Мәдениеттің қалыптасуы қарым-қатынас тыс болмайды, сол себепті қарым-қатынастың механизмдері де бұл жағдайда белгілі орын алады. Педагогика ғылымында адам қоғамының басты құндылығы және қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты мәдени-рухани құндылықтармен ашылады. Сонымен қатар, жеке адам танымның, қарым-қатынастың, шығармашылықтың белсенді субъектісі ретінде беріледі. Мәдениет компоненті ретінде білім өз кезегінде мәдениеттің тасымалдаушысы, оның өмір сүрунің, сақталуының, кеңеюінің басты шарты. Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтану процесі жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындауы мен дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам тек қарым-қатынас процесінде ғана жеке тұлға болып қалыптасады, өзі үздіксіз қатынас жасайтын қоғамға кіреді. Коммуникация процесінде әрбір адам өзара әрекеттің белсенді субъектісі бола отырып, олармен қатынасты дамытады, тереңдетеді. Ал коммуникативтік іс-әрекетте жеке адамның өзін- өзі тануы мен нақтылауы, ішкі мәдени дамуы жүреді. Қарым-қатынас – адамдар арасындағы дыбыстық-белгілік (сөздік) өзара іс-әрекет; оның барысында және соның көмегімен ақпараттар алмасу, қатынастар орнату мен қалыптастыру, кімнің болса да іс-әрекетін басқару жүзеге асады. Қарым-қатынастың жетекші түрлері – тұлғаның дамуының сол кезеңіне сәйкес, адамның негізгі тұлғалық қасиеттерінің 108 қалыптасуына әкелетін, қандай да бір жас кезеңіндегі қарымқатынастың басым түрі. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық қызметтің өнімділігі көбіне мұғалімнің педагогикалық қарымқатынас технологиясын меңгеру деңгейіне байланысты. Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде кездесіп отыратын түрлі қиыншылыктардың болуы мүғалімнің балалармен дұрыс қарымқатынас ұйымдастыра алмауынан туындайды. В. А. Кан-Каликтің мұғалімге арналған педагогикалық қарым-қатынас технологиясы кітабында: тәрбиенің тиімділігі баланың бойында қандай қасиет тәрбиелегіміз келетінін білу, сол бағытта жағымды қарым-қатынас тудыруға тәуелді делінген. Бұл жинақталған қарым-қатынас механизмі аркылы қалыптасады. Сондықтан да әр мұғалімнің алдында педагогикалық қарымқатынас технологиясын меңгеру міндеті тұр. Педагогикалық кызметпен байланысты қарым-қатынас - бұл оқытудың міндеттерін шешудің құралы, әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етілген білім беру процесі, педагог пен балалардың оқыту мен тәрбиенің жетістікке жетуіне жағдай жасалуы. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясының жоспардағы ерекше шығармашылық типі ретінде ақпаратты бере алуда, оқушының жағдайын түсінуде, балалармен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруда, қарым-қатынас серігіне әсер ету өнерінде, өзінің психикалық жағдайын басқара алуда көрініс табады. 116 Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесі коммуникативтік міндет жүйесі ретіңде берілгендіктен, педагогикалық карым-қатынас технологиясының мәнін «коммуникативтік міндет» ұғымымен түсіндіреді. Коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттен шығады, дәл сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, варианттарды және оның ішінен тиімдісін таңдау, коммуникативті әрекеттесу және оның нәтижесін талдау. Педагогикалық міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог салаларға сәйкес қалыпты қарым-қатынас технологиясын қолданады, соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады. Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандырудан құрылады. Баяндау түрлері: өзінің баяндауы, мәлімет беру, хабарлау, атап өту, жауап, жеткізу, рапорт және т.б. Ынталандыру түрлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма, шақыру, өтініш, уағыздау және т.б. Коммуникативтік міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің -қызметі белгіленген: - ынталандырушы - жауап беруші - бақылаушы - ұйымдастырушы Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері келесі негізден құралады: 1. Қарым-қатынас жағдайында бағдар көрсету кезеңі келесі компоненттерге сүйенеді: 1) педагогтың қарым-қатынас стилін сезіну, осы ұжыммен болатын қарым-қатынастың ерекшеліктерін ойша құрастыру - коммуникативті есте сақтау; жаңа коммуникативтік қызмет жағдайында карым-қатынас стилін анықтау; сыныптағы жағдаятқа және ағымдағы педагогикалық міндеттен шығады. Мұнда соның негізінде сынып, балалар тобы немесе жеке тәрбиеленушілер қатыса алатын қимыл-қозғалыс объектісін нақтылау жүзеге асады. Өзіне көңіл аударту кезеңі әртүрлі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Олар мына варианттарға бөлінеді: сөздік-вербалдь қарым-қатынас, өзіне көңіл аудартудың ішкі белсенді талабы мен үзіліс, белгі-кестелерді, көрнекілікті ілу, тақтаға жазу. Пайдаланатын құралдары бойынша: вербальды қарым-қатынас – тіл, сөз арқылы қарым-қатынас жасау; ал вербальды емес – басқа 117 адаммен немесе адамдар тобымен сөзді пайдаланбай белгілер, символдар, ым, ишара, пантомимика арқылы қарым-қатынас жасау. Нақтылау кезеңінде педагог алдыңғы кезеңдерде жинақталған қарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді нақтылайды. Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға тырысады. Коммуникативтік міндетті шешудің негізгі кезеңі - вербальдь қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынасты жетістігі, педагогтың жақсы вербальдық еске сақтауыш байланысты, жарқын нақты сөйлеу, тілдік әдістерді дұрыс таңдай білуі, ақпаратты беру мәтінін логикалық түрде құрастыра білуі интонациясына байланысты. Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезеңі – кері мазмұнды және эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Кері мазмұнды байланыс қатысушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы ақпарат” береді. Ол фронтальды және шұғыл жеке сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау арқылы жүзеге асырылады. ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдарының тоғысында “педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды ХХ ғасырдың 70-жылдары Т. Н. Мальковский қарымқатынастың коммуникативті аспектісін, А. В. Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В. В. Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді. ХХ ғасырдың 80-жылдары А. А. Бодалев, В. Я. Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. Ал, А. А. Леонтьев, Н. А. Березевина, Я. Л. Коломинский, С. В. Кондратьев, В. А. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас ұғымын қарастырды. В. А. Кан-Калик қарым-қатынастың психологиялық мазмұнын, құрылымын, стилін, кезеңдерін анықтады. Педагогикалық қарым-қатынас “педагогикалық шеберлік” пәнінің аясында оқытылды. Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі. Педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметтік нормативті формасы. 118 Педагогикалық тәжірибені талдай отыра, тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г. М. Андреева бойынша) - Коммуникативті - Интерактивті - Перцептивті Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі: - әлеуметтік - психологиялық - инструменталдық Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар: - Байланыс орната алмау: - Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау; - Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау; - Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу; - Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау, коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады. Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру. Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер: - Ақпаратты беру іскерлігі; - Оқушы жағдайын түсіну; - Балалармен өзара қарым-қатынас орнату; - Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі; - Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникативті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.