«Тілім, дінім, тарихым бар еркіндікпен есілген, Қазақ елі, асқақтай бер ұлы достық көшімен» гуманитарлық пәндер апталығының өтуі туралы



бет8/15
Дата19.05.2017
өлшемі1,6 Mb.
#16458
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Тарих пәні мұғалімі Уралова Г 8 сыныпта «Ұлы жүздің Ресейге қосылуы» тақырыбында өткен ашық сабағымда деңгейлік және жетелеуші тапсырмалар арқылы оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруды мақсат етті.

Кешенді сатылай талдау жұмыстарын жетілдіру барысында бірнеше тапсырмалар құрастырылды . мультимедия пайдаланып, жекелеген оқушылар слайд- кестелер құрып, талдау жасады. Күй өнерімен байланыс жасалды. Даталарды, тарихи тұлғаларды, байланыстырып, сәйкестендіру, үлестірмелі карточкалармен жұмыс жасау деңгейлері тексерілді.

Сабақ құрылымы, жоспарды құру жүйелі.оқушылар түгел сабаққа қатысып отырды. Мұғалімнің сатылай кешенді талдауға негізделген кестелері әр сабақта жүйелі пайдаланылды. Көрнекілік презентация- слаид, электронды

оқулық таңдаған дискуссиялық картасы, графикалық диктанты, үй тапсырмасын беру ауқымы сабаққа қызмет етіп тұр.

Ағылшын тілі мұғалімі Таженова А 9а сыныбында «Famous people» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: оқушыларға әр елдегі атақтың адамдардың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Сабақта слайдтар, интерактивти тақта, карточкалар пайдаланды.Әлемдегі ең, ең танымал тұлғаларды таныту және олар туралы жан- жақты мәліметтерді ағылшын тілінде айтып жеткізе алатындай дәрежеде оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды негізгі мәселе етіп алды. Сабақта слайдтар, интерактивті тақта, карточкалар пайдаланылды. Электрондық оқулықтағы тапсырмалар интерактивті тақта арқылы орындатылды. Ағылшын тілінде танымал әндер тыңдалды . Сабақ ауызша журнал түрінде өткізілді.

Ағылшын тілі мұғалімі Амангелдиева Б 8 б сыныбында өткізген «Life in Britain» сабағында жаңа технологияның бір түрі Венн диаграммасы арқылы Британия еліндегі балалар мен Қазақстанда тұратын балалар өмірін салыстыру арқылы оқушылар шығармашылығы, сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Интерактивті тақтаны қолдана отырып, жаттығулар жасалды. Британия елі туралы слайдтар көрсетіліп, тақырып нақты фактілермен түсіндірілді. Карта пайдалану арқылы пәндік байланыстар жасалды.СД арқылы балалар берілген мәтінді тыңдап, сол мәтіндегі сұрақтарға ауызша ағылшын тілінде жауап берді. Оқушылар тыңдауды, өз ойларын жеткізе білуді үйренді. Пазла құрастыру арқылы жаңа сабақта өткен сөздерді қайталап, аударма жасады.Оқушылар шығармашылығын қалыптастыруда «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында кейіпкерге сипаттама берілді. Сабақ соңында ән айтылды. Сабаққа оқушылар жақсы қатысты.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейталиева Г 11 б сыныбында Пастернактың өмірі мен шығармашылығы тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында Пастернактың әдебиет әлеміне келу жолы, ақындық, жазушылық кезеңімен қатар жеке бас өміріндегі сан түрлі тағдырларын оқушыларға жеткізу басты мақсат болды. Сабақта интерактивті тақта, композиторлар Чайковский, Скрябин, Бахтың туындылары пайдаланылды. Оқушылардың жас ерекшелігі, қабілеттері ескеріліп, сабақ барысында талданылатын материалдар алдын-ала үй тапсырмасы ретінде беріліп, оқушылар түрлі үлгіде дайындалып келген. Слайд-преентайиялар арқылы өз жұмыстарын қорғады.Оқушыламен жүргізілген диалог- сұхбат та өз нәтижесін берді. Сабақтың шешуші кезеңінде оқушылар «Свеча горела на столе» өлеңін жатқа оқып, осы тақырыптағы романсымен салыстыра талдады.Оқушылардың өз ойларын орыс тілінде, жеткізе білулері, ғылыми ізденіс нәтижелері ескеріліп бағаланды.

Дармұханова А 9 в сыныбында «Құқық және оның пайда болуы» тақырыбында өткізген қайталау сабағында оқушылардың іздену- зерттеу істеріне ерекше мән берді.сабақ барысында қорытынды қайталау сұрақтары «зымыран сұрақтар» үлгісінде жауап алынды. Тәуке хан, Қасым, Есім, Шыңғыс хандардың заңдар жинағын саралап талдады.

Сабақтың әр кезеңінде ҚКСР Конституциясы мен КСРО Конституциясына салыстыру жұмыстары жүргізілді. «ҚР азаматтық туралы» заңын оқушыларға жете түсіндіру үшін ситуациялық тапсырмалар берді.Сабақ қорытындысында сауалнама жүргізіліп, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылығына баға берілді.Сабақ тартымды өтті.

«Арманы асқақ, мақсаты биік, талабы таудай жастармыз.

Өнер жолын, білім көшін болашаққа бастармыз»

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттерімен өткен достық кездесу кеші де өте әсерлі болды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті қазақ тілі кафедрасының доценті Махимова Жұмазия және Атырау мемлекеттік университеті студенттерімен өткен кештің І бөлімі «Сәлем-сөздің атасы» деп аталды. Бұл бөлімде екі топ әзіл-сықақпен, жеңіл күлкімен өз топ мүшелерін және оқу орындарын таныстырса, «Туған жердің әнге қосқан бақытын, Ақындарым-жауһар жырлы жақұтым» деп аталатын бөлімде сайыскерлер Атыраудан түлеп ұшқан ақындардың туған жерге сағынышын өлеңмен өрнектеді. Мұрат, Махамбет, Хамит, Әбу, Жұмекен, Фариза,Нұралы,Қадыр ақындардың өлеңдері оқылып, Т. Досымовтың, М. Ершуованың әндері шырқалды. Әдеби компазиция түрінде сахналануы тиіс бұл бөлімде гимназия оқушыларының дайындығы ерекше көзге түсті.

Мұхтар драмматургиясы бойынша сахналық көріністер көрсету де өте әсерлі болды.

«Сөзмерген », сауалнама тапсырмаларын беру арқылы да оқушылар білімі, білігі сынға түсті.

«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,тауып айтқан сөзге шың жетпейді» деп аталатын соңғы бөлімде 1.Қалауын тапса, қар жана ма?2.Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді ме? Сынды сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушылар «Достық көпірінде» өз туындыларын кезекпен таныстырып, (прозалық, поэзиялық) шығармашылық үндестік орната білді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет