Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет121/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Annatation: 
In this article the M. Zhumabaev life and poems were analysed. M. Zhumabaev in poems reported 
on the idea of Alash. The major issues and talked about the independence of the land issue. 
Тірек сөздер: 
Ақын, өлең, идея, мәселе, Алаш, тәуелсіздік. 
Key words: 
Poet, poem, idea, issue, Alash, independence. 
Қазақтың көрнекті жазушысы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтағы» бір бас мақаласында: 
«Егерде осы күнгі орысша оқығандардың арасынан «жұртым» деген шығып жатса, жұрттың 
өткізген төлеуі үшін емес, адамшылық борышты басынан атқару үшін. Мойындағы борышты 
білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» [1. 271] деген болатын. Қазақтың мұңын 
мұңдап, жоғын жоқтаған «Өткенді күнді ойласам» деп, өткен күнге көз жүгіртіп бүгінгі 
күнге көңілі толмай, көкірегі қас айырылған қазақтың ақыны Мағжан Жұмабайұлы 
«Түркістан» өлеңінде туған елдің кешегісі, ата тарихымыз арқалы тұстарынан, түркі 
жұртының тарихи тұлғаларының ерлік, өрлік істерінен түркі жұртының іргесі бүтін 
жерлерінен шежіре тарқатады. Мағжан өзімен замандас зиялылар сияқты , елді оятуда оқу 
мен білімге, тарихқа иек артады. «Басқа жұрт балалары оқу қуған, Біліммен өз жұртының 
бетін жуған» [2. 254] деп, ұлт тағдырын адамзат тағдырынан бөлек қарамайды. Мұның 
астарында қазақ үшін күрескенім – жаратқан бөліп жармайтын адам баласы үшін күрескенім 
деген ой тұр. Мағжан «Алаш» деп ұрандаған әрбір қазақ баласын «бауырым, балам, 
қандасым» деп санаған. Ғасыр басындағы аласапыран заманда олардың жан айқайы өлең, 
жырларда көрініс тапқан. Ол күнде қазақтың қажеті һәм кемшілігі жағынан болса да көп, 
солардың арасында ең бірінші – жер мәселесі. Ата қонысынан айырылған қазақ жерлеріне 
босқындардың келіп таптауы, қазақтардың өз жерлеріне өздері иелік ете алмауы сол кездегі 
көтерілген ең басты мәселелердің бірі болатын.
Мағжанның өлеңдерінде заман шындығы халықтың басынан өткен тарихи белестерді 
ойға алу арқылы түсіндіріледі. Ол Шығыстың, оның ішінде түркі елдерінің кешегі тарихына 
көз жібереді. Бір кезде жайлаған мекенін еске алады. «Түркістан» өлеңі соның айқын айғағы. 
Түркістан – тарихта аты мәңгі өшпес, көне түріктің айбынды тұғыры. Түрік бабаларымызды 
бауырында ерлікке баулыған, мәдениетімен, қайсарлығымен даңқы шыққан Түркістан – аты 
әлемге әйгілі, ежелгі мәдениет орталығы. Қазақ – түркі тілдес ұлттардың бірі, ер түріктің 


133 
ұрпағы. Түркістан – қазақтың алтын бесігі, ақ ордасы. Түркістанды ежелде «Тұран» деп 
атаған. Тұран – шегі шетсіз Арал теңізімен, Сарыарқаның сары даласымен ұштасқан, қазіргі 
«Түркістан» деп аталатын жазықта орын тепкен ежелгі мекен. Өз заманында қазақ 
хандығының ордасы болған Түркістанда қазақтың бар өмірі мен салт-дәстүрі күні бүгінге 
дейін ұрпақтан ұрпаққа сақталған қазақтың қасқа жолды Қасым ханындай, Тәукедей 
данышпанындай, Алаштың арыстаны болған Абылайдай ақылгөй, дана басшы болған 
арыстай азаматтары туған жердің атын аспанға өрлетіп, мәртебесін әлем танырлық биікке 
көтерді. Ақын Тұранның жері мен суын, көлі мен шөлін, өзен-суларын, тауларын, теңізі мен 
аралын, Ыстықкөлін, Жейхун мен Сейхун дарияларын, Тянь-Шаньдай, Памир мен Алтайдай 
тауларын ғажайып көркемдікпен суреттейді. Тұранды мекен еткен ер түріктің билері мен 
батырларын, ғұлама ғалымдарын, ел басқарған хандарын еске алады. Міне, осылайша 
бірлікте өмір сүріп, іргесін жауға бермеген түрік дүниесі бүгінде бірнеше елге бөлініп 
кеткен. «Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?» [3. 110]-
деп, Мағжан қазақты сол ер түріктің бір мұрагері санайды. Ақын қазақтың осынау даңқты 
шаһарын жаннан қымбат бағалап «...Шер батса, кім іздемес туған жерін, Тұлпар да көксемей 
ме туған жерін? Арқаның ардагері – қалың Алаш, Тұранда біл-білсең сенің жерің!-деп туған 
елі [3.113] – Алашқа ұран салады. «Тұран», «Түркістан» деген образды бейнелер арқылы 
Мағжан осылайша Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете жырлайды. Оның бүкіл 
өткен жолына шолу жасай отырып, тарихтың небір ерлікке толы, бейбіт өмір жайлаған 
беттерін парақтайды. Бір кезде Тұранды мекен еткен ер түріктің бүгінде бірлігі азайған. Бас-
басына ел болған, жеке халықтарға бөлініп кеткен. Шығысты дәріптейтін өлеңдерінде 
Мағжан осынау түркі халықтарын бірлікке шақырады. Сонда ғана Батыстан келген қиянатқа, 
Ресей патшасының отаршыл саясатына қарсы тұруға болатынын ұқтыруға тырысады. Киелі 
Түркістан жерін жырға қосқан Мағжан Жұмабаев әрбір сөзіне терең тоқталып, тарихпен 
байланыстыра отырып, жердің қасиетін, әрбір шөлі мен көлін мақтап, тіл жетпейтін Тұранды 
жас ұрпаққа жеткізіп, тебірене таныстырады. Сонау Афрасияб билеген заманнан, қазіргі 
Түркістан халіне дейін сөз еткен. «Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? Түрікке адамзатта ел 
жеткен бе? Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял, Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!» [4. 114] - 
осы жолдардан Тұранның жері киелі, елі де, жұрты да, ерлері мықты да, қайратты да 
болғанын көре аламыз. «Түркістан» – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің 
қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі. М. Жұмабаев - өз тілін, 
ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын. Ол Түркістандай киелі жердің 
перзенті болғанына мақтанады. Әр ғасыры, әр күні, әр мезеті ғажап өмірмен тоғысқан 
Түркістанның киелі көк күмбезі де көктегі күнге шағылысып, әлемді өзіне қаратқандай 
көрікті. Тарих төрінде тұғырлы орын тепкен Түркістан – қазақтың көне тарихи, өткен дәуірін 
айғақтайтын символы. 
Мағжан өлеңдеріндегі ең басты тақырып – ел мен жер тағдыры. О бастан-ақ халқына 
азаттық өмір тілеген ақын туған елінің өткен тарихына үнемі көз жіберіп отырады. Сол 
арқылы тарихи шындықтың бетін ашады. Атап айтқанда, «Өткен күн» атты өлеңінде Еділ 
мен Ертістің арасын жайлаған қазақтың бір кездегі жайнаған даласы мен көкорай шалғынды 
жайлауын, айна көлдері мен алаңсыз күн кешкен тұрмысын, қаһарман батырлары мен әділ 
билерін, ел тұрмысының сәні болған ұлттың салт-дәстүрлерін мақтан ете отырып: «Өткен 
күнді ойласам, Ойға терең бойласам, Кешегі қайран қазақтың, Сәулеті мен дәулеті, Көз 
алдыма келеді,» [4. 136]- деп, өткенді аңсап емес, қолда бар асылынан айырылғанын өкіне 
баяндайды. «Күшің кеткен баяулап, Жүрсің атсыз жаяулап, Ит надандық желкеңде, 
Шабайын деп аңдып тұр, Қылышын ұстап таяулап»,[4. 138]- деп, ақын сол заманның 
шындығы арқылы әлгі сауалдарға жауап береді. Қазақ даласындағы 1917 жылғы төңкерістер 
тұсындағы жағдайды жырлауда да ақын дәл осындай шыншылдықтан жаңылмады. 
«Бостандық», «Есімде... тек таң атсын», т.б. өлеңдерінде ақынның халқының тәуелсіздігі 
жолындағы жанын құрбан етер ерекше қайраты сезіледі. «Бостандық» өлеңінде: « ...Көк есігі 
ашылды, Жұмақ нұры шашылды. Келді ұшып бостандық»,[3. 55]- деп қуанады, бостандықты 
ізгі періштеге теңейді. 


134 
Мағжан – қазақ өлеңінің көркіне көрік қосқан, саздылығы мен әуезділігін әсемдеген 
ақын. Ең бастысы, Мағжан Алаш тағдырын өз тағдырынан артық көріп, елі үшін, жері үшін 
шырылдап, өлеңінде қоғамдағы келеңсіздікті сынға алып, сөзімен сыр бөліскен қаламгер. 
«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, -депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -Сол 
қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының, Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», [5. 
216] -деп шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М. Жұмабаев өлеңдерінің 
құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан 
Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып 
айтады. Мағжан – ұлтжанды ақын, ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол 
әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан 
лүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқырманын сұлулық 
әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет