Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет99/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
 
Қазақ әдебиетінде өткенге шолу жасап, болашаққа бастайтын шығармалар өте көп. 
Солардың бірі – Абайдың «Қара сөздері». Бұл шығарма 1890-1898 жыл аралығында 
жазылып, жалпы саны қырық бес бөлікке бөлінген. Айтпақ ойын, діттеген мұратын, арман-
үмітін, толқытқан ой-пікірін, айналасына, замандастарына деген көзқарасын – бәрі-бәрін 
өлең арқылы-ақ айта алған, ақтара алған ақын Абай бір кезек поэзия әлемінен ауысып, проза 
дүниесіне көшуінде, әрине, себептер бар, негіз бар. Қазақтың көз-құлағы көп жаттықпаған 
сөз айтудың бұл түріне көшуінің бір себебін автордың өзі баяндайды. «Қара сөздерінің» 
бастамасында (1-сөзде) бұл әрекетін былайша түсіндіреді: «Ер ортасы жасқа келдік, 
қажыдық, жалықтық... Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба 
алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген 
кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді Құдай сақтасын! 
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері табар... Ғылым бағу? Жоқ 
ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді 
кімнен сұрарсың?.. Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық 
керек... Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де 
білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын?.. Ақыры 
ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек 
қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз 
сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым...». 
Ақын шығармашылығындағы бұл прозалық үлгілер жайында әр қилы пікірлер болып 
келді. Кейбір әдебиетшілер мен тілшілердің арасында Абайдың «Қара сөздері» көпшілікке 
ұсынылмаған, өзі үшін жазған, сондықтан оның көркемдігіне, тіліне зер салмаған деген 
сөздер болып келді. Ақын шығармашылығын ғылыми тұрғыдан терең зерттеген М. С. 
Сильчен- ко сияқты ғалым: «Қара сөздер» – ақынның қойын дәптері («записные книжки») 
дегенді айтады. Абай өзінің өлең сөздерінің көбі оқушы мен тыңдаушыларына үнемі 
түсінікті болмайтындай көреді, мұны ақынның өзі өлеңдерінде бір емес, бірнеше рет айтады: 
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық, 
Үзілмес үмітпенен бос қуардық... 
Немесе: 
Тыңдағыш қанша көп болса, 
Сөз ұғарлық кем кісі... 


106 
Сол себепті өлеңдерінде айтқан кейбір ойларын қайталап, қара сөзбен жазады. 
Өлеңдерінің әңгіме өзегі болған кейбір ой-толғамдарын, әсіресе адам баласының ұнамды-
ұнамсыз қылықтары туралы білген-түйгенін жаңа үлгіде айтқысы келеді [1, 565]. 
Абай мұрасын сан рет көшіріп, сақтап бізге жеткізген Мүрсейіт Бікеұлы, Жандыбайұлы 
өздерінің дәптерлеріндегі жазба дүниені «Ибраһим Құнанбай ұғлының ел мінездерін айтып 
жазған насихат сөздері» деп атайды. Ал «ел мінезі» деп отырғандары – «әділет, ақтық, 
турашылдық, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық, шындықты сүйгіштік және аярлық, 
бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өтірік-өсекке құмарлық, еріншектік» сияқты 
адам баласының, оның ішінде замандастарының мінез-құлықтары мен қадір-қасиеттері. 
Бұлардың бәрі ағартушылық, тәрбиелік мақсат көздейтін, адамгершілікке үгіттейтін әңгімеге 
апарады. Бір сөзбен айтқанда, Құдай тағаланың адам баласына бір-ақ рет беретін «өмір» атты 
ұлы сыйын бағалап, дұрыс «жұмсауға» шақырады: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. 
Екі ортада дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып, 
есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де таусылған күнде бір 
күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды», – дейді (4-сөзінен). Ал «дүниенің 
рақаты» – ақылды, арлы, мінезді, білімді болу деп есептейді: «Тегінде адам баласы адам 
баласынан ақыл, ғылым, ар мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым 
ғой демектің бәрі де – ақымақшылық» (18-сөзінен). 
Абай «Қара сөздерін» басқалар үшін жазғанын дәлелдеу үшін бірнеше мысал келтіріп 
көрейік. «Қара сөздердің» бірқатары (12, 13, 32, 43-сөздер), әсіресе 38-сөз жалпы 
көпшіліктен гөрі, оқырмандардың белгілі бір тобына арналған. Мысалы, 12, 13-сөздерін 
«иман» дегенді қалай ұғыну керек деп, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс ұғатын, теріс 
ұғындыратын дін қызметкерлеріне немесе жалпы «иманмен ісі бар» адамдарға арнайды. 32-
сөзін «білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға» жазады. Бұл жерде бастапқы шағын 
ғана білім-ғылымды емес, жоғары білім-ғылымды терең меңгерсем дегендерге айтқан 
насихаты болып табылады [1, 566]. 
Саяси жүйеге қатысты Абай либералдық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет