жүректі бірдей ұста», «
Жүрегіңе сүңгі
де түбін көзде», «
Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек »
дейді ақын. Ақын өзі жырлайтындай «Алла махаббатпен жаратқан Адам атаулысының басты
қасиеті – Абайға «жылы жүрек» жатыр».
Абай «жүрек» сөзі арқылы халықтың қайғысын, мұңын, өзінің қайғы-мұңымен ұштастыра
отырып жырлаған. Ақын осы бір жинағында «жүрек» сөзін 85 рет тура да, ауыспалы мағынада
қолданған. Яғни «жүрек» сөзін елі, халқы, өзі туралы өлеңдерінде жиі қолданған. Сондай- ақ,
талданған өлеңдерін оқи отырып, ақынның көңіл-күйін білуге болады.