intertwines with other images created 
by the poet. 
Key words: 
image, life, lyrics, landscape, idea, hero, guidance, satire. 
 
Ағартушы-ақын Мифтахетдин Ақмолла "Жер", "Ауа", "От" және т.б. шығармаларын 
парсы жанры бойынша жазды. Ол адам дүниесі мен табиғат дүниесін терең және кең тұрғыда 
салыстырды. Ақынның поэзиясында "өмір" туралы түсінік басты тақырыптардың бірі болып 
табылады, бұл түсінікті адам және оның тағдырын дәл, кездейсоқ жайттармен бейнелеу 
мақсатында қолданады, ал бұл оқырманға философиялық, қоғамдық-саяси және моральды-
этикалық мәселелер туралы ойлануға мүмкіндік береді. Әдебиеттанудағы көркемдік образ 
әдебиет және өнердің шынайы құбылыстарын бейнелейді. Ол әрине ақынның ой-елегінен 
туындап, ақынның шығармашылық шеберлігінің жемісі болып табылады. Көркемдік образ, 
Ақмолланың шығармашылығында да, әдебиет те де - адамның рухани іс әрекеті. Мәселен, 
келесі өлең жолдарында лирикалық кейіпкердің бейнесі жаратушы бейнесімен бірге 
суреттелген.
Қылғаны бір құдайға жарамаған, 
Пайғамбар сөйлегенің қаламаған,
Мергенге құдай берсе тура оғын,
Табады өзін ол тура жолын [1, 75].
Бұл үзіндіден бірден екі көркемдік бейнені көріп отырмыз: 
1. Құдайдың бейнесі, оның есімі адамға белгісіз болғандықтан оны әртүрлі атайды. 
"Құдай" сөзін " Сұлтаным", "Тәңірім" сияқты сөздерімен де жазуға болады. Мысалы:
Құдайым, ынсап берсін көңіліңізге (Пуст Всевышний даст вашим душам 
благовоспитанность). 
Ақиқаттың қаһары соққан ба екен, 
Хақтың жөні келгенде тіл тартпайды,
Құтылмас көптен қоян қамалаған,
Тәңірі атар өз досын табалаған. 
Келесі мысалда Алла мен лирикалық кейіпкердің бейнесі "сұлтан" сөзімен берілген:
Бейшара зарыққаннан айтқанды деп,
Сұлтаным айтылмышқа назарын сал [1, 82]. 
2. Әдебиет теориясында лирикалық кейіпкердің бейнесі автордың бейнесі емес деп 
есептеледі, дегенмен , оның да күйзеліс сезімдері де сипатталады. Ақмолла 
шығармаларындағы лирикалық кейіпкердің бейнесі арқылы көрсетілген сезімдер ақынның 
өміріндегі жайттармен, оның қоғамдық өмір мен адамдарға қарым-қатынасымен байланысы 
бар. Ақынның дүниетанымы, дүниеге көзқарасы шығармаларында айқын баяндалады. 
3. Аспан әлемі мен жұлдыздар бейнесі: ай, күн, сәуле немесе жарық (шуақ), күн мен 
түн, темірқазық. Мысалы: " Бұлттай күннің нұрын перделеген", "Көзін сал, Маржани, - ол 
Темірқазық", " Жұлдызы сары атанның қауыс болмас", "Жаралған Ай мен Күнді көре 
алмаған".
4. Табиғат әлемін суреттейтін бейнелер.
Жануарлар әлемі. Жәндіктер бейнесі: "Құмырсқа", "шаян", "шыбын", (шыбындай қотыр 
жерді іздеп қонса) (шаяндай шыдай алмай шағарсыз сіз). Құстар бейнесі: сұңқар, торғай, 
лашын, бұлбұл. Мысалы:
Сауысқан-қарғалар тұр шиқылдаған, 
Көңілі сынық ақ сұңқар баласынан... 
Ақ сұңқар айлы көлден қаз іледі... 
Торғай шырлап, бұлбұл жырлап, сайрайды...
Торғайдың күнде ұқсап тұрмыз жапалаққа... 


139 
Жануарлар бейнесі: ит, арыстан, доңыз, бұзау, бөрі, түлкі, қоян, есек... 
Есекке жүк артқанмен түйе болмайды... 
Түлкілер інде шыдап тұра алмайды,... 
Өлген дсоң арыстаннан тышшқан артық ... 
Бұзауы өлген сиырдай суалады... 
Қара ит те пайғамбарға абалаған... [3, 145]. 
2. Географиялық құбылыстар: теңіз, өзен, тау.
5. Абстрактылы құбылыстар: дүние, тағдыр, заман, бақыт, көңіл, қайғы, насихат, 
шайыр, (Дүниенің түсіп тұрмын мазарына), (Кетпеген бақыт-дәулет бас-малынан). 
Осы көркемдік бейнелердің арқасында ақын шығармаларының негізгі идеясы 
туындайды. Шығарманың негізгі идеясы дегеніміз -шығарманың негізгі принциптік мәні, 
барлық көркемдік бейнелердің жиынтығы.
Осылайша ақын шеберлігінің арқасында әдебиеттің қалыптасуына өз үлесін 
қосқандығына күмәніміз жоқ. Оның шығармаларын әртүрлі ұлт өкілдері жиналған 
аудиторияларда да оқылды, яғни ақын поқырмандар мен тыңдаушылар санын максималды 
етемін деген мақсатына да жетті. 
Ол өмір бойы надандық, сауатсыздықты жою жолдарын іздеді, сауатсыз молдаларды 
ауыстыру жайында сөз етті. Мәселен: 
Жігіттер, надан достан дұшпан артық, 
Өлгени соң арыстаннан тышқан артық,
Қолына бір наданның гауһар түссе,
Бағасын қыла алмайды мыстан артық [178].
"Артық" сөзін үш рет қатар қолдану арқылы ақын өлең жолдарының ұйқасын келтірді. 
Ақын оқу - мен білімнің маңыздылығын тірі кезінде түсінбейтін адамдар туралы бейнелеген. 
Сондай-ақ сауатсыздың қолына гауһар тас түссе, оның бағасын білмей, арзанға құнын қояды 
делінген, яғни ақын мұнда бағалы тасты біліммен теңеген.
Ақмолла шығармашылығында табиғат тақырыбы басты тақырыптардың бірі деп 
есептелмейді, бірақ табиғи құбылыстар , бейнелер оның поэзиясын айқын орын алады.
Табиғат көрінісі ұлы ақын Абайдың көркемдік әлемінің негізгі бөлігін құраса, 
Ақмоллада да дәл солай болып табылады.
Ол үшін табиғат жай табиғат қана емес, табиғатты ол қоршаған орта, жер бетіндегі 
адамдардың тарихи жаратылысы деп түсінеді.
Табиғатты суреттеу арқылы ол өзінің әділетті, әрі тыныш өмір сүруді қалағаны туралы 
жеткізді.
Ақмолланың пейзаждық шығармаларының қатары аз болғанымен, оны бұл істің шебері 
деп атауға болады. Аса шеберлікпен көңілсіз күщді, тамаша көктемді және табиғаттың 
жандануын, оянуын сипаттайды. 
Ақын шығармаларында әртүрлі табиғи құбылыстардың бейнесін қолданды деп 
жоғарыда сөз еттік. Соның ішінде "кү" туралы айтып кетпеу жөн болмас. Күннің бейнесін ол 
жылы сезім ұялататын, өмір , бүкіл әлемге сұлулық сыйлайтын шынайы құбылыс ретінде 
көрсетеді. Күннің қарама-қарсы мәні ретінде "қараңғылық" сөзін қолданды... 
Күн нұрын көре алмаған жарқанаттай, 
Үш жүз алпыс тәулігін сиқыры деп- 
Жаралған Ай мен Күнді көре алмаған,
Ай тұрғанда Шолпанға ғашық болған,
Түсінбес Күннің нұрын ол бір мыжық... 
Сондай табиғи бейнелердің бірі Айдың бейнесі болып табылады. Ақынның 
жырлауынша, Айдың бейнесі адамның ішкі жан дүниесін суреттейді: 
Ай тұрғанда Шолпанға ғашық болған,
Түсінбес Күннің нұрын ол бір мыжық 
немесе 
Ай тұрғанда Шолпанға ғашық болған, 


140 
Толған Айдан жұлдыздар зор болды ма? 
Аспанда тұрған жұлдыздан
Жарқырап туған Ай артық! 
Ал "От" атты шығармада ақын тұрмыс-тіршіліктің мәнін тереңірек ашады: барлық 
нәрсе пайда болады, жойылады... 
Дүниедегі түрлі заттан от болар, 
Сан өсімдік от боп жанып шоқ болар,
Жаратылыс құбылысы бұл дағы
От та күл боп, ақырында жоқ болар.
Топырақ бейнесі арқылы суреттелген құбылыс: 
Негіздірек бәрінен де топырақ 
Түрлі затты тудырады қопырап 
Жаратылыс өзгерісі-қиырсыз 
Топыраққа бәрі тұрар тоқырап.
"Су" атты өлеңде судың бейнесі былайша көрсетілген: 
Су ағады, көпіреді гүрілдеп,
Қыс қатады, күз жатады дірілдеп, 
Кейде тасып, кейде асып шегінен 
О да кейде суалады біртіндеп [4, 181].
Әдебиеттегі жануарлар мен құстар әлемінің бейнесі - адамның өзін-өзі танып білудің 
гуманистік айнасы. Сонымен қатар, ақын шығармаларында ислам дінінің тамыры терең әрі 
кең жайылғандығы да анық. Оның айтуынша, табиғатпен келісімде өмір сүру нағыз адал, игі 
және жағымды өмір болып есептеледі.
Абай атамыздың шығармашылығындағыдай, Ақмолланың да шығармашылығында жыл 
мезгілдері туралы өлеңдер белгілі бір ерекше орынды алады. Ақын көктемді - көңіл мен таза 
пәк мезгіл дейді. "Көктем" атты өлеңінде көктемдік көңіл күйін сипаттайды. Өлең 
жолдарында эпитет пен теңеулер көп қолданылған: Қыстың ызғар қыспағы, Күннің көзі 
қарағандай күлімдеп, Жердің жүзі жадырады, жасарып, Кесте кілем төсегендей айнала. 
"Жаз" атты өлеңінде ақын көктемгі көңіл-күйін жалғастырады. Өлеңдегі эпитеттер мен 
теңеулер тізімі: Жан-жануар жадырасып, Күллі әлем масайрасып, болды мәз, Жердің жүзі 
масатыдай құлпырды, Тербетіліп айдын көлдер, шалқиды, Мас қылады, күшті жас иіс, 
Кербез қаздай, Тілі шыққан жас баладай былдырлап. Ал келесі мезгілдің орнауымен суық 
сөздер көбейе бастайды: Сүрленіп жер, көкте бұлттар көшеді. Суық желдер жерді жалап, 
өседі, Кейлде дауыл, күн шуақты құрытар дегеннен соң бірден қыс мезгілінің жақындағаны 
сезіледі. Мінеки, автор осылайша, өз дүниетанымын өлең жолдарында жырлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет