141
АБАЙ МЕН ПУШКИН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖҮРЕК СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Колбаева А. А.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі
: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай мен орыс
халқынының ақыны Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы. Қазақ халқы сөзге бай
халық. Әрбір сөзді әр түрлі мағынада кеңінен, түрлендіре қолдана білген. Қазақ халқының қай
ақынын алып қарасақта, «жүрек» сөзін өз туындыларына арқау ете отырып, ерекше қолдана
білген. «Жүрек» сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да өз шығармаларында көркемдеп
суреттеген. Осынау «жүрек» сөзі арқылы өздерінің көңіл - күйлерін, халқының, елінің тағдырын
суреттей білген.
«Жүрек» сөзінің мағыналары әр түрлі. Тура мағынасы –
қан айналу жүйесінің көкірек
қуысының сол жағында орналасқан бас органы
- ғылыми, медициналық салада қолданылады.
Әдебиет саласында көбінде ауыспалы мағынада кездестіреміз. Мысалы: Абай мен Пушкин
шығармаларындағы «жүрек» сөзінің қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: