Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сапиева А «Найзағайлы қара бұлттан от алған», азаттықтың арынды ақыны Қасым шығармашылығын қорытындылауды дөңгелек үстел түрінде өткізді. Қазақтың қыран ұлы Қасым тағдырын сөз еткенде, майданнан «өлмес өмір өлеңін» айтып қайтқан ақынның туған жерге деген ыстық сезімі, сағынышы арқылы туған жерді сүю идеясы сөз болды. Қасымның патриоттық үлгідегі өлеңдері талданды, бүгінгі өмірмен өзектестірілді. Оқушылар қызығушылығын арттыру мақсатында «Қасыммен сырласу» «Қазақстан» телеарнасы дайындаған видео- ролик көрсетілді. Сабақ барысында жетекші сұрақтар арқылы оқушылар тарихшы, зерттеуші, әдебиеттанушы,өнертанушы,сарапшылар болып,өз пікірлерін ортаға салды. Қасым шығармаларындағы Абай, Пушкин, Мұқағали өлеңдерімен өзектестігі, үндестігі талданып,теориялық талдаулар жасалды.шығармашылық тапсырмалар орындалды, оқушылар «өзге емес, өзім айтам, өз жайымды» тақырыбында өз туындыларын шығарып, сергіту мақсатында Қасым әндері шырқалды. сынып оқушыларының сабаққа дайындығы, өз беттерімен ізденісі, шығармашылық жұмыс жасау деңгейлері өте жақсы. Сыныптағы да ақындық қабілеті бар оқушылар Жұмашев, Лесов,
Қайыржанова, Райсова сынды оқушылар сабақты поэзия кешіне айналдырды деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |