Ауылым-алтын қазынам



Дата08.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#117829
Байланысты:
Document
лекция 4, лекция 4, лекция 4, Политическая система каз А5, Политическая система каз А5, Document, 8, 8, 5В050400-Журналистика, 5В050400-Журналистика, Политическая система каз А5, Политическая система каз А5, 5В050400-Журналистика (1)

Ауылым-алтын қазынам
Ауыл-адамзаттың дүние есігін ашып , өмірге келгенде кіндік қаны тамған киелі мекені.Ауыл-қазақтың алтын бесігі,күре тамыры.Аты аңызға айналған көптеген ақын-жазушылар,небір даналар ауылдан шыққан.Әр адам үшін туған ауылы қымбат.
Менің де кіндік қаным тамып , туып өскен жерім бар.Ең алғаш ауылым 1932 жылы «12-ші ауыл» болып құралған содан кейінгі атауы «Қызтуған» болған.Ал 1950жылы «Жданов бөлімшесі» деп аталған.1993жылы «Тұрар Рысқұлов» есімі беріліп, қазіргі таңда осылай аталып жүр.Ауылымда 220 жанұя, 1300 адам тұрады.Ауылда √28 Жалпы білім беретін мектеп, фельдшерлік пункт, клуб, кітапхана және дүкендер бар.
Шыны керек, игі жақсының барлығы дерлік осы ауыл дейтін ұлы даладан шығады емес пе?Сол сияқты меніңде ауылымнан білімді,батыр,қайсар тұлғалар шыққан.
“Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал бекерге айтылмаған, ауыл адамдары өздері қаржы шығарып ұйымдасып, үлкен мешіт салдырған.
Ауылымның жастарының белсенділігі жоғары болғандығы соншалықты, жыл сайын ұлттық мерекелер мен ұлттық ойындар, түрлі іс шаралар өткізіліп отырады, қайырымдылық көмек көрсету жағыда ескерусіз қалмайды.

Ауылдан жырақ жүрседе «Қарашада қара үй тұр,қаралай жүр артыңа» деген жырау сөздерін естен шығармауымыз тиіс. Маған бәрінен бұрын ауылымның табиғаты ұнайды. Көктің иісі сіңген таза ауа мені бір керемет күйге бөлейді. Үйлердің баулары бау емес, орман-тоғайдай. Жемістері қашан көрсең самсап пісіп, жерге домалайды да жатады. Ауылдағы үйден құрт, май, ірімшік, айран, сүт үзілген емес.

Туған жер-алтын бесігің.Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым.Туған жер,туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?!Туған жердің қадірін әркім әр қалай түсінеді.Менің түсінігім бойынша оның қадірі дүниедегі ең ұлы нәрсемен пара-пар.
Себебі-ол сенің әлпештеген анаң,аялап өсірген әкең,туған туысың,сені білім жолына жетелеген ұстазыдарың,сол білімге ұмтылу жолындағы тай құлындай жора жолдастарың, қызыққа толы өткен балалық шағың,туған үйіңнің ауласы.Мен туған жердің, ауылдың қадірін біле жүрейік дегім келеді.

Естай Азина


М.Х Дулати атындағыТараз Өңірлік университетінің 1-ші курс студенті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет