«Тілім, дінім, тарихым бар еркіндікпен есілген, Қазақ елі, асқақтай бер ұлы достық көшімен» гуманитарлық пәндер апталығының өтуі туралы



бет1/15
Дата19.05.2017
өлшемі1,6 Mb.
#16458
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
«Тілім, дінім, тарихым бар еркіндікпен есілген,

Қазақ елі, асқақтай бер ұлы достық көшімен»

гуманитарлық пәндер апталығының өтуі туралы хабарлама

(13-18 ақпан)

Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелері негізінде көрсете білді.Бұл апталықтың негізгі мақсаты тәуелсіз, егемен ел халықтарының меймандостық, бауырмалдық қасиеттерін паш ету. Достық сезім, ынта- ықыласпен жалғасқан көш керуенді білім-білік, өнегелі тәрбиемен ұштастыру.Бұл ретте гуманитарлық кафедра мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізді.

Сабақтар барысында интерактивті тақта, мультимедия, т.б. техникалық құрал-жабдықтарды да оңтайлы пайдаланды.

Оқытудың озық технологияларын, әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалана білген ұстаздар сабақтарына талдау жасап, олардың іс- тәжірибелерін гимназия ішінде және облыс көлемінде тарату мақсатын көздеген апталықтың міндеті де –осы.Апталық барысында жекелеген мұғалімдердің ашық сабақтары, тәрбиелік шаралары: кездесу кеші, әдеби кештері өткізілді.



Қуандықова Эльмира Абай қара сөздерінің идеялық мазмұны мен стильдік ерекшеліктерін ақын өлеңдерімен байланыстырып, 9 а сыныбында «Дананың сөзі-ақылдың көзі» тақырыбында танымдық- шығармашылық бағытта ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында Абай қара сөздерінің түрлері, стильдік ерекшеліктеріне тоқталып, негізгі мәселе көзі етіп тәрбиесі жетілген толық адам қалыптастыру идеясы н өзекті мәселе етіп алды. Сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек» тобына бөліп, «Екі жақты түсіндірме күнделік», «Диалог- журнал» толтыру арқылы шығармашылық жұмыс түрлерін орындатты. Оқушылар арасында пікір туғызатын «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», «Би екеу болса, дау төртеу болады», «Оқу инемен құдық қазғандай» тақырыбында ой бөліс өткізілді. «Тосын сұраққа еркін жауап» үлгісінде де оқушылардың сөздік қорын байытып, ой еркіндігін шыңдайтын тапсырмалар берілді. Сабақ өз мәнінде өтті,оқушылар түгел қатысып, тиісті бағалар қойылды.

8 а сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұқашева Г



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет