Мұқаш пен Ысқақ екеуі де майданға аттанды. Олардың қысы, жазы бағып өсірген әрі жүйрік, әрі күшті тұкымды «Танат» колхозының жылқысы жас жылқышылардың қолында калды



Дата26.06.2018
өлшемі35,52 Kb.
#44425
Жылқышы

Мұқаш пен Ысқақ екеуі де майданға аттанды. Олардың қысы, жазы бағып өсірген әрі жүйрік, әрі күшті тұкымды «Танат» колхозының жылқысы — жас жылқышылардың қолында калды. Колхоз бастығы Исатайдын жаз шыққалы жылқыны көргелі келгені осы. Исатай егіс шаруасы жайланып көңілі орнықса, әдейі келіп жылқыны аралайтын. Кейде күнімен жылқы ішінде болып, дем алатын. Қар кеткелі Исатайдың жылқыға келгені бүгін еді. Ол алдымен көк айғырдың үйіріне келіп, оның сұлу мүшелі дөнен, бестілерін, саңлақты сақа биелерін көріп, аттан түсіп біраз отырды. Бірақ осы жылқынын іші Исатайға онша қызықты емес тәрізді. Әлденені қо ңылтақсығандай, самарқау ойда. Оған мұндай ой салған осы жылқыны жаз ыстыққа күйіп, қыс аязға тонып бағып өсірген інілері жоқ. Олар сонау жаумен алысып қан майданда жүр. Тұңғыш ұлы Тұрсын, оны да кеше әскер қатарына аттандырды. Ауылдағы шаруадан оңашаланып ен далаға шыққанда оны осы ойлар әлденеше қиырға жетектеді.

Танат тауының көкбурыл саласы, бұрқырап аққан кар суының мөлдір бұлақтары да оның көңілін сергітпейді. Жалғыз-ақ онын ойын бөліп, көнілін сергіткен бір нәрсе көк айғырдын малдан бөлек, ерекше, бір кылығы болды.

Исатай жылқы ішіне келгенде көк айғыр үйірінін шетінде жүре жайылып, кісінеп жүр еді. бір мезгілде арқырап, Танат тауын бауырлап жорта жөнелді. Қайыра-қайыра кісінеп алды да, жоқ болып кетті. Исатай таң-тамаша қалды. Ол көк айғырдың көп сырын білетін, әсіресе үйірінен мінілген бір тайын іздеп, әлденеше күн арқырап іздеумен болатын. Ондай кезде көк айғыр жылқының барлық өрісін шолып шығатын.

Көк айғыр екі биені жетектеген кісіге бірсыпыра жерге шейің еріп барып, үйіріне қайтып келген-ді. Өйткені түнде құлындаған көк биенің құлыны әлі ширамаған болатын. Көк айғырдың ұзамағаны да осыдан болғанды, Көк айғыр жаңа туған құлын ширағанша, одан ұзамайтын.

Жылқыға кісі келгенін байқап, көк айғыр тағы сол биелерді іздеп жөнелді. Көк айғырдыц бұл кетісі Исатайға бір ой салды. Мал жайын сөз еткенде Ысқақ көк айғырдың кейбір осындай мінезін айтып мақтайтын. Онда Исатай өз інісіне: «Қой, беталды бөспе, ол кісі деймісің!»—деп тоқтатып тастайтын. Шынында ол көк айғырдың кейбір есті мінезін сенімсіз көретін.

Ал мына мінезі Ысқақтың айтатын қасиетіне айғақтай, өз көзімен көрді. Кенет ол: «Ал осы жылқыны кім бағады? Ауылдың бәрі Мұқаш пен Ысқаққа сеніп жылқының маңына бармайтын»,—-деп ойлады.

Артынан келіп сәлем берген Ғабдылды Исатай байқамай да қалды.

-  Аман ба, карағым? Оқудан кашан келдің? Мына кер құнанды қашан міндің? — деп, Исатай Ақбұлақ мектебіндегі Ғабдылдың ойда жоқта келгеніне таңырқағандай болды.

-  Ата, мен оқудан көктем каникулына босанып келгем. Кер құнанды Жексембі атамнан сұрап міндім. Апам жас құлыны, туатын биесі бар жылқының ішінде кісі жоқ шығар, окуыңа қайтқанша күндіз жылқыда бол деп жіберді.  Сіздің  мұнда жүргеніңізді    білгенім  жоқ,—деп жауап берді. Әкесі Мұқаштың майданға кеткенін, оның орнына жылқыға белсеніп шыға қояр ер азаматының бәрі де соқада және басқа жұмыста жүретінін түсінген Ғабдылға Исатай ішінен қуанды. Оны үғындырып, малға жіберіп отырған Ғайни келініне де өте риза болды. Ғабдылды сынағысы келіп:

— Жылқыда жалғыз жүргенде корықпайсың ба? Танаттың касқыры қатты ғой, өзің білесің,— деді Исатай. Ал анау Бөрілісайда қасқырдың ұясы бар, биелер әлі құлындап болған жоқ. Ол сайға күшіктеген қасқыр алысқа ұзамайды, осы жылқыны ториды,— деп Исатай жылқының шетін қайыра, аяңдап келеді. Исекеңнін бедеу көк биесінің аяңына бүлкілдеп желіп ерген Ғабдыл: — Ата, мен қасқырдан қорықпаймын. Көк айғыр қасқырды өзі де жылқыға жолатпайды және Саябай бар, Ысқақ ағам бар, былтыр қасқырдың бөлтірігін соққанда көргем. Бөлтіріктердің енесі тап Шағыр атамның көк қаншығы сияқты екен. Саябай көк бестімен жетіп қайырып келгенінде, Борлықақтың қамысына кіріп қана құтылып кеткен,— деп қасқырға бойы үйренгенін айтып біраз әңгімеледі.

Ғабдыл биыл ғана он төртке шыққанмен, жылқыға үйір, атқа берік болатын. Ол өткен жазда да күндіз бойдақ жылқыны бағып, кейде жылқышыға қосылып түнгі күзетке де барғанды...

Жаңа шыққан соқашылардың жүмысын көре кетуге Исатай Танат сыртына асты. Исатайдың алдынан жүре шалып, кісінеп қойып жылқыға қайтып келе жаткан көк айғыр кездесті. «Жылқы өсерде айғыр үйірсек, ел өсерде жігіт ұйымшыл»,— деген қазақтың мақалын еске алып, көк айғырға бұрынғыдан да риза боп келеді.

Танат тауының ең биігі Зорбас шоқысы асқақтап ұшар басын аспандата, Исатайдың көз алдынан көлденеңдей берді. Көптен басына шықпаған Исатай қызықты білем, көк биенің басын Зорбастың қиясына қарай бұрып, қырқалай аяңдайды. Сырттың жоталанған тау--салалы қоныстары бірінен соң бірі тізіліп, сүйкімді көрінеді. Алдымен бұлдырап шыға келген Мейзек биігі, Тұлпардың шоқысы, Сегізауыз, Көкшетаү, айнадай жарқыраған Борлықақ, түймедей қылтиып көрінген Түлкібас, Көксеңгір, алыстан бұлдырап көрінген Шұбар айғыр, Жорғадан бергі балапан таулар бірінен соң бірі Исатайдың көз алдына өмірден өткен талай тарихты тізіп әкеледі.

Исатай жайлаудың жалпақ алабын көзімен тегіс шолып өтті, Оның көз алдынан Борлықақтың айдынына шомылып, қамысынан қоға тартқан, балапан қуып, балық сүзген күндері, жайлау бәйгілерінің карақшысы болған анау Мейзек, құнанға мініп сан бәйгеге шапқаны, онан жігіт болған кезде, мына тұрған Көксеңгірдің ба-уырындағы бір тойда балтыры жарқырап балуанға түскені тегіс тізіліп өтіп жатыр. Өмір шіркін қандай өзгергіш.  Оның өзі ортақ бір сыр, өңі тотықпаған жап-жаңа күйінде есіне түсті. Ол сырдың желісін ұстап жатқан анау Елікбай қағы... Ол қақ Исатайға биыл көп жылдан бері суды көп ұстаған жылы болып көрінді. Өйткені су аз жылда ол үш бөлініп калатын, ал биыл бәрі- тұтасып, айдын көл болыпты. Ол кақ көктемде суды мол ұстаса, шалғыны қалың, шөбі шүйгін болады. Әсіресе жылқыға өте қызықты жайлау. Мал қамын өте ерте ойлап, қонысты күні бұрын сайлайтын Исатай жылқы фермасын май айынан бастап-ақ  Елікбайға көшіруді есіне алды.

Исатай Зорбасқа текке шыккан жоқ. Ол қоныс бақылау оймен шығып еді. Енді жылқының жазғы жайлауын осы арада белгілеп қойды. Жылқының ішінде құнанын шалдыра аралап жүрген Ғабдыл арқырап шыға келген көк айғырды көргенде қуанып кетті. Ол қашан болсын жылқыға келгенде көк айғырды, соның үйірін ыстық көріп көбірек аралайтын. Әсіресе көк айғырдың жерге тиген ұзын қалың жалын, нардың өркешіндей биік шоқтығын, ұялы қалың құйрығын тамаша көретін. Ол көк айғырдың есті мінездерін әкесі Мұқаш әңгіме етіп айтқанда, тек әншейін бір мал деп ұғудан гөрі тіл үйретілген цирк аттарының түрінде түсінетін. Сондықтан да ол жылкы ішінде көк айғыр барда қорықпай, мықты серіктің қасындамын деп білуші еді.

Қыстан алатаң болып шыққан құр айғыр, ескі түгін тастап,  кұндыздай  құлпырған еді.  Оның үстіне үйірге түскен соң, камшыдай катып, жұмырланып алған екен Көк айғырдың бүгінгі сыйпаты Ғабдылды онан сайын қызықтырды. Ол көк айғырдың қәзіргі түрін өзі оқыған кітаптарда суретін көретін арыстанға ұксатты. Көк айғыр жылқыға келе өзінің калың үйірін иіре қайтарып, жинап алды. Жаңада құлындаған жүйрік кер бие шуақтап жатқан құлыннан ұзай алмай жылқыдан кейіндеу тұр еді, көк айғыр оны айдап келді. Оның кішкене каратөбел кұлыны   енесінің   алды-артын   орап шапқылап,   жүйткіп-жүйткіп алады.

Қыстай сабақта іші пыскан Ғабдыл малдың кызығына алданып, күннің батуға барғанын да сезбей қалды. Ол кер құнанды жылқыға жіберіп, Жексембі атасы айтқан күзеттің құла айғырын ұстап мінбек еді. Бірақ үйірге түсіп желігіп жүрген жарау айғыр балаға ұстата коймады. Шүу дегенде жымқыра келіп құрық салып жібермеген соң, бала екенін сезіп, құла айғыр басынып манайлатпады. Айғырды ұстаймын деп Ғабдыл күнді батырды. Ымырт жабылып, қас қарая бастады. Жылқы мен ауыл арасы бірсыпыра жер. Исатай қайтып барма-са, ауылда жылқышы міне қояр ат та жоқ. Батыс жақтан көтерілген қою қара бұлт ұлғайып, калыңдап келеді. Анда-санда жаркылдап, алыстан күннің күркіреген даусы да естіледі.

Ғабдыл жылқыны тастап үйге қайтпақ еді,бірақ жыл-қының күн батканда иесіз қалуын ұнатпады. Оның үстіне құрық көтерсе, тұра калатын құла айғырды ұстап міне алмағанын өзіне үлкен мін көрді. Бұдан бұрын түнде жылқы күзетіне жалғыз барып көрмеген корқыныш тағы қабаттайды. Нажағай ойнап жарқылдаған қара -бұлт жақындаған сайын қысылады. Жылқыға алданып жүріп, қарны ашқанын да білмеді...

Алыстан үнірейіп, Бөрілісай да күшіктеген аш қасқырларын кеш бата жортуылға өргізіп жатқан сияқтанды. Айбынды айғыр, қызықты құлын, сүйікті жылқының бәрі оған қәзір қатер құшағына кіргендей болып көрінеді. Ол жылқынын шеттеп жайылғандарын иіре, көк айғырдың үйіріне қарай кайырады. Ширамаған жас кұлындарыныц жайына қарай үйірін топтап, түнгі күзетіне әзірлегендей, көк айғыр да жылқының жел жағын ала жайылады. Ауыл жақтан ат дүбірін, қараңдаған кісіні күткен Ғабдыл жалығуға да айналды. Кешеден ер алынбаған  кер  құнанға да жаны ашып  барады. «Көк жалап қара тіл болмаған қараөзек шақта құнанды әлі жібермей   мүнша неге   ашықтырдың?» деп   Жексембі   атасы ұрысса не дейді?..

Бұлт бұрынғыдан да тұнжырап, жел екпіні үдей түсті. Нажағайдың жарқылы да жиіленіп, Танат тауын бүркей берді. Оның үстіне жүрдек кер айғырдың үйірі желге беттей бірмұрттап Бөрілісайға қарай тартып барады. Ғабдыл жылқыны бытыратып алудан корқып, ұзанқыраған кер айғырдың үйірін барып қайырды. Бірақ оның елегізген құлағына желдін суылынан аш қасқырдың ұлыған шуылы естілгендей болады. Көзіне былтырғы өзі көрген желіні салақтаған күшікті қасқыр елестейді. Әсіресе Бөрілісайдан сескенеді. Жылқыны кайырып келе жатқанда,  көзіне Исатай атасынын жуас қара жорға аты түсе кетті. Қыстай қолда болып, өзі сан мінген әрі жуас, әрі күйлі атты ұстап мінсем деп қызықты. Бірақ,  қар суымен семіртуге жіберген атты ұстап мінсе, Исатай атасы не дейді? Одан тағы қысылады. Ал ол атты мінгенше, мына қараңғы түнде қасқыр келіп қалса, аш құнанмен не бітіреді,— оны да ойлайды.

«Шауып қинамаймын және Исатай атам аш құнанды жіберіп мінгеніме ұрыспайды» деген ойға жеңдіріп, Ғабдыл қара атты құрық салып ұстады. Құрығымен жетектеп көк айғырдың үйіріне қарай алып жүрді. Ондағы ойы, қасқыр-масқыр жағаласа, көк айғыр өзі де қуып кетеді деген ой еді. Бірақ көк айғырдың үйіріне таяғанда, қара ат құрық жетегіне жүрмей, кейін шегінді. Қара аттың қараңғыда қалт тұра қалуында құлағын алдына тігіп қорыққан белгі бар еді. Содан қымсынған Ғабдыл айналасына жалт-жалт қарады. Ешнәрсе көрінбеді, тек үйірінің Ғабдыл жақ шетіне шығып, құлағын тіге қарап тұрған көк айғырды байқады. Қара аттың көк айғырдан қорқып шегінгенін ол енді сезді... Өз үйіріндегі еркек жылқыны қумағанмен, көк айғыр өзге еркек жылқы үйірін маңайласа жер түбіне жытыратыны Ғабдылдың есіне жаңа түсті.

Сол жерде құнаннан түсіп, ерін алып, жүгенін жаңа сыпыра бергенде, күн қатты күтірлеп таяу жерден жарқ ете түсті. Кенет үріккен қара ат .құрықты ала жөнелді Әрі күннің жарқылынан шошынған, әрі мойнындағы құрықтан елең алған ат жылқыны шошытты. Құнаннан да, аттан да, қолдағы құрықтан да айрылған Ғабдыл айқайлайын десе, үні шыкпайды. Жүгірейін деп еді, буыны құрып, бір топ тобылғыға сүрініп мұрттай ұшты. Құрық әкеткең қара аттан шошынған жылқы шұрқырап о да ұзап барады... Қалт тұра қалып тыңдап еді, адамның даусы екен. Ол құлағына жылы тигенмен, өзі үрейленіп тұрғанда кімнің үні екенін аңғара алмады,

Аздан соң жылкының кісінегені басылып, тиышталғандай болды да, «Ғабдыл!» деп айқайлаған дауыс ап-анық естілді. Ғабдыл қаншама үн берейін десе де дыбысы шықпайды. Өзінің куанып тұрғанын да, қорқып тұрғанын да ажырата алмады. Үн өзіне қарай бір таянып келіп, тағы әрі қарай ойысқандай болады. Ғабдыл алғашындай емес, жылқыны тоқтатып қайырған кісінің дыбысын есітіп, жүрегі орнына түсейін деді. Жылқынын қарасы да шоғырланып көріне бастағандай...  Енді тұра

қалып айқайлап еді, шырылдаған даусы өте әлсіз шығып, өзіне де әрең естілді. Бірақ даусы шықты бұл жолы... Дем алып тағы айқайлады. Айқайы басыла бергенде күн тағы жарқ ете түсті. Бұл жарқ еткенде Ғабдыл бағанағыдай емес, бойы үйренген екен, көзін жұма қалмады, алдына тап-таяу жерде өзіне қарай келе жатқан бір аттыны көрді. Ғабдыл қуанып кетіп тағы айқайлады. Атты кісі қасынан дыбыс берді. Қасына келіп қалған екен: «Ғабдыл!» — деді Исатай атасы. Исекеңнің бағана егінге кеткеннен оралған беті еді.

Исатай соқаға жегуге апарған биенің бірі шәлкестеніп жүрмегенін керіп, соны жылқыға қоса кетуге бұрылып.еді. Ол Ғабдылды жылқыдан қайтқан шығар деп

«келсе де, жылқыны үркітіп құрық мойнында жүрген қара атты көріп, Ғабдылдың қайта алмағанын аңғарғанды. Бағана ғана: «Қасқырдан корықпаймын» — деп, жылқы бағуға дайын екенін айтқан Ғабдыл Исатай атасынан жаман ұялды. Қара атқа құрық іліп жіберіп, жылқыны үркітіп, түн ішінде жаяу қалған жас жылқышы атасына не айтарын білмеді. Осының бәрін сезген Исатай, Ғабдылды артына мінгізіп, қара атты жетектеп ер-тоқымды іздеді.

— Сен мына құла айғырмен ауылға бар, Жексембіні жылқыға тез жібер, сен кешіккенге қорқып отырған шығар, барып Ғайни келінді қуандыра ғой!..— деп Исатай Ғабдылды үйге жіберді.

Бағанағыдай емес, күн күркіреуі бәсең, нажағай сирек жарқылдайды. Бұлттар да бозалаң тартып, қалың жауын Абралы тауына қарай ойысқан. Осы кеңшіліктің бәрі бойын сергіткен Ғабдыл құла айғырдың құлағында ойнап ауылға демде келді.,.

Соқаның арты бітпей-ақ  Исатай жылқыны Елікбай қағына көшірді. Ақбұлақ мектебінен оқуын аяқтап Ғабдыл да біржола босанып, ауылға келді. Биенің саууын, қымыздың бабын білетін Ғайниді де Исекең жылдағы әдетінше жылқыға көшірді.

Ғабдыл көктемгі түнді әлі ұмытқан жоқ. Ол малға икемсіз, әсіресе әлі күнге ат ұстап міне алмайтын деген атақтан қайтсем құтылам дейді. Ғайни де оған қатты намыстанып, Ғабдылға ұрысып та алған...

Ай жап-жарық, жібектей жұмсақ арқа жазының әдемі түндері басталды. Қар суымен тойынған жылқының бәрі семіз. Жабағы түгі түлеген тайлар тіпті әдемі. Ғабдыл күндіз тай үйретіп, асаумен алысады. Бие байлағанда құлын қуатын жүйрік жирен айғырды Жексембі атасынан сұрап мініп, биелерді желіге қуып тығады. Кейде мінілетін тізгін кашаған бойдақ жылқыларды да жирен айғырмен ұстап үйреніп жүр. Қашаған қуғанда қақтықпай кабырғасынан жалтыратып жирен айғыр асау тай, құнанның адымын ашырмайды...

Жылқы суын ішіп, өріске карай беталып барады. Желіден босанған асау құлындар, желі басында құлынына алданып бөгелген биелер жүре жайылып, желге беттей өріске тартты. Жексембі де күзет атын ұстап алып, ерттеп, қамданып жатыр еді.

—  Ата!—деді Ғабдыл қасына келіп,—ай жарық қой, бүгін жылқыға мен барайын, сіз тынығыңыз,— деді. Өйткені қактың суы жылып кетті деп Жексембі күндіз кұдық аршып, ұйықтаған жоқты. Аз ойланып тұрып Жексембі:

—  Бара ғой, қарағым! Бірақ жылқыны Мейзекке қарай қайырып ал және күзетке осы құла қасқа  аттың өзін мін,— деп атын берді.

Жылқыны айнала аяңдап Мейзекке қарай қаптата жайып келе жатқан Ғабдылдың алдынан көк айғырдың үйірі кездесе кетті. Ол қулық сары биенің желіні жетіп жүргенін білсе де, құлындайды деген ойында жоқ-ты, Сары бие бір жатып, бір тұрып, тыпыршып жүр екен, басында ауырып жүр ме деп Ғабдыл шошып та қалды,

Бірақ артынан оның толғатып жүргенін білді. Көктемдегіден гөрі қарнын салып, семіруге беталған көк айғыр да ұзын жалын төгілте, үйірінің арт жағын ала тоқ-тап жайылып келеді.

Жексембі атам «кейбір бие құлындарда қызғаншақ болады» деуші еді деп, сары биеден қашықтай, Ғабдыл жылқыньщ алдына келіп, бір дөңеске аттан түсті де, киімін шешініп, жылқы үстінен қаптап өткенше самал-дап отырды. Пырылдап жайыла қаптаған жылқының көбі Ғабдылдан өтіп, алды ұзап та барады. Бірақ жылқының бағана өзі айналған арт жағында шоғырланған тобы бір орнынан қозғалмаған сияқты. Және шетке шыққан бірлі-жарым жылқыны біреуі қайырып, тобына қосып жүр. Киімін киініп атына мініп Ғабдыл да сол жылқыға келді. Ол көк айғырдың үйірі. Мойнын салып бәрін иіріп тығып тұрған көк айғырдың өзі, Ғабдыл келе сары биені қарап еді, кұлындап қалыпты: әлі аяқтанбаған қоңыр Құлынына оқыранып, қасына таянған тай, құнанды құлағын жымитып қуып тастап тұр. Ғабдыл жаңа ұқты: көк айғыр үйірінен бие кұлындағанда қашан құлын аяқ-танғанша үйірін тырп еткізбей иіріп тұрады дейтін еді. Көк айғыр сол әдетін істеп, жас құлынды ортаға алып үйірін ұршықтай иіріп алыпты,

Ғабдыл көк айғырдың үйірін козғамай, жылқының алдын сол айғырдың үйіріне карай қайырып келді. Бұл кезде шілденің қысқа таңы да сызылып атып қап еді. Қулық биелердің құлынын тарпып тастайтыны болады деген, әкесі Мұқаштың бір сөзі есіне түсті де, Ғабдыл асығып көк айғырдың үйіріне келді. Ол келгенде сары биенің кұлыны аяқтанып, енесінің бауырына тығылып, тәлтіректеп жүр екен... Көк айғырдың үйірі де қанатын жазып, жайыла бастады. Таң ата Ғабдыл аттан түсіп демалып, ұйықтап кетті.

Ғабдыл оянса күн сәскелікке көтеріліп қалыпты. Жылқының алды ауылға қарай ойысып, тек көк айғырдың үйірі ғана аса ұзамай жатыр екен. Атына мініп, жылқыны жинастырып, Елікбайдың ық жағына қарай беттеді. Оңтайлы жирен айғырдың үйіріне қарай келді. Түннен аш шиырыққан құлақасқа атты жіберіп, басқа жылқы ұстап мінуді ойлады да, алдымен жирен айғырға ұмтылды. Аз жалтақтап барып тұра калатын жирен айғырды оп-оңай ұстап алды. Үстіне құрық алып мінгенде, жылқы қуатынын сезе қоятын оңтайлы айғыр ауыздықпен алысты. Ғабдылдың жирен айғырды мінгендегі ойы көк құнанды ұстап міну еді. Көк құнан тай күнінде аз ғана мініліп қана жіберілген, тарпаңдау және қашаған болатын. Оны ұстап мінгендегі ойы — сонау көктемде жұп-жуас айғырды ұстап міне алмады деген өзіне таңылған ұяттан құтылу... апасына, Жексембі атасына мақтану да бар.

Көк құнан көк айғырдың үйіріндегі ылғи құр дөнен, бестілердің тобында жүретін. Оларға құрық көтерді болды, құйрықтарын тіге безеді. Ғабдыл құрығын сездірмей, қырындап келіп көк құнанға тұра ұмтылғанда, жирен айғыр айқаса түсті. Айғырдың екпінінен сасып қалған Ғабдыл құрығын серпіп салам дегенде бауы оралып құ-нанға ілінбей қалды, Шүу дегенде сасып калған кұнан бұлтара қашты. Шұғыл жалтаратын жирен айғыр бұлтартпастан тағы жетіп айқасты. Айғырдың бұлтарған екпінінен толқып барып әрең оңдалған Ғабдыл бұл жолы да құрықты сала алмады. Бұлталақтағанына қоймайтын болған соң, көк құнан жылқының жиірек жеріне қарай қашты. Бір жылқыға кақтықпастан жирен айғыр көк құнанды қабырғалап босатпады. Бағанағыдай емес, айғырға тақымы үйренген, құрық қолына қалыптанған Ғабдыл бұл жолы құрықты құнанның жіңішке мойнына тастап жіберіп, құлақшекесінің түбінен бұрап тартып қалды. Шынашақпен бірге айналып құнанды қабырғалап алған жирен айғыр құнанға құрық создырған жоқ. Ғабдыл да құнанды икемдеп құрығымен билеп алды, ат үстінен ноқталап, құрығын босатып, сақтық та істеді.

Жирен айғырды жіберіп, көк құнанды ерттегенде, асаусып қалған тарпаң құнан мінген кезде тулар деп Ғабдыл сескенген еді, бірақ құнан мөңкімей түп-түзу жүріп кетті...

Жылқы ауылға келгенде, бие байлауға, қауға тартуға шыққан Исатай, Жексембі, Ғайни — бәрі Ғабдылға таңырқап қарасты.

- Қарағым, жолды екенсің, қулық сары биені аман құлындатыпсын ғой... Көк құнанды қалай ұстап мінгенсің? — деп Исатайлар бәрі таңырқасып жатыр. Ғайни де баласының жігіт болып, күзетке жалғыз барып келгеніне, тарпаң құнанды өзі ұстап мінгеніне куанғандай:

— Ағасына тартса, жылқыға үйір болса керек қой,— деп жымиды...

Ғабдылдың жылқы күзетіне баруы жиіледі. Құдық аршығаннан бері Жексембінің ескі «желі» ұстап, белі шойырылып, күзетке бара алмады.

Ай кешігіп туатын өліара таянған еді. Күндіз жел жоқ, тымырсық ыстық болды. Жаздай бөгелек көрмеген жылқы күні бойы үйездеп, кеш өрді. Ал кештің өзінде де жел жоқ, өте қапырық боп жылқы тынши алған жоқ еді.

Жылқыны Түлкібасының бұйратына карай беттетіп, жарау торы биенің елпілдеген аяңымен жылқыны қозғаңқырап келе жатқан Ғабдыл үйірінің артын ала самарқаулау жайылып келе жатқан көк айғырды көрсе де, ой бөле қойған жоқ. Жалғыз-ақ жүйрік кер биенің марқайып қалған қаратөбел құлыны тұлыптай торсиып енесін еміп жатқанын көрді. Ғабдыл құлынды: «Қандай тамаша ат болар екен!» — деп ойлады да, жылқының алдына

қарай айналды. Түлкібасының қияқты өзегіне кіре жылқылар күлтелі көк майсасын күртілдетіп тоқтай жайылды. Бұл кезде кешігіп туған ай да алыстағы Зорбас шоқысының иығынан асып, көтеріліп келе жатыр еді.

Ай жарығына арқа тұтқандай Ғабдыл өзектің бір жақ қабағын ала аттан түсіп, жантайып жатты. Аспан әлемінің ғажайып құбылысына айнала қарап, құс жолының жыпырлаған көп ұсақ жұлдыздарына аялдап, жылқы бағып отырғанын да ұмытқандай болды... Оның ойын бөліп жіберген жылқының бірден шұрқырасып кісінеуі еді, Жылқының үрке кісінеуінен сезік алған торы бие жер тарпып Ғабдылды зорға мінгізді. Жылқы кісінеген жаққа тұра шауып келгенде, шұрқыраған жылқынын ішінде құйрығы шұбатылып арсалаңдап жүрген қасқырларды көрді. Келіп қалған атты кісіден сырғып бір-екі қасқыр кұйрығы бұлаңдап тұра жөнелсе де, тағы бір-екеуі жүйрік кер биенің каратөбел құлынын тұра бастырып, жұлып кеткендей болды. Бар пәрменімен айқайлап құрығын көтеріп, қасқырға Ғабдыл да төнді. Құлыны мен қасқырдың арасына түсіп, кер бие де оқыранып, айнала шауып жүр. Ғабдыл қасқырды қуып кеткенде, жылқы иіріліп кісінеп қала берді. Жылқыдан шетке шыққан қасқырлар Ғабдылдың шырылдаған бала даусын байқап, бойсала кашпай, жалтақтай бұлтарып, жылқыға қарай қайта ойысты. Аузын арандай ашқан үлкен қара-көк арлан жалы күдірейіп, айқайдан сескенбей жылқыға тұра жүгіргенде, Ғабдыл да тура айқасуға батпай, катарласа шапты. Осы кезде тағы бір қасқыр Ғабдылдың артын ала жылқыға ұмтылған еді. Тайсалмай, таласа жүгірген екі қасқырға кезек жалтақтап, Ғабдыл да шошиын деді... Бірақ бағанадан бері көрінбеген көк айғыр жылқыдан бөлініп шығып, Ғабдылдан оза, қасқырларды тұра бастырды... Басы қатты ұшқыр биені Ғабдыл бұрып алғанша, көк айғыр екі қасқырды қуып ұзатып әкетті.

Ұзын, қалың жалы қабырғасын жаба, құлағын жымита, қасқырларды қуып бара жаткан көк айғырдың тұрпаты артындағы Ғабдылға киік қуған арыстанның бейнесіндей көрінді. Ғабдыл ұзамай жылқыға қайта оралды. Қасқырлардан шошып елең алып қалған жылқылар әлі тобын жаза қойған жоқ еді. Әсіресе көк айғырдың үйірі шоқтай болып иіріліп, кер биенің айналасында шұрқырасып жүр. Кер биенің өзі де құлынын бауырынан шығармай, осқырып тұр екен. Ғабдыл келіп енесінің бауырына кіріп тұрған қаратөбел құлынға үңі-ле қарады. Ай сәулесінец құлынның мінер жақ санының қоң еті жалбырап көрінді. Ғабдылдың жүрегі су ете түсті. Басқа жері сау ма деп алды-артына шығып қарап еді, басқа жара байқалмады. Әлден уақытта арқырап көк айғыр да жылқыға келді. Мал тыныштанып жайыла бастады.

Ет қызуымен білмеген қаратөбел кұлын жаралы аяғын сүйрете басып, әр жерге бір жатып, енесін де жөнді ембеді. Көк айғыр да құлыны жаралы көк биенің айналасынан ұзамай, қабағы түсіп, таң атқанша құлағын тігіп, әр жерге бір тұрып, оттамады. Қаскыр жаралап кетті ме деп көк айғырды да айналдыра қарап еді, ондай белгі байқалмады. Ғабдыл таң аппақ атқанша аттан түспеді. Бұл жылқыдан құлынды қасқыр тістеді деген жаманат ешуақытта болып көрген жоқты. Әсіресе, көк айғырдың касқыр жылқыға араласқанша бөгеліп қалғанына түсінбеді. Тіпті былтырғы бір боранда жылқы иесіз ығып, Шәку адырына барғанда, алты бірдей қасқыр айналдырып, сонда да көк айғырдың үйірінен бір жабағыға тісі тимепті десетін.

Аяғын сүйретіп, жүні жығыла жүдеген қаратөбел құлын енесіне ере алмай, кейіндеу келе жатыр еді. Ғабдыл құлынның қасына келгенде, өзінің кеше кешкі бір ойы есіне түсті. Ағасы жылқышы кезінде әскерге берген көк бесті осы кер биенің тұңғышы, мына қаратөбел құлынның ағасы болатын. Көк бесті де алғаш туғанда қаратөбел еді. Түлей келе көгерген. Мына қаратөбел құлын да көк бесті сияқты түлей келе каракөк   боп,  көкбестінің орнын басады деп қуанатын. Бұл ат болғанда мен де әс-керге берермін, Колхоздың жылқысы әскер мінуге жараса елдің мақтаны ғой... Ол болмады... Қаратөбел кұлынды қаскырға талатты. Жүре алмай ауырлауына карағанда, мал болар болмасы да екіталай. Мал болса да тыртық сан, ақсақ болады деп уайымдады. Оның үстіне: «Ұйқтап қалып, құлынды қасқырга тартқыздың!»— деп Исатай атасы мен апасы да сазайын береді ғой деп қорқып, осы жылқы бағудан құтылғысы да келді...

Ғабдыл бүгін күндегісіндей таңертең де аттан түсіп ұйқтамады. Тек шыр айналып, кер биеге келе берді. Әр жерге тұрып, қалшиып жайылмаған көк айғырдың салыңқы түрінен шошып, айналдыра қараған Ғабдыл қамшылар жақ қамыттығының көпсіп ісіп тұрғанын  көрді. Жылқыны ертерек ауылға қарай қайырып, ауру малдардың ыңғайымен жылжытты. Жылқының аса ерте келгенінен және үйірі суға түсерде алдында оқ бойы озып келетін көк айғырдың артта қалғанын ұнатпады. Оның үстіне кер биенің құлыны тоңқаңдап енесіне ілесе алмай келе жатқанын көрді. Исатай Ғабдылдың құдық басына жетуін күтпей-ақ қарсы жүрді. Өзі бұрыннан қорқып келе жатқан Ғабдыл өзіне тура келе жатқан Исатайдан қорқып, не істерін білмейді... Ол тіпті Исатайдың сабауына да мойындап қалып еді. Бірақ өмірі Исатай атасының кісіге қол көтергенін көрген де, естіген де жоқты. Дегенмен ойы неше саққа жүгірді. Бойы мұздап, өңі бозарып та кеткен еді... Алайда Исекең сабаған да, ұрысқан да жоқ, тек құлын мен көк айғырды көріп ренжіп:

—  Апыр-ай, көк айғыр дені сау болса, қасқырға құлын тістетпесе керек еді ғой, мынау меңдеп ауырған айғыр ғой, мынасы жаман жара болмаса неғылсын! — деп көк  айғырға  ере аяңдап, құдық басына келді.

Астауға түсе берген көк айғырды су ішкізбей Исатай ұстап алып, кербиені де құлынымен ауылға алып жүрді, Күндегідей емес, жабыға келіп үйге түскен Ғабдылға Ғайни ешнәрсе айтқан жоқ, тамағын берді де, құлын мен айғырды көруге шығып кетті.

—  Ғайни қарағым, жатқан-тұрған күшала бар ма?~-деп сұраған Исатайға:

—  Оны қайтесіз?—деген қабағын шытып Ғайни.

—  Мына қүлынның жарасына қайнатып жағайын деп едім.

—  Оныңыз жабайы ем ғой, қойлы ауылдан мал дәрігерін шақыртыңыз.

Малға жаны ашып, сасып қалған Исатай, есін жинағандай:

—  Жедел барып, Базарбайды алып кел,— деп бір ат-пен Жексембіні қой фермасына жіберді.

Биенің бас сауыны болмай-ақ Жексембі мен Базарбай да келді. Олар келісімен көк айғырдың топшысындағы ісікті ұстап-ұстап көріп: «тап соның өзі!» — десті, құлынның жарасына дәрі жағып, байлап болып.

—  Кеше кешке жылқы суарғанда көк айғырдың қабағын ұнатпап   едім,— деп Жексембі   қатты кейіп: -— Жануар, сау қалса   не қылсын! — деп   саруайым сала сөйлей бастап еді, Базарбай:

-  Жеке, уайымдамадыз, сырттан болған, әзір өндір шекке шапқан жоқ, түк етпейді. Қәзір өткір ұстара әкеліңдер,— деп өзі де шешініп жеңілтектенді. Жабылып көк айғырды жығып, төрт аяғын да буғанда, оның жаудыраған көзіне көзі түскен Исатай жасқанып, теріс айналды. «Я сәт!» деп Базарбай ісікті тіліп жіберіп, күлтілдеп қалған жалқаяқты сылып алып тастады да, креолинмен жараны жуып, ішіне дәріні толтыра салып, жібекпен тігіп тастады. Көк  айғыр  орнынан қиналып  барып әрен тұрды.

Базарбай аттанарда:

—  Бүгін су татырмаңдар, сәті түсіп ем қонса, басқа жеріне қашпай тоқтайды, айғырдың өзі де жұлдыз шыға отқа карар, көп емес, аздап жетектеп оттатыңдар, сол кезде суды бір жұтқызып қана қоярсыңдар! — деп қойына қайтты.

Ғабдыл осының бәрін көріп қорқып та, қуанып та жүр. Ол бір кезде Жексембі атасына келіп:

—  Қаратөбел құлын жазыла ма, саны кем болмай ма, ақсамай ма? — деп сұрады.

-  Жарасы онша үлкен емес, түк те етпейді, бір жұмада жазылады,— деді.

Ғабдыл қуанып кетті

Жылқы фермасы қоныс жаңалап Тоқымтыққанға қонды. Жаздың ыстығы қайтып, күздің қоңыр желі еседі. Бұрынғыдай емес, жылқы күндіз де ұзап өрістеп кететін болды. Өріске кеткен жылқыны қайырып келе жатқан Ғабдыл көк айғырдың үйірін аралап жүрді. Жарасы әлдеқашан жазылған көк айғыр өзінің қалыпты күйіне түсіп, ұзын жалын төгілтіп үйірінің ішінде жүр. Саны жазылған қаратөбел құлын да құлын жүні түлеп, төбелінен бастап мойнына қарай көкшіл тартып, көк бестіден айнымай өсіп келе жатқанын аңғартады.



Қаратөбел қүлынды көргенде Ғабдылдың ойына Ысқақ ағасының кек бестісі түсті. Өзіме қаратөбел кұлын ат болғанда Ысқақ ағасындай келісті ат қылып мінермін деп ойлады. Қаратөбелі кұлынды қасқыр тартқан күні жасыған көңілі кайта тасыды. Алдағы үміт алыстан тағы күлеқарады, Әндетіп жылқысының алдына қарай айналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет