Жоспар: Кіріспе КӘсіптік шеберліктің ҚҰрамдас бөлігі педагогикалық Қарым-қатынас негізгі бөлім



бет1/4
Дата29.04.2020
өлшемі28,72 Kb.
#65106
  1   2   3   4
Байланысты:
рефарат пед


Жоспар:

Кіріспе

КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Негізгі бөлім

  1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні

  2. Педагог пен тәрбиелеуші арасындағы кәсіби қарым-қатынас. Қарым-қатынас педагогиканың негізі жөніндегі ұғым.

  3. Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары

  4. Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стиль

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуынан, қарымқатынастан тұрады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінеміз? Қарым-қатынас ұғымы - адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті. Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы қарым-қатынасты бөліп қарауға болады. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы аса бір жылылықпен еске түсіндіруі жиі кездеседі. Бұл қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттің тәрбиеленушіге сәтті ықпал ететіні сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, келісімі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдауы өте маңызды. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойынша өзімен әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушінің жан дүниесінесаңырау болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандақ қасиеті» айқын көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен әңгімесі өзінің монологын, ал мазмұны ескертумен толы болады. Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне «мен» ұғымын ендіру. Бұл оңай емес, өйткені өзіңе ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет. Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастырғанда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген адам баласымен қарымқатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беру қажет. Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарымқатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдениетін талап етеді. Сөз жүйесі, сөйлемдер айтылуы тез әрі түсінікті болуы шарт. Оқыған адамдар тез түсініп, дәл қабылдай алатын болу керек. Ең бастысы - іскерлік қарым-қатынаста екі жақты пікірдің келісім табуы. Білімділіктің, кәсіби шеберліктің жемісі ең басты нәтиже болмақ. Ол үшін: 1) сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылуы; 2) уақытты шебер пайдалану; 3) істің жоспары, шарты, заңдылығы болуы; 4) мұғалім білім, білік, кәсіби шеберліктің шебері болуы; 5) құқықтық білімнің болуы; 6) сөз мәдениетін меңгеруі; 7) азаматтық, адамгершілік тәртіптерді қатаң сақтау; 8) әдеп нормаларына сай жүріс-тұрыс, киім кие білу мәдениетіне мән беру. Сыныппен алғаш кездескен жас педагогтар, жаңадан үйретіп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер сыныппен қарымқатынас жасаудың қиын екенін айтады. Педагогикалық практика кезінде мынадай сұрақтарды жиі естуге болады? «Балалармен қалай сөйлесу керек?», «Әзіл айтуға бола ма?», «Балалар неге тыңдамайды?», «Бұйығылық пен ұялшақтықты қалай жеңуге болады?» т.б. Осы сұрақтардың барлығы - педагогикалық қарымқатынасты меңгере білмеудің нәтижесі. А. С. Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің практикамда, сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке тұрмайтындар» қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай дұрысотырып, қалай дұрыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және осы болуы тиіс». Балалармен педагогикалық өзара әрекетте ұсақ-түйек жоқ барлығы да, көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы және т.б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлік пен қарым-қатынас жасаймыз. Өз тобыңда мынадай жаттығу өткізіп көр: екеуара жұптасып, әр нәрсе туралы әңгіме-дүкен құр (фильм, кітап, заттар т.б.). Ал енді сонда отырғанның біреуі аудиторияға шығып, барлығының алдында жаңағы айтқан сөздерін қайталап көрсін. Сонда қарым-қатынас жүйесінде қандай өзгеріс болғанын сіз бірден сезінесіз. Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай: 1. Әңгімені қалай бастауды білушілік. 2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу. 3. Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер. 4. Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түсінік. 5. Қарым-қатынас жүйесіндегі бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік,бірақ не екені-онша айқын еместік. 6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық. 7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі. 8. Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі. 9. Өзіңізді дұрыс түсіну үшін жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық. 10. Таңдаушыны қызықтыруға тырысу. 11. Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы. Байқаған боларсыздар, көпшілік алдында сөйлеу үшін қарапайым қарым-қатынасты барынша жаттықтыра түсу қажет. Тек осындай кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынаста, оған қоса балаларды шынайы жақсы көргенде ғана педагогикалық процестің бүкіл мәні айқындала түседі. В. А. Сухомлинский айтқандай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баулап алу өнерімен көрінеді«Балалараға іскерлікпен табанды түрде айтылған жақсы сөздің - деп жазды А. С. Макаренко, - орасан зор маңызды болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формаларымызда әлі де көптеген қателіктердің болуы, сірә, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет». А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің және басқа да көрнекті совет педагогтарының қызметін үйрену, озат педагогикалық тәжірибелер мынаны көрсетеді: балалармен өте оңтайлы қарым-қатынас жасай білу көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді. А. С. Макаренконың педагогикалық тәрбие ықпалындағы тамаша үлгілері; В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жұмысындағы адамдармен қарым-қатынас жасаудағы әдептілік пен нәзіктік. Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Қарымқатынас ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады. «Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға алғаш рет А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым. Психологияда ең алғаш рет А. Ф. Лазурский тұлғаның қарымқатынасын проблемасын адамның мінезімен байланыстырды. Ол қарым-қатынастың 15 тобын талқылап жіктеуі, яғни, қоғамға, табиғатқа, адамға, өзіне-өзі, т.б. Ал В. Н. Мясищев, А. Ф. Лазурский көзқарасын дамыта отырып, тұлға қарым-қатынасының психологиялық анықтамасын жасады. Адамның психологиялық құрылымы санасымен, өмірге қатынасымен анықталады. Саналы тұлға қарым-қатынастың күрделі динамикалық жүйесін білдіреді. В. Н. Мясищев қарым-қатынас түсінігінің маңызын аша отырып, психологиялық тұлғаның белсенді, таңдамалы бағытының, ісәрекетінің сипатын, мінез-құлығында көрінетін ерекшелігіне талдау жасайды. Сондықтан, қарым-қатынас адамда шындықтың объектісін танып білудің нәтижелерін, қатынасын психикалық ерекшелік ретінде түсіндіреді. 107 Қарым-қатынас сипаты қоршаған шындыққа тәуелді келеді, оның ортамен, дүниемен байланысын білдіреді, ішкі дүниесінен көрініс береді. Қарым-қатынас жүйесі адамның жеке дамуының жемісі болып табылады. Осы тұжырымға сүйене отырып, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі анықталады. Ол тұлға аралық қарым-қатынас байланыста дамиды. Тұлға аралық өзара қарым-қатынас мәдениет проблемасымен ұштасып, жеке тұлғаны дамытудың бағыты негіздей алады. Дүниенің адаммен арақатынасын білдіретін құбылыстар жиынтығы. Адам қоршаған ортаға еніп, ерекше мәнге ие болады, сонымен бірге, жеке тұлғаның дамуының маңызды бөлігі оның мәдениеті қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет